Жүрегімнің дәрігері дегенмін...

Таусылмайтын махаббат /
Біреуге көз, келбетіңді ұқсатып,
Жүрмін, міне, диуанадай күй кешіп.
Сағынышым жүрегімді қақсатып,
Жанарыма қонақтайды кейде шық.

Енді жүрек көріспейтін болса да,
Көңілімнен өшпей тұр ғой жалын от.
Саған деген кінәлаулар қаншама,
Сол секілді сағыныштың саны жоқ.

Әрбір жаннан сені іздеуден шаршадым,
Еріксізден қарасам да елеңдеп…
Қиналумен өтпесе екен бал шағым,
Үміттенген сені бірде келер деп.

Сені іздеуден талды мына қос жанар,
Саябақты сарғыш тартқан кезуден.
Бұл сырымды қалай ұқсын басқалар
Бір ащы мұң алмаса егер сезімнен…

Білсем- дағы көрмесімді енді нық,
Қиял-сенім қанаттарын қағуда.
Ауыртты ғой мына жүрек- белді жүк,
Емдеп берші сен жанымнан табыл да.

Өзіңменен жолығуды бұйыртса,
Тәңірге алғыс айтар едім егер мың.
Мен өзіңді жан дертімді емдейтін,
Жүрегімнің дәрігері дегенмін...

8 пікір

maulen
Жарайсың, дәрігер дұрыс ем салса жақсы ғой! Жаралы жанның дертің одан әрі ушықтырар болса… не қайыр!
kazakh_kyzy
Дұрыс айтасың…
Jako
Өлең ұнады, тек мына
Сағынышым жүрегімді қақсатып,
сөз тіркесіне түсінбедім,аяқ сырқырайды, тіс қақсайды, бүйрек шаншиды, жүрек сыздайды дейтін сияқты еді. Бірақ қалқам, Гүлмира сияқты атам осылай айтатын дей көрмеші)))
көбірек ұйқасқа мән берген ғой
Kan
Жақсы жазылған пікір келісемін
assiya_nurlybaeva
Жарайсың, Арай. Тамашааааа туынды. Жүрегіңнен шыққандығы көрініп тұр. Бірақ та, түсіну біршама қиынға соқты. Дегенмен, көңілден шықты) Алға, Сыр елінің сырлы қызы)
jalyn
Жарайсың Арай, керемет шығыпты!
Rayana
Өлең алғаш оқығанда қатты ұнады! Бұл менің радиода көп оқитын сүйікті өлеңімнің бірі.Алға Қазақ қызы!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.