Сезім сиқыры

Таусылмайтын махаббат /
Таусылмайтын махаббат: Алғашқы махаббат
… Неден бастарымды білмедім. Ойымдағы сан мыңдаған ойлардан өзімде шаршап кеттім. Біреумен ішкі сырымды бөліскім келді. Ойлайтын шығарсыздар неге достарына немесе жақын адамдарына айтпайды деп.

Қиындықтың бәрі сонда боп тұрғой…

Менің жақын досым жоқ. 11 сыныпта оқимын. Сыныптастарымда мені ұната бермейді. Бірдеңе керек кезде ғана, есептері шықпаса ғана естеріне түсемін. Ал өзіме айтар сыным жоқ. Керемет әдемімін деп айтпаймын, бірақ дене бітімім мен бет әлпетіме ризамын… Сабақтыда жақсы оқимын. Бірақ әлі күнге дейін жігітім болмады. Енді сол алғашқы махаббатым жайлы айтқым келеді…

9 сыныпта оқыған кезім… Бір 11 сыныпта оқитын ұлды ұнаттым. Жақсы сөйлесіп жүрдік. Менің көшемде тұрды. Оны жігітім ретінде елестетіп көрмедімда. Ағам сияқты жақсы көрдім. Бір жағынан барлық қыздар оны ұнатты. Өзін бәрі танитын, әдемі болатын. Одан кейін ол басқа қызбен жүрді. Бірақ мені жібермейтіндей көрінді. Бірақ маған бәрібір болып көрінді. Мен ол кезде онымен жақын аралассам, сыныптағылармен де қарым — қатынасым жақсарады деп ойлағанмын. Қандай ақымақпын...қазір күлкім келеді…

Ал ол жай ғана менің ойымдағы идеал адам болып шықты, менің оған деген мүлде сезімім болмапты. Ал сол алдамшы сезімнің кесірінен жадымда жүрген, әлі күнге ұнататын жанды байқамаппын… Ал енді мен өзімнің алғашқы махаббатым жайлы айтсам. Оның ұлты орыс. Олда біздің көшеде тұрады. Кішкентайымыздан бір бірімізді танимыз. Жай ғана тану емес, ол мен жайлы барлығын біледі. Қызық 5 сынптары орыс тілінен 3 болдым, қазір 5 ке шықтым. Орысшадан қиналмаймын. Оны да маған ол үйретті, бұрындары агенттен сөйлескенде орысша сөйлесетінбіз… Бірақ қазақшада жақсы сөйлейді. Оны көрген сайын жүрегім аузыма тығылады. 9 сыныпта 14 ақпанда түнгі 12 де кеп маған сыйлық беріп, маған сөз айтты. Мен о кезде оны өзімнің досым деп ойлап оған бәрін айтатынмын. Енді бір сәтте достығымыз да, арақатынасымызда үзілді… Сол кезде оған келіспегеніме әлі өкінемін. сол күйі араласпадық… ол болса сол жылы оқуға кетті. Кейін вкдағы парақшасын қарасам, басқа қызы бар екен… Сол күйі үмітімді үзгенмін…

Бірақ,))) осы жылы 3 тоқсанда ғойдим, аудандағы барлық мектеп оқушыларына бірге пробный тест болды. Сол кезде оны көргенде қатты таңғалдым. Ол бұрыннан орыс сыныбында оқитын. Ал біздің мектепте ондай сынып болмағандықтан, ол бұрыннан басқа мектепте оқитын, бұрындары біздің мектепке, қазақ сыныбына да ауысқысы келген, бірақ бір сынып төмен оқуы керек болғасын, ауысқан жоқ болатын… Содан кейін вкда сөйлесіп жүрдік. Қызымен ұрысып қалыпты, мен қатты қуансамда, оған татулассаңшы дедім, ол боса маған ренжіп қалдығойдім, маған сенімен ол туралы(кызы туралы) сөйлескім келмейді деді. Мағн қайтадан оралы дегендей болды, бірақ тікесінен айтпағасын менде ештене дей алмады, не дегенмен қыз баламынғой, бірінші болып айтқаным дұрыс болмас дедім. Бірақ сенімді едім оның маған деген сезімі өшпегеніне, бірақ олда сол күйі ештене айтпады, Содан кейін бұрынғы қызының жақын дос қызымен жүр кетті. Білмеймін, мені әлі ұнатасын сияқты көрінеді, бірақ істеген қылықтары басқаны көрсетеді. Бір рет көшенің басында кездесіп қалдық. Бірінші рет жеке..) қатты ұялдым. Мен ұлдармен де қыздармен де беттен сүйіп амандаспайтынмын. Ал ол мені құшақтағанда болып бетіммен сүйіп, амандасты. мен ол кезде бақытты едім. бір сәт қана болсады, сондай бақытты едім, сол бұрынғы көзғарас, сол бұрынғы кездердей маған қарап тұрды. түкте өзгермегендей еді…

Содан кейін сөйлеспейміз. Мен әлі түсінбедім оны. Артымнан жүгіретін балалар көп. Бірақ бәрі оған жетпейді, әлде мен бәрініңде оған ұқсағанын қалаймынба?! Бір қорқыныштысы, менің ешкіммен жүргім келмейтін себебім, көпке топырақ шашпай — ақ қояйын, бірақ, қазіргі таңда көптеген жандар бір — бірімен қосылып жатады, бірақ, артынан 1 — 2 ай өткен соң жолдары екіге айырылып, бір — бірін көрместей болып кетеді… Бірақ мен тек бір жанмен ғана өмірімнің аяғына дейін бірге болғым келеді. Ал сол адам маған қашан кездеседі екен, және де ол кім екен…

1 пікір

Kan
Сен әлі балалықтың тәтті қиялынан шығалмай жүрсің ау қарындасым. Өмір, адамдар сен ойлағандай бола бермейді. қиялыңнан бөлек, дегеніңнен тыс дүниелерге көп кезігесің әлі ең бастысы ағынға қарсы жүзіп үйренсең ойлағаның мен армандағаныңның бәріне қол жеткізуге болады.
Соңғы өңделген уақыты:
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.