Қызықты логикалық жұмбақтар

Математика әлемінде /
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді?

2. Айдынның Асқардан бойы ұзын, бірақ Жанаттан кіші. Кім ұзын?

3. Термометр аяз болғасын – үш градус көрсетіп тұр. Осындай екі термометр неше градус көрсетеді?

4. Бөлмедегі әр бұрышта бір мысықтан жәнеоған қарама-қарсы үш мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

5. Көшеде екі әкесі, екі баласы, және атасы немересімен қыдырып жүр. Көшеде неше адам жүр?

6. Суға қай кезде қолды кесіп алуға болады?

18 пікір

Sabions
1. білетін едім, ерініп отырм жазуға… ент боп жатыр ")

2. Жаннат
3. -3
4. 4 мысық отыр… (бөлменің әр бұрышында бір-бір мысықтан, сонда бір мысыққа 3 мысық қарсы болып көрінеді)
5. 3 адам
6.…
gulzhekon_98
2, 3, 4, 5 — дұрыс екен. Сізге +1 )))
Jako
1. Бірінші ешкіні өткізіп кері қайтады да.қасқырды өткізеді, енді қасқырды сол жағада қалдырып ешкіні өзімен қайтадан бастапқы жағаға әкеледі де, ешкіні осында қалдырып орнына капустаны алып қасқырдың қасына апарады.Сонан соң қайтып келіп ешкіні қайтадан кері өткізеді.Обшым ешкі ары-бері үш рет өтеді.не боп кетті өзі Құдай-ау.

6.Мұз болып қатқанда шығар.
gulzhekon_98
ал 6 сұраққа жауап өте-мөте дұрыс. сосын него ешкіні 3 емес 4 рет өткізеді. сізге +1
pari
Тәәк бірінші логикаңа жауап беріп көрейін, осы қалған сияқты шешілмеген
1. Жолаушының бір ешкісі, бір капустасы, бір қасқыры бар. Ол өзеннің бір жағынан екінші жағына екі орынды қайық арқылы өтуі керек. жолаушы ешкіні, капуста және қасқырды өзеннен қалай өткізді?

Тәәк былай очм шешіп тастайын, бірінші жолаушы қайықпен ешкіні арғы бетке апарады, сол кезде бергі бетінде капута мен қасқыр қалады,қасқыр капустаны жемейдіғой.тәәк сосын.бергі бетке келедіде капустаны аладыда арғы бетке барып капустаны тастап ешкіні бергі бетке қайта алып келеді, сосын ешкін тастап,қасқырды алып кетеді, арғы бетте капустамен ,қасқыр өтті, енді кері қайтып ешкіні апарады, болды бітті үшеуіде арғы бетке өтті! Дұрыс па?
gulzhekon_98
? Шешімі: Ол үшін үшеуін де қадағалаусыз қалмауы керек. Бірінші қатынағанда жолаушы өзеннің ар жағына ешкіні апарады. Екінші қатынағанда жолаушы қасқырды алады, капуста қалады. Өзеннің ар жағына жеткен соң қасқырды қалдырып, ешкіні қайтадан өзеннің бер жағына әкеледі. Үш қатынағанда ешкіні қалдырып, капустаны өзеннің ар жағына апарады. Капустаны қалдырады да, өзі бер жаққа қайта оралады. Төрт қатынағанда ол ешкіні өзеннің ар жағына шығарады.
Jako
Менің біріншіге жауабым дұқрыс екен ғой онда.
gulzhekon_98
тағы есеп берсем шешесіздер ме ???
qaraqyz
арине шешемиз,
пы/сы: жаксы корем есеп шыгарганды
Nursultan2002
2.Жанат ұзын.
4.4 мысық отыр.
5.4 адам қыдырып жүр.
Білетінім осы.
qaraqyz
1 биринши ешкини апарады, кайтып келип каскырды алып кетип, ешкини алып кетеди, капустаны алып кетип, ен сонында ешкини апарады))))))))))
qaraqyz
3 екеуиндеде -3 градус
4 4 мысык отыр
qaraqyz
5 екі әкесі, екі баласы, және атасы немересі (атасы оз баласымен, ал ол баласы озинин баласымен), сондыктан кошеде 3 адам жур))))
kema
6 ыстық кезінде)))))))))
1.бірінші қойды апарып қояды сосын қайтып барып қасқырды алып барып қойды қайтып алып келеді де капустаны алып кетеді сосын қайтадан келіп қойды алып кетеді.
2.Жанат
3. 3 градус
4. 4 мысық
5. 3 адам
6. мұз болғанда
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.