Қыз-болашақ ана!!!

Өз ойым /
Ұлтымыз қыз баланың ізеттілігі мен мәдениеттілігін — сыртқы бет-пішіні мен киім киісіне қарап бағалаған. «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, руыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле» деген даналардың сөзі бар. Сол себепті, қызы тәрбиелі елдің болашағы зор болмақ. Өйткені, ұлттың болашағы қыздың құрсағынан басталады.

Шылым шегу – қыз баланың денсаулығына, одан туатын болашақ ұрпағына зауалын тигізеді. Темекі тартқан адам өзінің асқазанын, өкпесін және басқа мүшелерін бұзып, өз ғұмырына балта шабады. Қыздар – болашақ ана болатын нәзік жаратылыстың иелері. Ертеңгі күні дүниеге нәресте әкелуі керек. Әттең, шылым шегетін қыздар өз келешегі туралы ойланбай тұр ғой!

Арақ ішу – шаңырақты ортасына түсіреді. Ішімдіктің салдарынан үлкен қылмыстар да жасалып, қаншама бала жетім қалып жатыр. Соңғы жылдары сыраны қазақтың қыздары алып ішіп жүргенін жиі көреміз. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, жан басына шаққандағы сыра ішу мөлшері сегіз литрден асса, ұлттың жойылып кету қаупі бар. Өкінішке орай, сыра ішу жағынан біз Әлем бойынша екінші орында, ТМД бойынша бірінші орында екенбіз. Әрбір адам жылына 10 литр сыра ішеді екен. Сыраның құрамында этил спирті бар. Сондықтан ол көпіршігенде алкоголь құрамы 14 пайызға дейін өседі. Яғни, 200 грамм сыраның 50 грамы ішімдікке айналады.

Бір қолында – сыра, аузында – шылым, онысын өзінше үлкен жетістікке жеттім деп мақтаныш көретін қыздар бар. Егер мақтанар болсаң, жақсы біліміңмен, өнерде жеткен биік жетістігіңмен мақтан. Ауылдағы ата-әжең мен әке-шешеңе, бауырларыңа жасаған көмегіңмен мақтан.

Денені жалаңаштау – болашақ ана атанатын қыздар – кіндігінен төмен шалбар, ашық-шашық көйлектер мен жейделер киюі қазір ұлттық стилге айналған тәрізді. Бойжеткендердің жартылай жалаңаш жүре беруі – сән сияқты қалыптасты. Сыртқы дененің жалаңаштануы – ішкі рухани жалаңаштыққа әкеледі. Ашық-шашық жүрген әйел өзіне қажет емес артық қуат жинайды да, еркектерге тән гистостерон гормоны пайда болып, ағзаның гормональды бұзылуына соқтырады, нәтижесінде қатерлі ісік т.б. ауруларға жол ашады, екен. Әйгілі түрік дәргері Синан Зереннің айтуынша жалаңаш киімдер адамның ішкі ағзалары – бүйрек, бауыр және зәр жолдарының сырқаттануына апарып соқтырады.

Сөйтіп, кіндігін жарқыратып жүрген қыздар орны толмас өкінішке ұрындыратынын елеп-ескере бермейтініміз өкінішті-ақ. Статистикалық мәліметтерге құлақ түрсек, 16-20 жас аралығындағы жас қыздарымыздың дені бүйрек ауруына тез шалдыққан. Себеп біреу. Жалаңаштанудан суық тигізген.

Денеге сурет салу – адам тәнiне таңба басу және ол суреттердiң небiр жын-шайтан кейпiндегi бейнеге көп ұқсайтындығы жас жеткiншектер психологиясының күрт өзгеруiне бiрден-бiр себепшi. Алайда, жастар мұны керiсiнше түсiнедi. Олар үшiн бұл – сұлулық пен өзгеден ерекшеленудiң белгiсi, бүгiнгi қоғамның модасы. Қазiр мектепте оқитын, «бесiктен белi шықпаған» қыз бала ойланбастан денесiне сурет салдырады.

«Қыз – халықтың гүлі, өлең – сауықтың гүлі» демекші, қыз бала тек сұлулығымен емес, бойына біткен мейірімділік, нәзіктік сияқты қасиеттерімен де көрікті. Қазақ халқы қыздың тәрбиесіне ерекше мән беріп, аялап өсірген. Нарықтық заманның талабы өзгерсе де, бойындағы ұяңдық нұрын сөндірмей, қазақ қызына тән болмысын бұзбай жүргендер де жетерлік. Алайда, бес саусақтың бірдей болмайтынындай, «арзан» алтынға қымбат қасиеттерін алмастыруға дайын қыздарымыз да жоқ емес.
Қыздар өз арасындағы кикілжіңді шешу үшін қара күш пен төбелеске құмарланып барады. Сұлу сымбаты бола тұра, күшке жүгінудің қыздарға жараспайтыны айдан анық. Мейірімділік пен жақсылық үшін жаралған қыздардың кейбірінен бұл қасиеттің кетіп, зұлымдық пен қорлауға бой алдырғаны. Бұл төбелестерде, әсіресе, қатыгездіктің белең алатыны рас. Американдық голливуд фильмдерінде не бір «батыр» қыздардың сомдалуы біздің ұрпақтың психологиясын бұзып жатыр.
Қарғыстың жаманы «өзің білме, білгеннің тілін алма» деген ғой. Орынсыз киiну, орынсыз жүрiс-тұрыс әйел затының әйелдiк, нәзiктiк, сыпайылық көркiне нұқсан келтiретiн қылық екенiн естен шығаруға болмайды.
massagan.kz сайтынаналынған

11 пікір

Jako
SteVen_S_Sanzhar, мына жарияланымыңызға риза болдым,тәрбиелік мәні зор екен.Барлық оқырмандарымыз «Массаған»ға кіре бермейді, сондықтан сондықтагн мынадай тағлымды материалдарды жариялап тұрған дұрыс деп ойлаймын.
AKA
Қыз ол, болашақ ана!!!
Тақырып қате, "Қыз — болашақ ана!" деп түзетсеңіз жөн.
m170785
Акам ау бірінші рет бола берсін, бала шаға ғой жазып отырған майда пашақтар )))
Korkem
Акам ау
алғаш келгенде сіз де майда шабақ едіңіз, атан болыпсыз
AKA
«Бала-шаға ғой, майда пашақтар» дегенше, жол көрсеткеніміз жөн болар.
m170785
Әрине Ака майда пашақтарға жол көрсетейік, оларға кім бермей жүр жолды? ))Көрсетеміз
Manas
<code>майда пашақтар</code>
бірінші рет естуім)жазып қойу керек екен)
негізі құрт-шабақтар деп айтушы еді кішкентай кезімде үлкендер)
alikona
соны айтам да
m170785
Ол бұрыннан бар
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.