Мен сені неге сүйдім, неге сүйдім?!

Өз ойым /
Мен сені неге сүйдім, неге сүйдім?!
Махаббаттың отына бекер күйдім
Жүрмедімбе оданда тыныш қана
Күндегі қайталанба өмірді сүріп.

Кездестірдім ол қызды ғаламторда,
Бұл ғаламтор негізі арамторма?
Кейде көрсем қосулы, кейде өшулі
Жүрек шіркін шыдар ма? Бұл тосынға.

Жүрегім бүгін тағы алабұртты
Қосулы ма бүгін ол өшулі ма?
Алаңдаумен болмамын күні түні
Қашан оны кездестірем тағы осында?!

Соңғы кездері бүртүрлі өзгеріп жүрмін. Ұйқаспасада өлең жазып, дауысым жетпесе де ән шырқайтынды шағардым. Сосын тәбетімде болмай жүр бір отырғанда 2-ақ кесе тамақ ішетін болдым. Ұйқыда баяғыдай емес, ұйықтап жатып көзімді ашсам оянып кететінді шығардым. :)) Ощм көмектеріңіз керек-ау! :))

36 пікір

alikona
2-ақ кесе тамақ ішетін болдым.
Тамақты кесемен ішесіз ба?)))
akil_kalta01
Сұйық тамақты кесеге құйып ішіміз!:)) Кесе болғанда «пиала» емес, анандай шеееее.
m170785
анандай ))))
akil_kalta01
Мақсат досым, шамасы мені түсіндің ғой ә :))
alikona
әәә түсіндім
Jako
бір отырғанда 2-ақ кесе тамақ
түк те емес, менің атам 90 жасында бір шара айранға бір таба нанды турап жеп алатын да:-«Адамның жасы келген соң тәбеті қайтады екен, түк тамақ іше алмайтын болдым осы күні»- деп өкініп отыратын, жарықтық 107ге дейін дәрігер көрмей өмір сүрді.Тәбеті құрымағанда әлі де өмір сүре берер ме еді жарықтық.
Өлгенше аттан түскен жоқ, сол тамақтың арқасы болар.
alikona
мәссаған!
akil_kalta01
мәссаған!
Осындай ерім болса бар уақытым тамақ жасаумен өтетін болды ғой деген таңданыс па? :))
alikona
жоқ простой таңданыс))
qyrmyzy
мяя, маған ондай ой кемепті, расымен, әйеліңізді аяймын!
akil_kalta01
Jako ағасы, былай атаңызға тартқан шығарсыз тәбеті жағынан! :))
alikona
))))астарлы ой
Jako
Енді былай шағым айта алмаймын, мен денелі адаммын, сонымен салыстырсам тамақты аз жейтін сияқтымын.
Korkem
2-ақ кесе тамақ
муахахах мынау слышком көп қой, екі-ақ дейді, сонда норм тамақтанғаныңыз қандай? Күнделікті жақсы тамақтануыңызды тізімдеп берсеңіз екен, қызық көріп отырмын)))
akil_kalta01
Күнделікті таңғы асты «жылытпадан*» бастаймын — 2,5 порция шәй-пәй тәтілерімен сосын
жарты нан;
Түскі ас: Бірншіге сорпа екіншіге қуырдақ 2 порциядан, шәй-пәй, бүтін бір нан;
Кешкі ас: 1 нәәәәәән тәрілкіде палау үстінде көк пиязы бар, тағы да бір бүтін нан, жатардан алдын 2 кесе айран. Бар болғаны осы-ақ.
жылытпа*- кешкі астан қалған тамақ
Korkem
Бар болғаны осы-ақ.
қызық екен)))
qyrmyzy
мамммаааа, не деген асқазан?!
akil_kalta01
Барлығың асқазаныма тиісе бердіңдер ғой. Көз тиіп кетпесін әйтеуір. :)
Bagashar
өлең демеңдерші ұйқаспаса…
balgalym
өлеңдегі ұйқасудың қандай түрлері бар? сол туралы қайдан оқыса болад?
akil_kalta01
Әй осы «шайрлардың» қаһарына ілініп кетпейін деп осы блогқа жазып едім, тыныштық жоқ екен ғой бәрәбір, муаххаха :))
zhurttyn_balasy
Несі бар екен, тәп тәуір шумақтар, жұрттың баласына ұнады. +
akil_kalta01
Жұрттың бабаласына ұнаса болды!
qyrmyzy
ғашық болу, сүю, сүйікті болу деген керемет қой! Әрине, жауапты болса… Ал, Ақыл_Қалтанөлбір, сәттілік тілеймін. Қолыңа қондыр құсыңды, Шардараға тойға барайық:)Негізі, оны реалда көріп пе ең????
Jakss
Тойға Шардараға барамыз!
qyrmyzy
хммм, қалғандары қайда? Түс? Онда кім жүр екен?
Jakss
Жазарыма жазып алып ұялып қалғанымды қарашы. Виртуалды қызды түсімде көрдім, реалға жатады ма? деп сұрағым келген.
akil_kalta01
Рахмет! Әркім өзі сүйгеннің сүйіктісі болуға лайықдеп атам айтып еді.
— Атам қателеспеген болса ғой шіркін! :)
duman
akil_kalta01
ЕЕЕ деп.Сізге айтарым мынауғо ше!Ғаламтордағы махаббат.Негізі ол дұрыс тірлік емесқо шынымды айтсам.Былтыр бір жігіттің осы тақырыптағы мақаласын оқып едім.Сізге соны мысал сабақ етейін қысқада нұсқа! Агентте бірбале Принцесса дейме сондай қызға дәл сіздей сынғанғойше, содан жағдайыда кетіп қалған ғашықтықтан өлердей болған, айтеуір соңы былай біткен еді.Ол бірбале Принцессасы қасында жынды қылып агентте ойнап жүрген досы екен… ооот байқаныз түсінсеңіз!!!
akil_kalta01
ЕЕЕ деп бастаған әңгімең өте орынды екен. Есте сақтайтын жәйт. Рахмет!
pari
Соңғы кездері бүртүрлі өзгеріп жүрмін. Ұйқаспасада өлең жазып, дауысым жетпесе де ән шырқайтынды шағардым. Сосын тәбетімде болмай жүр бір отырғанда 2-ақ кесе тамақ ішетін болдым. Ұйқыда баяғыдай емес, ұйықтап жатып көзімді ашсам оянып кететінді шығардым. :)) Ощм көмектеріңіз керек-ау! :))
мына сөздерің адамды ойландырады екен:)
qyrmyzy
Негізі, көрмеген адамды сүю — мүмкін емес, жәй бауыр басып қалғансыз. Айтарым: тез емделіңіз, реалда қыздармен танысыңыз/кездесіңіз. Өмірде көрмей, ұнату, одан кейін кездесудің арты үлкен депрессияға әкеледі. Себебі ұнатқан қызыңыз реалда сіз ойлағандай болмауы мүмкін. Сондықтан мынадай сезіміңізді түйіншекке түйіп, жүрегіңіздің бір шетіне тыға тұрыңыз.
akil_kalta01
Иә, қиялың ұшқырланып армандығы аруыңды елестетіп жүргенде виртуалдағы ғашығың реалда басқаша болып опық жеуің ғажап емес дейсің ғой! :) Ощм бүгін досымның туған күніне барып, қиалданбай тірі, ойбай тірі деппін ғой реалдағы қызюдармен байланысқа шығайын.
Айтпақшы дипломыңды +5 (100%) тапсыр!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.