Ана махаббаты

Таусылмайтын махаббат /
Ана маххабаты
Таусылмайтын махаббат: Ана махаббаты

Айтыңыздаршы Анасыз тіршілікті елестетуге болады ма?, жоқ анасыз тіршілікте, арайлап атқан таң да бекер, бос. Ана-ардақты ат, анадарн батыр да туады, ақын да туады, бәрі ананың құрсағында жатып,өмірге келеді. Осы түнде анамды көз алдыма елестетіп, ананың қадірін, ананың әр баласына деген махаббатын естен шығармау керек екенін бар перзенттің есіне салуды жөн көрдім. Жасырмайық!, біз кейде анамызға қоңырау шалуға уақыт таппай, күн сайын амандығын сұрауға үлгермей жатамыз. Өз басым күнара болсада ата-анама қоңырау шалып, денсаулықтарын сұрап, жаңалықтарыммен бөлісіп хабарласуға тырысам. Жасырмаймын маған анам өте жақын.Әрине әке-асқар тауым,әкенің орны бір төбе. Дегенмен, ана жүрегі елжіреп сенің амандығыңды тілеп,-баламның тамағы тоқ па?,қаражаты жеткіліктіме?, киімі бүтін бе?-деп және тағы да басқа жағдайыңды ойлап, жүрегі тулап уайымдап болады. Соның бәрін біз ескеремізбе?, жоқ. «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада»-дегендей аналарымызға жиі құшақ-құшақ шоқ гүлдерін силап тұрсақта артық болмас еді. Ана махабаты ешқашан таусылмайды, таусылмасын, аналарымыз еш қартаймасын, анасы бар адамдар да ешқашан қартаймайды! "Әке-асқар тау, Ана-жағасында сарқырап аққан бұлақ, бала-жайқалып өскен құрақ"-демекші, аналарымызды ешқашан ренжітпей, беттеріне әжімді өзіміз салмай, аялайықшы,қолда бар алтыннан да қымбат аяулыларымыздың қадірін білейік, бағалайық достар!

5 пікір

ai85
Қадірлі оқырмандар! Мен сіздерден кешірім сұраймын,қобалжуымның салынанан жазбам екі рет жарияланып кетті, бұлда менің жақында қосылғанымнан, тәжіребемнің аздығынан деп мойындаймын, айыпқа бұйырмаңыздар!
Jako
Оқасы жоқ реттеп қойдым.
ai85
Рахмет көп-көп!
Jako
Аналар көз алдымызда жүрген кезде көбірек көңіл бөліп ыстық ықылысымызды танытсақ ешқайсымызға артық болмас еді, бірақ өкінішке орай күйбең тіршілікпен сол көңілі құрғырды сиретіп анамызды сағындышқа салатынымыз қай-қайсымызда да бар екені рас қой енді.
ai85
Иә ана әрқашан кешірімді, ананың жүрегі үлкен, мейірімге толы ғой бауырым!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.