Ақтауға астаналық көзқарас

Елді мекендер /
“Басы қатты болса, аяғы тәтті болады” дейді. Алдымен, кем тұстарын жаза кетейін. Ақтауда айтарлықтай 3 мәселе:

Су

Көше тазалығы

Аталар

Астанада да суды сатып алып ішетінбіз, бірақ, бізде әр жерде литры 5-10 тг аппараттар, одан қалса WaterLife, Хрусталь секілді суды тазартып сататын компаниялар бар. Мұнда жақын маңнан таппадық, 5л 240 тг алуға тура келеді. Бұл – ауыз су. Жуынатын су таңмен ауыз шайғанда бір түрлі дәм келеді. Жалпы, келгелі бірнеше рет душқа түсіп алдық. Ақсайдың суынан жақсы екен, болады)

Алғашқы күні түнде “біздің қала тазааа” деп таныстырып келе жатты, сол кездің өзінде асфальтсыз тратуарда келе жатқанбыз. Мен үшін қаланың ең үлкен кемшілігі осы көшелер болды. Арнайы суретке түсіргенім жоқ. Қасымдағы жолдасыма өзімнің жылауық екенімді көрсетіп қойдым ау дим)) Ақыры көніп келем, өз-өзімді сыйлау дәрежем күннен күнге түсіп келеді. Аяқ шаң-шаң, сүрініп-қағынып, бастапқы кезде аттап-аттап таза жерлермен жүретін ек, қазір “Мына жер тратуарға ұқсайды екен” деп баса беретін болдық.

Және бір мәселе – аталар. Жергіліктің халықтың айтуы бойынша Ақтауда 362 ата бар екен. Олардың басында тілек тіленіп, құрбандық шалынады екен. Бұл ырымдардың ислам дініне еш қатысы жоқ. Бұл менің сөзім емес, барлық мешіт имамдары, т.б. діннен хабары кісілердің бәрі растайды. Сондықтан, осында келіп жүрген мұсылман кісілерге осы жайлы нақты жеткізілсе екен деп тілеймін.

Ал, енді жақсы жақтарына тоқталып өтсек:

Қазақша

Алғаш келген түні Ақтау жастарының ортасында кеште болдым. Бәрі қазақша жібереді әңгімені. Арасында біреу орысша сөйлесе, “понт” сияқты көрініп қалады екен. Жастар қазақша сөйлесе, ары қарай да қазақша болады, ақтаулықтар барда қазақ тілі өлмейді ИнщаАлла!) Магазин, ресторандарда әдейі қазақша сөйледім))

Кездесу пунктінде түрік шәйін ішіп отырмыз

Қонақжайлылық

Абылаймен Блогкемп 2012-де танысқан болатынмын. Ақтауға келгелі 2-ші рет көруім. Күн-түн демей, қыдыртып, демалыс күні үйіне Өзенге, кейін ата-әжесінің үйі ауылы Сенекке қонақ қылған ақкөңіл амигоға не тілесем болады?! Аман бол, көздеген мақсаттарыңа жете бер. Қысқа ғана ғұмырымызды нағыз жолдастар болып өткізейік. Барлығы үшін рахмет.


Оох, өмірімде шұбатты осылай тойып ішпеген шығармын)

Шыны сол, қанша жерде болсам да, дәл осындай қонақжайлылықты көрмеппін. VIP қонақ болдық) Үйден үйге кіріп жатырмыз, қай жерде де “Төрлетің, тамақтан алың”. Алдыңа ет, шұбат. Қолыңа жастық. “Қисайып жату” деген де бар екен. Біраз үйреніп алдық. Ақыр соңы, қонақ болу жаға бастады не керек)

Одан басқа Айтабердің және бір қолданушысы Есболат ағамыздыкінде қонақта болдым. Қазақ ИТ-нің жанашырларының бірі, көптен бері қызықтырып, жүздесу арман болып жүрген Тимур Бектұр ағамызбен де кездестім. Ниеттеріңізге рахмет!

Қазақы тәрбие

Анашым бұрындары “қыз алсаң, батыстан ал” деп жататын. Бір барғанда бір қызға атастырып қайтыпты, “қара торының әдемісі, хат жаз, хабарлас” деген. Ол кезде “қара” дегеннен-ақ)) Әлі күнге дейін дейін “қара торының әдемісін” елестете алмайды екем… Рианна?)

Ақтаулықтар дөрекілеу болғанмен әйел кісілердің тілдері жұмсақ секілді көрінді. Сыпайы мінез, нәзік, сабырлы… Енді біз жақтың Астана, Алматының қыздарынан айырмашылық көзге ұрып тұр. Қайтқанша ойымды өзгертетін оқиға болмаса, ИнщаАлла осы жақтан алуға тырысармын.

Жалпы, адамдары бөлек бұл жақтың.

Өзге де қызықтар

Әлбетте, Каспий! Ақтаудың ең басты байлығы. Теңіз көру арманым еді. Біз тоқтаған үйдің терезесінен көрініп тұрады. Әттең күн салқындау түсуге. Жағалауды кезіп тоздырдық. Жағалаудағы жартастар, “ракушкалар”, толқын – бәрі қызық. Толқын кеп, жағалауға соққанда қорқып кетеді екенсің.


Сені іздеп арманым, Каспийді шарладым:)

Қалада жасыл аз, оны түсінуге болады. Ауа-райы жазда ыстық, шөлейтті жер. Жерасты суы өте тереңде, жер бедері кемінде 4-5 метр құм болса керек, бау-бақша шығу ықтималдығы аз. Түйе көп екен. Және Қарақия каньоны, “домалақ” тастар, бархан құмдар, “ерекше” төбелер, гектар гектар мұнай алқабы(“качалкалар”). Сөзбен жеткізу қиын, оны барып көру керек, өкінбейсіз. Абылайға түссеңіз, 2 есе өкінбейсіз))


Абылайдың ауылы


Бархандағы бархандар)


Ауылдың барханға қарсы жақ беті осындай мраморный тау


Қарақия


Осындай бір качалканы қалай иеленсе болады? Қатты ұнап қалды.


Мұнда біз болдық.

Сол, Ақтау керемет әсер қалдырды. Жаздыкүні теңіз түсіп, ыстығына күйгім келеді. Қош, Ақтау, көріскенше!!!

Өзге суреттерді ФБ парақшамда көре аласыздар. https://www.facebook.com/ereke.enu
Дереккөз: http://erekeenu.wordpress.com/2013/11/05/aktau/

29 пікір

Abylai
Суымыздың жағдайы шынымен мәз емес, бірақ өзіміз үйреніп кеткенбіз :)
Тазалығы жөнінде, БІЗДІҢ ҚАЛА ТАЗА! просто сен таза жерлермен жүрмегенсің ғо :)
Аталар жөнінде, әр шақырым сайын бет сипайтынымыз раз, 362 әулиелі мекен екені рас. Бұрыннан бері осындай, басына түнеп, мал соятынымыз да рас. Өзім қай қай діннен де алыстау болғандықтан, ештеңе деп айта алмаймын :)

«Жастық алып, қисайып жат» :)))))

Шын ниетпен ғо бәрі :) Келіп тұр, біздің ауыл осылай қонақ қылады.

БАРХАН ДЕМЕ!
Соңғы өңделген уақыты:
ereke_enu
Әрине, бұйырса, бір жазда теңізге шомылып қайтармын. Сен де келсең ұмытпай хабарлас, амиго. Біздің жақтың қызығына қанып, жақсы демалып қайтуыңа уәде берем.
Abylai
Біздің жағың қаяқ? :)
ereke_enu
Астана ғо. Қызылорданы өзім дұрыс білмейм. Арал жақта курорттық аймақтар бар дейді
Abylai
ок, желтоқсанда барам деп жоспарлап отырмын жалпы :)
ereke_enu
Қыстыкүні Астанаға келуді ешкімге арнайы тілемеймін, негізі) Келе бер, бұйырғаны болар)
MSHERIMBEK
барамыз, барамыз :)
Jako
Жақсы жазылған, осы уақытқа дейін Каспийді көрмеппін, сәті түссе бір барармыгн деген ой да жоқ емес.
ereke_enu
Баруға жазсын ИнщаАлла. Жаздыгүні теңізіне шомылып, шұбатына тойып, құмын кезіп, Қарақиясын аралап қайтпаған соң) Теледидардан бір рет домалақ тастар алқабын көрсетіп еді, сол жерді көргім кеп жүр.
saryqazaq
Ақтауда су шынымен де нашар. Ішетін су басқа да, техникалық су басқа. Дистилят болғандықтан Алматыдағыдай мұздай болып тұрмайды.
Ал сол қаланың тұрғыны ретінде көше тазалығы туралы ойыңызбен келісе алмаймын. Енді Астананың сол жағалауына жетпейді енді.
Маңғыстау 362 әулиелі мекен. ол нақты сан емес, символдық мағына ие болған сан. 362-нің ішіне мынау-мынау деп ешкім айта алмайды. Ал халықтың әулиелерге деген құрметі мол. Құдайшылық жолда болған адамдарға құрмет көрсеткеннен еш жамандығы жоқ.
Marat_Nigmetzhanov
мына жазбаңыз керекинфода жақсы өтіпті лайкты көп басқандарына қарағанда
yesbolat83
Осы келгеніңде мен саған және досың екеулеріңе өзім жасап жатырған мекемеден Каспий жағалауында орналасқан Кендірлі деп аталатын керемет демалыс орнынан екі күнге жолдама алып берем деп ойлағам. Әне береміз, міне береміз деп жүргенде сенің іссапарың да аяқталды. Бұйырса, келесі келгеніңде міндетті түрде сол жерге апарам, иншаллаһ.
Олардың басында тілек тіленіп, құрбандық шалынады екен.
Ал, ата-бабаларымызға келер болсақ, біз олардан тілек тілемейміз, керісінше, Құдайдан оларға тілек тілейміз. Және мал сойылып, жағдайы нашар отбасыларға таратылып, осы садақадан болған сауапты ата-бабалар рухтарына сауаптан жазғай деп үміттенеміз. (Бұл жауабымды саған қарсы келу емес, түсіндірмем деп білерсің.)
ereke_enu
Ой, қойыңыз, оның бәрі «слишком жирно» болып кетуші еді. Онсыз да керемет демалдық қой, жетер))
Соңғы өңделген уақыты:
Abylai
Мен де Кендірліге апарам ба деп ойлаған едім, папам биылға путевка алып қойып, лимитін құртып тастапты :) келесі келгенде апарармын деп қойдым :)
ereke_enu
Кендірлі қандай жер? Путевка қанша тұрады онда? Келер жылдары сол жақта жиналайық та?
Abylai
Өзеннің арғы жағында, елу не алпыс шақырым жерде, теңіз жағасындағы демалыс орны. Әдемі жер, барлық жағдайы жасалған. Путевка білмеймін жазда шамамен он бес жиырма мыңға дейін баратын шығар екі күнге :)
ereke_enu
Өзі де, бағасы да керемет екен;)
Abylai
Мекемелен жұмысшыларына үш-төрт есе арзан бағамен алып береді :) алдын ала айтып қойсаңдар, папыма айтып, алдыртып қоямын ғо :)
yesbolat83
Ия, алдын ала ескертіп қойсандар, жолдама алып қоюға болады.
yesbolat83
Ерлан қарапайым жігіт екен. Мен керісінше ойлағам.
Жарайсың.
ereke_enu
Рахмет. Жақсы пікіріңіз үшін. Әркімге әрқалай шығар:)
didi0393
демалыс күні үйіне Өзенге
койщ… кашан келдиниз
ereke_enu
Бұл емес, оның алдындағы сенбі, жексенбі күндері келіп кеттік)) Сіз де Өзеннен??
didi0393
ия озенненмин
Coolniyazov
Abylai молодец!!)))) Жумысына уйыктап калсада танга дейин канги береди! Каланын букил тесиктерин корсетип шыккан)
ereke_enu
Ия, оған әңгіме жоқ. Мәләдес жігіт қой)
KUANYSHBEK
Қарақия ойысын көргім кеп жүр. Теңіз деңгейінен 162 метр тереңдікте жатқан болуы керек
aseleka
Бари жаксы гой Ереке. Куаныштымын менде сенимен танысканыма… Тек @Abylai бауырымыз мен дегенде ардайым жогалып кететин адети бар… Соган караганда адам тандайды ау шамасы))))))))))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.