Қайтып келмейтін себеп тап...

Таусылмайтын махаббат /

Сенсіз де атар таңым. Күнім батар. "Қайта орал" деп сұрамаймын. Кетсең кетші! Келмейақ қой! Кетуге ақыры себеп тапқан екенсің, қайтып келмейтін де себеп тауып ал ендеше.
Мен бәрін де жерлеп келгем. Махаббатымды да, сағынышымды да, құмарымды да… Бәрін, бәрін. Енді тірілмесі анық.
Енді несін сұрайсың? Ұқпаймын. Кезінде қызықтырмадым. Ендігі жерде сұрағаның орынсыз! Менің қандай күйде екенімді білудің мәні не? Маңызы қанша?
Өліп қалмадым. Өзіңсіз! Әлі де бармын. Ойың осы болды ма? Өзіңсіз бір күн де болмайды деп пе едің?
Өзім де солай ойлағам. Қателесіппін. Сен де қателестің. Мен бармын. Саған бұл ұнамаса да. Бармын. Бола беремін! Бары осы!

7 пікір

zhano_almuhambet
Сөз иесін табар… Мен осылайша қоштастым! Қай нәрсенің де қайыры бар екенін білем!
Jako
Ииий, Құдай-ай десеңші…
MSHERIMBEK
ұрыспаңызшы :)
zhano_almuhambet
Мәссағанннн менің агрессия шығып кетіпті ғо… Негізі ұрысқақ емеспін… Енді мүлдем ұрыса білмейм демейм… Тек анда санда. Байқамай. Негізі ұрыспаймыз ғо, біздер, қыздар, тек ұрысқа мәжбүрлейтін жігіттер болмаса))))
zhano_almuhambet
Немесе Фариза апамша айтсам, «Мен дәл сол күні өзгергем. Әншейінде еркелеу ем...»
maulen
Кетуге ақыры себеп тапқан екенсің, қайтып келмейтін де себеп тауып ал ендеше.
Не деген салмағы ауыр сөздер еді, шіркін!
Шынайы соққы болып тисе, сөз ұғар жанға қиынау…
zhano_almuhambet
Мәулен, сіздің ұғынғаныңыз, түсінгеніңізді білдім. Соны енді «біреу» де ұғып алса екен…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.