Жәудіреген жанарлар

Өз ойым /
Ай мен күннің аманында…
Жәудіреген жанарлар
Мектептегі ұстазым «Жаман еркек, жаман әйел болады. Бірақ, жаман әке, жаман ана болмайды» деген сөзді жиі айтушы еді. Шынымен-ақ, өз әке-шешесін «жаман» деуге қай перзенттің дәті шыдап, тілі барады дейсің? Шәкәрім айтқандай, «зымыранның оғындай зулаған уақыт» екпінінен қаңбақтай қалбалақтап жүрген кей ата-ананың қылығы «адам айтса, нанғысыз». Кейін қартайғанда, перзенттік қарызды талап ету үшін, әкелік көңіл мен аналық мейірімге баланың шөлі қану керек шығар. Кім білсін… Әйтеуір, «КТК» телеарнасының жуырдағы бір жаңалығынан шошынған едік.
Тарата айтсақ, «КТК» журналистері «Қатыгез ана үш бірдей бүлдіршінін құрылыс алаңына тастап кетті» деп, елдің құлағын елең еткізді. Бұны естігеннің бәрі жағасын ұстаған шығар. Біздің де ойымыз сан саққа кетті. Ананың мұндай іске баратынына сенбегеніміз де рас. Оқиға Қызылорда қаласында орын алған-ды. Жаңалықтың жай-жапсарын өз құлағымызбен есту үшін, Қызылорда қаласының Ішкі Істер Басқармасына хабарластық. Біздің қойған сауалдарымызға әкімшілік полицияның бөлім бастығының орынбасары Алмат Тұрсынов былай деп жауап берді: «Әу баста Шерімбетовтер отбасындағы дауға жоқшылық себеп болған. Әйелі мен күйеуі заң жүзінде ажыраспаған, бірақ бөлек тұрған. Отағасы қалада салынып жатқан жаңа базардың құрылыс алаңында күзетші болып жұмыс істейді. Жоқшылықтың зардабын тартып, төзімі шегіне жеткен бейбақ ана үш баласын күйеуінің жұмысына апарып тастаған. Күзетшінің жататын жері құрылыс болып жатқан базардың бір бұрышы. Әкелері құрылыста арба сүйрейді екен. Таңертең ерте жұмысына кетіп, балаларына қарауға жөнді уақыт та бөлмеген. Осылай үш күн өткенде, сол маңдағы тұрғындардың бірі тәртіп сақшыларына хабарласқан. Оқиға орнына жедел жеткен сақшылар балаларды алып кетпек болғанда, ата-аналары да келген. Сақшылар құжаттарын талап еткенде, әйелі отағасына ашуланып құжаттардың бәрін өртеп жібергенін айтқан. Қазір балалар анасының қолында. Қызылорда қаласының әкімдігінің жанындағы «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия» Балалардың құқықтарын қорғау департаментімен бірлесіп Шерімбетовтердің ісін талқылайды. Ата-анасы ҚР Әкімшілік кодексінің 111-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін».
Осы хабарды естіген соң, таудан құлаған көңіліміз орнына түскендей болды. Үш бүлдіршін тастанды емес екен. Ата-анасы шырылдап, құлындарын оңалту орталығына бермей қойыпты. Бәсе, «құдайға қараған қазақ едік қой» деп, шүкірімізді айта бастағанбыз. Бірақ, мақаланы аяқтай бергенімде тағы бір «ойпырмай» дегізетін тосын хабар жетті. Шымкентте әпкелі-сіңлілі төрт қызды ата-анасы балалар үйінің алдына тастап кетіпті. Қайта жағамызды ұстадық. Өзегін жарып шыққан жанының бөлшегін бұғанасы қатпай жатып, қиындықта қалдыру ата-ананың істейтін ісі емес еді ғой. Тағдырдың тәлкегіне ерте түскен бүлдіршіндердің обалы кімге?
P.S. Шерімбетовтердің балаларын комиссия өздеріне қайтарып береді деген үмітпен алдымдағы жаңа келген хабарға қайта-қайта шұқшия бердім. Көрмесем де, ботадай жанарлары жәудіреп, өзгенің қабағына қарап қалған төрт ботақан көз алдыма келе берді. Қолдан келер қайран қайсы? Біз не дейік, балапандар. Алдарыңнан ақ күн туса екен.
Бағашар Тұрсынбайұлы

29 пікір

pari
ООО ағасы сайттан таппай қалдыққо сізді?Қайда жүрсііііз???
Bagashar
men jurmin goi. mynagan un kosyndar
Jako
Бағашар сені түсінемін, сендегі ақын жүрек қой, сезімтал.
qyrmyzy
Жоқшылықтан тастап кеткен шығар деп ақтағым келіп тұр…
Korkem
Мынау жәй бергі жағы ғана ғой...(((
Kan
Қудайдан қорықпайтын болган биздин халық. Алла сақтасын мүмкін түсіністікпен қарауда керек шығар. Жалпы әрине дұрыс емес.
Jako
Кан мырза, сол Құдай да пенделеріне алалап қарайтын болғандай.Болмаса қолынан бәрі келеді, казинода ақшасын бей-берекет шашып жүргендердің байлығының бір кішкентай ғана бөлігін осындай жанұяларға нәсіп етпес пе? Бұндай ауыр жанұялар мыңдап та емес, он, жүз мыңдап табылады және солардың бәріде осындай жағдайдың табалдырығында тұр.
Korkem
Аға, бұл да болса Алланың сынауы болар. Әр нәрсенің де өз себебі бар емес пе?
Jako
Ата-анасын сынағаны жетпей ме, бүлдіршіндердің жазығы не?
Халықта бір мақал бар: "Қорлықтан шықпаған Құдайын қарғайды"-деген, Алла өзі кешірсін.
Kan
Сен өз басың тұрмыс қысса балаларыңды тастар ма едің. Жақсы адам қандай жағайда болмасын балаларын тастамайды. Біздің әке-шешеміз де бізді қиындықпен өсірдіғой ешқайда тастамды. Ал енді өзге бөзбүрек, баласынан безген нандан біреулердің ісіне бола Құдайды кіналау қателік, одан қалды зор күнә. Аллаһ күллі кемсіту атауынан пәк. Кедейлік пен қайыршылықта да адамның өз кінасы бар. Мына заманда еңбек етем деген адамға нәпақа табылады. Өтнем достар Құдайға жала жаппаңдар. Сәбидің өмірі қор болды депте Құдайға таяқ алып жүгіруге болмайды. Аллаһтың ең сүйкімді құлы Пайғмбарымызда жетім өскен. Бірақ ол әлемдегі ең кедей адам бола тұра еш қашан Аллаға қарсы сөз айтпаған.
Jako
Ааа, сіздікі дұрыс екен…
AKA
Бұдан да сорақылары бар, өз баласын ұрып-соғып өлтірген ананы да көрсеткен сол телеарна…
Jako
Бағашар, жақсы жазылған пост екен.
<code>Тағдырдың тәлкегіне ерте түскен бүлдіршіндердің обалы кімге? </code>
Осы сұрақ ең ауыр сұрақ болар.Ертең біздің егемен еліміздің құзіретті орындары сол бүлдіршіндердің ата-анасына бар жауапкершілікті жаба салып, ата-аналық құқтарынан айырып, жетімдер санын арттыра салудан тайынбайды-ау деген қорқынышым да жоқ емес.Осы жанұя неге осындай күйге түсті, неге қарыштап дамып келе жатқан елімізде осындай жағдайлар кездеседі?
Қазақта:" Арқада қыс жайлы болса, архар ауып жыны бар ма?"-деген бір мақал бар. Егерде сол бүлдіршіндердің ата-анасының ең төменгі деңгейде күн көре алатындай жағдайлары болса осындай жағдайлар болар ма еді? Олар мұндай күйге неден жетті, мемлекеттің мақтанатын байлығы қайда?
Бұл бір ғана жанүя ма, осы жағдайдың алдында тұрған жанұялар санын кім біледі қанша екенін?
Әкесі ебіл-дебіл тачка айдап, шешесі базапрдан күндіз-түні шықпай напақа іздеп жүрсе де, е баларына, е өздеріне, е баспанаға жеткізе алмай дал болған ата-ананы жалқау, азғындаған деуге ауыз бара ма? Біэдің халқымыз Үндістандағыдай каста-кастаға бөлініп кету алдында тұрған жоқпыз ба? Неге шетелдіктердің бәрін миллиярдер қылып шығарып жатқан мемлекет өзінің ат төбеліндей халқының нашарларын байытпай-ақ,өлмес күнін көретіндей етпейді? Бір ғана Храпуновтың ұрлағаны осындай мыңдаған жанұяны асырауға жетпейді ма? Өздері осындай жағдайда жүргенде Олимпиядадан алған атақ осы жандарды қуанта ма, жоқ іштерін қыжылдата ма? Жоқ әлде «Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді»-деген осы ма? Не десем де сұрақ көп, жауабым жоқ. Жауапты өздеріңнен күтемін. Жалпы ең оңайы кінәлай салу, себебі бас ауырту, көп ақылдың керегі жоқ.
Jako
Онда талпынып, мал жинап не керек? Бұл дүниеде қорлық пен жоқтықта өмір сүріп, о дүниеге барғанда қарқ боламыз деп жүре береміз бе? Алла өзі жіберген соң пендесіне бір уақ қарасса дұрыс болар ма еді деген ой ғой. Болмаса бұлар Алланың құдіретінсіз, незаконна өмірге келіп қалған міскіндер ма?
көке, сіздің сөздеріңізге қарасам, тағдырыңызға өкпеңіз бар сияқты маа, қалай өзі…
Jako
Менің жағдайым өте жақсы, тағдырыма өқпем жоқ. Жағдайлары менен жоғарылар бар шығар, ал менен төмендер толып жатыр. Бір сөзбен айтқанда еш проблемесы жоқ адаммын, ондайлар болса егер. Бірақ жағдайсыздарға жаным ашиды, кейбіреулер сияқты сылдыр сөзбен емес нақты көмек беріп отырамын(тамақ-киімнен бастап,үй, машинаға дейін) Бірақ мен мемлекет емеспін, ондай күшім жоқ.Маған да мемлекет ешнәрсе берген жоқ, бірақ алу жағынан кенде емес.Өзің тіршілікпен айналыссаң көре жатарсың. Ата-ананың наныа тойып алып оқығаныңды айту бөлек те, мына өмірде арпалысып өмір сүріп, 160 адамға жұмыс тауып беру мүлдем бөлек.
қанша жерден жұмыс істеп, жан бақсақ та, сіздей тіршілікке араласпағанымыз хақ! айып етпессіз! тек аспаннан киіз жауса да, жалқау ұлтараққа жарымас дейді ғой, олардың жалқаулығына өзімізді не Алланы кіналі санағанымыз дұрыс емес деп ойлаймын! ал, жалқаудың балалары да, өзі де қайыршы. оларға жұмыс істеп бала-шағасын асыраудан гөрі тастап кеткен оңай! бұған несіне Алланы кіналаймыз?
және Алланың есебі түзу екенін білеміз, ертең шешесі — жазасын, балалары — несібесін алатынын біле тұра Құдайды даттаған біз де біріншіден дәм татамыз да. содан қорқамын, әйтпесе нем бар!
didi0393
дүниеге келген әр баланың өз несібесі бар. сол себепті мемлекет демографияға қатты мән бергені не пайда, осындай көп балалы отбасыларға көмегін тигізбесе! күйінген атаана не істемейді????
Jako
Дүрыс айтасың…
dimash
Балалық шақтың тәтті дәмін татқандар да өсе келе небір сұмдықтарға тап болып жатады ғой. Бұларда сол сұмдық туыла сала болса кейін өсе келе барлығы өз орнына келеді деп сенейік.

Мені жаңалықтан күнде айтып жүрген қорықшылар өлімінің себебі мен В.Челахтың жағдайы аладатып жүр…
ereke_enu
Екі ересек адам шиттей үш баланы асырай алмай отыр дегенге сенбеймін. Өмірге әкелдің бе, жеткіз. Мемлекеттен қандайда бір көмек болуға тиіс деп санамаймын. Себебі, өзі тұрақсыз жұмыстарда жүрсе де, 3 емес 5 баланы асырап отырған берекелі отағасыларын көргем. Ана ешқашан баласын тастамайды. Бүкіл әлем сенен теріс айналса да, кешіріп, жақсы көретін, әрдайым панаң болатын жалғыз кісі — анаң. Солар аман болсын. Ал, басына келген болмашы ауыртпалыққа шыдаудың орнына отбасын тастап кетуді жөн көрген еркексымақтарға "Иттің баласы, орал отбасыңа. Қандай қиындық болмасын, сабыр ет, төз. Балаларыңды үлде мен бүлдеге орамасаң да, әрдайым қастарында болып, қолыңнан келгенше қарайласқаның үшін олар бәрін де кешіреді. Олай емес екен, олар сені ешқашан түсінбейді. Өз-өзіңді олай алдамай-ақ қой. Өліп кетсең де жүректердің түбінде саған деген реніш жатады. Қалайша балаларыңды тірі жетім атандырып жүресің? Ұрпағын тастап, абырой тапқанды қай атаңнан көріп едің? Көкек емес еркек емессің ба, Аллах Тағала пендеге өзі көтере алмайтын қиындық бермейді, орал отбасыңа. Оралсаң ғана саған кешірім болады. Ертең қартайған шағыңда немерелеріңді құшағыңа алып, еркелетіп отқанда, бәлкім, ондай бақытсыз емес екеніңді түсінерсің..." дегім келеді.
менің ойымша, Жаратқан біреуді тоқшылықпен сынаса, біреуді жоқшылықпен сынайды. жалған өмірде шайтан мен нәпсінің айтқанына ермей, Құдайдың құдіретіне сенген жөн!
Bagashar
Мына бір жанымның бөлшегі болған постыма ой бөліскендеріңізге рахмет. Алланың сынағы деп қарап, жаратқанға тіл тигізбей адамдарды тезге алу керек. Жалпы ойлы азаматтар жоқ емес екен. қуаныштымын. тәубә!
Jako
Бағашар қалайсың,қайдасың? Мен де соны айтқым келіп еді, кез-келген жерге Алланы тықпалай бермей, себебін өзімізден,әлеуметтік жағдайлардан ідеу керек дегім келеді. Бірақ біраздан соң сүрініп кетсе Алладан көретіндер мені оразаның кезінде мұсылман емессің дейме деген қорқынышпен қоя қойдым.
Bagashar
ещкімнің мұсылман емессің деуге құқығы жоқ шығар, егер адам мұсылманмын деп тұрса. астам айтып, Аллаға сөз тигізбей. осы посты оқығандарымыз ата-ана болғанда осы қателікті жібермесек, менің де, өзгенің де мақсатының орындалғаны болар еді.
qyrmyzy
Күнім, қалайсың?
ai-naz
Сабақ болар дүние жазыпсыз!
yesbolat83
Аяп кеттім. Постты плөстейін десем плөстелмит.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.