Махаббат, махаббат, махаббат

Таусылмайтын махаббат /
Әлемде қанша адам болса, сонша махаббат иесі, махаббат киесі бар болар, бәлкім?! Сол әлемнің кішкене ғана бөлігін мен құрайтыным да сөзсіз! Ал, енді мен өз махаббатым туралы айтайын… Әрине, бала махаббатым, пәк махаббатым, қосыла алмаған ғашығым жайлы. Қазақта "қызға қырық үйден тыю" дейді, осыны естіп, тәрбиемізге сіңіріп өстік. Бірақ та кез-келген нәсенің екі ұшы болады демекші, "қызым үйде, қылығы түзде" демей ме атам қазақ. Менде сол айтқандай, 11-сыныпқа келгенде, көрші ауылдың жігітіне ғашық болдым. Бастапқыда менсінбегенмен, кейіннен ғашық болдым, шын сүйдім. Бір-бірімізді бағаладық, сыйладық, көңілімізге қаяу салмадық. Өзімнен 1 жас кіші болатын. Мен мектепті тәмәмдап, алысқа оқуға кеттім. Ал ол ауылда қала берді. Арада 3 жыл өтті, бірақ біздің махаббатымызға еш дақ түспеді. Тек оның ата-анасын, туған-туыстарын қоспасақ. Бірақ оларды қалай елемеуге болады?! Сөйтіп олар қарсылық танытты. Бізде күрестік, бірақ қолымыздан ештеңе келмеді. Жолымыз екіге айырылды. Жылап-сықтап әрең қоштастық. Менің қазір өз сүйгенім, ал оның өз сүйгені бар. Бірақ бәрібір алғашқы пәк махаббат ешқашан ескірмек емес, ұмытылмақ емес. Кейде хабарласып тұрамыз. Дауысын есту не деген бақыт, не деген азап еді?! Бір-біріміздің даусымызды естігеннен-ақ, көз жасымыз дайын тұрады (анам айтқандай). Қазір де Аллаға шүкір бақыттымын! Бірақ алғашқы махаббаттың аты алғашқы екен. Әттең, бір болғанымызда ғой… Тағдырдың жазмышы деген осы шығар…

2 пікір

maulen
«Таусылмайтын махаббат» блогында, махаббаттың таусылмауын тағы бір дәлелдеп шыққан екенсіз. Қадыр Мырза Алі осы махаббатты 6 түрге бөліп қарастырады, қателеспесем, қарап көріңіз! Махаббатыңыз баянды болғай!
adaikyz
Рахмет, міндетті түрде оқып көремін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.