Махаббат мұңы

Таусылмайтын махаббат /
Таусылмайтын махаббат: Махаббат мұңыТерезеге қарап ойланып, тұрмын. Жер ананын сай саласын суға толтырып, аспанды көрсетпей токтаусыз жауған жаңбыр ойға талай естелiктердi тусiрдi. Алаңсыз жаңбыр суын кеше жүгiрген бала кездер-ай. Бұл күнi тек қана алыстан қол бұлғайды. Бала күнiмде жаңбырдың суына шомылып, мәз болушы едiм. Қазiр, көп нарсе өзгерiп, менiн өткен күндерiмнiң тамған көз жасы секiлдi, көрiнедi сол жаңбырлар. Жаңбырлы күн. Саябақ. Тып тыныш. Бiр-бiрiне ынтыққан қос журек. Күнасiз мөлдiр көздер. Арман мен бақыт аталатын ұзак жолда қол ұстасқан, жүрек түкпiрiндегi сөздерiн айткызбай ұққан, болашаққа деген үмiттерi мол ғашыктардан бүгiн саябакта бiр өзi отыр. Ия, олар екеу едi. Ол өмiрден өтерде сүйгенiн көп iздедi. Бiрак, ол бiлетiн едi. Аккуының ак орамал жауып, ақ босаға аттап, бұл күнде бiр сәбидің анасы екенiн. Терең бiр дем алып, ауру жайлаған денесiне карап күлiмдеген күйi Алланын мекенiне кете барды. Ия, хабар келдi. Ол өмiрден өттi. Бақытты күндерiнiң бiрiнде, кеудесiнен итерiп, қоштасуға асыққан сүйгенiн ендi ғана тусiндi. Бесiкте кеше ғана дуниеге келген баласына қарап үнсiз жылаған бойжеткен ақ жауынмен қосыла жылап тұрды.

3 пікір

yesbolat83
Дәмді әрі аз дайындалған тағам секілді екен жазбаңыз. Тоймай қалдым.
Ai_fariza
Коп тагам жасалса дамсiз боп, желiнбей калама деп корыктым
aizhoka-94
Жақсы жазыпсыз, оқыған адамға ой салады екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.