Тараздан табылған жәдігерлер
Айнала-төңірегі қоршалған жабық нысанның арғы жағында қазір қандай жұмыстар атқарылып жатқаны былайғы жұртқа белгісіз. Кеше ғана саудасы қыз-қыз қайнап жүріп тұрған көк базардың астында сан ғасырлық тарих көмулі жатыпты. Ғалымдардың болжамы дұрыс екен. Көне шаһардың цитаделі дәл осы ескі базардағы ет корпусы орнында болып шықты. Археологиялық қазба жұмыстары барысында бір метр тереңдікте моншаның қыш кірпіштен қаланған қабырғаларының сұлбасы топырақтан аршылды. Ыдыс-аяқ пен тиындардың сынықтары да табылуда. Мамандардың мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі күнге дейін табылған керамикалық ыдыстардың саны 33 мыңға жетіпті. Ғылым тілімен айтсақ, археологтар топырақтан аршыған жәдігерлер
ХІ-ХІІ ғасырлардағы қараханидтер кезеңіне тән.
Археологиялық жұмыстар одан әрі жалғаса беретін болса, ежелгі Тараз тарихы туралы тұжырымдар жаңа арнаға бет бұруы мүмкін. Алда қандай тарихи ашылымдар күтіп тұр? Зерттеу жұмыстарының ендігі бағыты қалай болмақ? Қазба жұмыстарымен арнайы барып танысқан облыс әкімі Қанат Бозымбаев ғалымдармен осы мәселе төңірегінде пікірлесті.
«Табылған қыш құмыралар түрлі пішінді. Ежелгі Иран, Түрік қолөнерінің қолтаңбасын тануға болады. Біреуі ат үстінде алып жүруге ыңғайлы. Қазіргі әскерилердің тағам, сусын құюға арналған ыдысына ұқсайды. Пішіні кәдімгі киіз үйді елестетеді. Ал, тиындар – түркештер мен соғдылардікі. Қола, күміс, алтыннан жасалған теңгелер де бар. Бұлардың барлығы – Тараз өңірінде мұсылман діні орнағаннан кейінгі кезеңнің жәдігерлері. Ендігі мақсат – мұсылман дінін қабылдағанға дейінгі дәуірлердегі тарихты ашу», — дейді «Қазақстан археология орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор К. Байпақов.
Өңір басшысы қазба жұмыстары әрі қарай қаржыландырылатынын айтты. «Осымен тоқтап қалмау керек. Қазір біз бұл бастаманы текке қолға алмағанымызға анық көз жеткіздік. Енді бұл жұмыстың аясын кеңейту жолдарын қарастырғанымыз жөн. Шетел ғалымдарының назарын аударып, халықаралық қорлардан қаржы тартуға тырысуымыз қажет», — деді облыс әкімі Қанат Бозымбаев.
Аталмыш жұмыстар жалғасын табу үшін алдағы уақытта басқа жақтан қаржы көздері қарастырылмақ екен. Көп кешікпей бұл жұмысқа шетелден мамандар да тартылмақ. Польша жерінде өткен Жамбыл облысының мәдениет күндерінде Тараздан табылған жәдігерлерге қызығушылық танытқандар көп болыпты. Тамыз айында поляктардың екі делегациясы Таразға қазба жұмыстарымен танысу мақсатында арнайы келмек көрінеді.
«Камбоджада өткен ЮНЕСКО-ның 37- сессиясында біз қазба жұмыстарының барысын баяндадық. Шетел ғалымдары қатты қызығушылық танытуда. Олар «бұл жұмысты тоқтатпай, зерттеуді жалғастыра беріңдер, сіздерді алда үлкен ашылымдар күтіп тұрғаны анық» деп кеңес берді», — дейді «Археологиялық сараптама» серіктестігінің директоры Дмитрий Воякин.
Қазба жұмыстары жүргізілген жерде археологиялық парк ашылмақ. Жұмыс осы қарқынмен жалғаса берсе, онда келешекте Тараз музейі бой көтеруі де ғажап емес.
Мамандар бұған негіз бар дейді. Қысқасы, Тараздағы «ұлы көштің» басы топырақ астында көмулі жатқан тарихымызды ашуға серпін беруде. Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижелі жүруі – соның айғағы.
Ардақ Үсейінова
[email protected]

10 пікір