Дебат-1: Латын әліпбиіне көшу қажет пе?
Өз ойым /
Құрметті ағайын, міне, көп күттірген дебатта басталатын болды. Жоғалып кеткен амиголар табылып, сөздерінде тұрып, «кеште болса бастай берейік» деген соң сөз алып жатқан жайым бар. Уламай-шуламай, ақырын арт жақтан жайғаса беріңіздер… Ал, біз бастайық…
Қатысушылар:
растаушы — p689606
даттаушы — yfriend
Сонымен, латын әліпбиіне көшу қажет пе?
Сөз кезегі, p689606 мырза өзіңізде
Қатысушылар:
растаушы — p689606
даттаушы — yfriend
Сонымен, латын әліпбиіне көшу қажет пе?
Сөз кезегі, p689606 мырза өзіңізде
55 пікір
Тақырыпқа келетін болсақ, "Қазақстан латын қарпіне көшсін бе?" деген сауалға жауап іздеу мақсатымыз болмақ.
Қарапайым адамдар болсақ та, ана тіліміз, қазақ тіліне қатысты мәселелер тыс қалмауы керек деп ойлаймын.
Түркі жазуы уақыт ағымына сәйкеспейді.
Араб жазуы мейлі қазір қолдауы болса да, дін және рухани тұрғыдан белгілі бір қазақ қоғамына жақсын болғанымен, нақты пайдасы жоқ екенін айтқым келеді. Кезінде өркениет исламда болған шығар, бірақ қазір ислам әлемі өркениеттен әлдеқайда артта қалғаны белгілі.
Кириллицаны өз уақытында халық қалауынан тыс, күштеп енгізгенін біреу білсе, көбі білмейді. Әсіресе, бүгінгі жас ұрпақ ол оқиғадан мүлде бейхабар. Күшеп енгізілгенімен қоймай, қазақ тіліне қатысты тіл білімі түгелдей орыс тілінің ықпалына жығылып, нәтижесінде қазақ ұлты саяси қуғынға ұшыраумен қатар, оның алға сүйреуші мол мұрасы да үлкен кедергіге ұшырады.
Бүгінгі күні, латын әліпбиі қазақ тілі үшін өте қажет бағыт екенін айтқым келеді. Мейлі, латын әліпбиі қоғамға параллельді түрде кириллицамен қатар енсін, дегенмен уақыт өзі көрсетер. Нәтижесінде, латын әліпбиі жеңетініне сенемін.
Себебі, тас дәуірі, қола/мыс дәуірі және темір діуірі деп жатамыз тарихтан, міне бүгінгі күні технологияның өзінше бір шарықтаған дәуіріндеміз. Осы кезде кириллицаның бір тиынға қажеті жоқ, керіінше өз зиян тұстары бар. Оны алдағы пікірде келтіретін боламын.
Сөз кезегі өзіңізде, қарсылас тұлға.
"Қазақстан латын қарпіне көшсін бе?" деген сұраққа өзімнің жауабым бар. Ол, әрине, «ЖОҚ!!!». Неге десеңіз, біз онсызда түрлі тәжірибе, сынақтан өтіп, түрлі модерациядан өткен халықпыз. Тілімізді, дінімізді, ділімізді қай жағынан болса да қыспаққа алынып, жер бетінде халық ретінде жойылып кету қаупі туған шақтарда қазақ ұлтының тұтастығының сақталып қалуы себептерінің бірі де — осы тілде. Латын әрпіне көшу оңай нәрсе емес. Қазір де жағдайымыз жаман емес қой. Қазақ тілінің дәрежесі төмен дейді кей жұрттар, солай да шығар. Бірақ, ол қазақ әріптерінің кириллица не латында болуына байланысты емес. Тіпті, ол басқа мәселе. 150 жыл отаршылдықтың салдары десек болады. Міне, сол бодандықтың салдарынан әлі құтыла алмай жатқан шақта тілімізге тағы бір өзгерістер енгізсек, артық қыламыз деп тыртық қыламыз ау деп қорқамын.
Екінші, қазақтарда олай емес, олар орысша сөйлей бастаса, акцентсіз зырлайды.
Және бұл өзгеріс, басқа ұлтта да акцентсіз сөйлейтінін мойындаймын. Тек, тілдері орысша шыққан басқа ұлттыларды ғана айта алар едім.
Үшінші, шынымен зер салсаңыз, қазақ тіліндегі айтылатын сөздер жазылу ережесі, қазақша сөздердің табиғи қалпында берілуіне кері әсерін береді. Яғни, осылай кетек берсек, ертеңгі қалыптасатын жаңа сөздер де қазақ тілінің табиғи болмысына жат формасында қалыптасып, түбінде қазақ тілінің жойылуына әкеледі. Қанша сіз қазақ тілін қолдаңыз, бірақ элементарлы тіл ғылымдары қазақ тіліне бейімделмей, барлық еңбектер желге ұшады. Тіл ғылымдардың негізі — қаріптерде екенін және ұмытпаңыз.
Тағы бір мысал: қазақ тілінде сақталған тарихи, мәдени және тағы да басқа жазба мұралары болуы мүмкін.
Және, латынша, арабша, түркі тілінде жазылған деректердің басым бөлігі жойылып кеткен. Сақталғаны өте аз. Оны көбейту мәселесі де, кенже қалмауы керек. (1)
Кириллица енгізілгелі, жазылған еңбектердің тең жартысы нақты қазақ пайдасы тимейді. Неге? Себебі, олар Совет Өкіметі тұсында жазылған. Сол ұйымның бақылауымен, цензурасын ескере отырып жазылған. Мазмұны Кеңестік идеологияны дәріптейді. Қазақша жөні дұрыс ғылыми жұмыстар да көп емес. Барының өзін электронды нұсқаға аударса, санаулы минутта латыншаға конверттеп беретін бағдарламалар жетерлік. Және де, мемлекеттік ақпарат, бүгінгі күні түгел электронды нұсқаға көшуі керек. Себебі, қағаз ол ескіреді, жойылады, өртенеді, жыртылады. Оны көбейту де машақат. Ал электронды нұсқасын, санаулы минутта бірнеше мың данаға көбейте аласыз, сапасы жоғалмайды. Енді осы электронды нұсқа заман талабы екен, дайын нұсқаны неге латыншаға аудара салмасқа?
Латиницада қалған әдеби туындылар да көп емес. Көбінің мазмұны баяғы Кеңестік идеологияны дәріптейді. Жә. Оны қойшы, қанша дегенмен, кириллицадағы еңбектерді латиницаға аударуға болады.
Басқа Қытай, Жапон елдерінде де кезінде үлкен көтерілістер болған, латын әліпбиіне қатысты. Бірақ, ол тақырып қабылданбады. Себебі, ол елдердің жазу мәдениеті бірнеше мың жыл тереңде жатыр. Сондықтан оған түсіністікпен қарауға болады. Десе де, оларда латынша жазу техникасы өзінше бір аудиторияны қамтиды, ал технология түгелімен латын әліпбиі негізінде дамуда. Иероглифтерді қолдау мақсатында, қулықтар арқылы, латынша енгізу арқылы, таяқша сөздерді тереді.
Бізде ше? Бар жоғы 150 жыл ғана, онымен қоса, зерттей келсеңіз, латын әліпбиіне қарағанда, зияны көп кириллицаны келіп жақтайды.
Иероглиф қолдайтын елдердің мамандары қай жағынан болса да өте мықты, сондықтан олардың иероглифтері мықты.
Ал, кириллица қолданатын елдердің мамандары әлсіз, өнеркәсібі төмен деңгейде, белгілі бір психологиялық ауқымнан басымы шыға алмай құл болып жүр.
Кириллицаны қолдайтын мамандар, барлығы тек Ресей үшін, орыс тілі үшін ғана қызмет етеді. Небір технология шықса, 200 млн кириллица қолданатын елдерге бола ғана коммерциялық мақсат үшін қолдау жасайды, әрине ол тек орыс тілі үшін. Қазақ тілі ше? Ол тек қазақтың проблемасы болғаны үшін, бүгінде күшпен тықпаланып келе жатқан мәселе. Ертең бұл да әлсіресе, орыс тіліне бағынып қалу ықтималдығы жоқ емес. Ал заман, латын тілінде дамып жатыр. Оның ішінде Ұлы ағылшын тілі бар. Бірақ біздің латын әліпбиіне оның қатысы аз. Себебі, екеуі екі бөлек әңгіме.
Бізге екіншісі маңызды.
Қазақ тілінде нақты 30 ға жетер детпес қана дыбыс бар, бірақ 42 әріп қолданады!
Ағылшындарда 40 дыбыс, бірақ 26 әріп. Латын тілін өте тиімді қолданған. 40 дыбысты 26 әріппен дыбстау мақсатында, өздерінде мықты жасалған ереже бар. Бізге әрине ол қажет емес, бастысы 30 қажет дыбысқа 42 әріптен орын табылса болғаны. Қалған «артық» әріптер, тілдің «сау емес» екендігін білдірсе керек.
Техникалық себептерге байланысты.
Рақат қой лібәә уақыт шектелмеген, гуглға көмекке баруға болад,ұзақ жазамыз.жоскы жоскы сөздерді өзі жазып жатырма әлде басқа біреу жазып беріп жатыр ма ол жағы ХЗ лау болып тұр даа.
Скайпқа кіріңдер конференция ашылсын, сол жерде барлық үрім бұтақтарды жинап ауызша дебат өтсін және қызық қой скайппен.
Мынау не нау???!
latynsha klavada onsha tez zhaza almaimyn, sondyqtan qarsymyn.
Бірақ .ҚАЗ домені күмілжітеді (((
surak-zhauap.kz/162228/
Мүлдем (категорический) қарсымын!
Біріншіден: Тарихта белгілі Патша үкіметі бізді (қазақтарды) тарихын ұмыттыру мақсатында араб тілінде сауат ашқан қазақтарды 1929 жылы латын әріптеріне, кейін (шатаспасам 1940 жылы) кирилл әріптеріне ауыстырған жоқ па?! Қайтадан латын әріптеріне көшсек тарихымыздың кейбір парақтары ұмыт болмайды ма?
Екіншіден: Біз жастар, латын әріптеріне көшсек те, тіпті мүлдем қытай ироглифтеріне көшсек та әйтіп-бүйтіп үйреніп алармыз. Біздің миымыз жас әлі, ал үлкендер жағы қалай болмақ? Олар үйренсіп кетуі екі талай! Өтірік пе?! Әлде солар (үлкен кісілер) бақилық болғанша біз басқа кітап олар басқа кітап оқып жүреміз бе?
Үшіншіден: Бұл қосымша қаражат қажет етеді. Әлемдік дағдарыс келе жатқанда бұл не шашылу? Тасып бара жатсақ халақтың өмір сүру жағдайын жақсартпай ма, құрдан құр «халақ санын көбейту керек» деп зарлай бермей. Әлеуметтік жағы төмен болса халық саны қалай көбеймек…
Қорытынды: Мүлдем қажеті жоқ, тіпті ойлаудың өзі артық болады! Менің ойым осы.
Мынадай «латын әріптеріне көшуді қолдаймын» деген қазақты көріп кирил әріптеріне қазақ әріптерін қосып қазақ тілді алфавит құрастырған Ахмет Байтұрсынов атамыз бір аунап тұрған шығар…
деппін кезінде)
Әрине, кириллицаны қазақ тілінің дыбысталуы мен қатар тіл ғылымдарын ескеріп қайта өзгертуге болады. Және ол солай болады да. Содан кейінгі мәселе, ретке келген тіл ғылымдарын (грамматика, морфология, синтаксис, семантик т.с.с.) латын әліпбиіне ауыстыру мәселесіне әкеледі.
Латын әліпбиін үлкен адамдарға меңгеру қиын болады, тіпті оны үлкен адамдарға үйренсін деп міндеттеу де артық дүние, сондықтан латиница кириллицамен қатар параллельді түрде енуі керек. Жастардың басымы латиницаны, кәрілердің басымы кириллицаны қолдана береді.
Шындығында, латиницадан қорқатын дәнеңе де жоқ. Ол да қарапайым әріптер. Бірақ та, халықаралық символдар стандарды бойынша, латиницаға берілген жол кең! Кириллицаның проблемасы, азия халықтарының иероглифтарынан кем емес.
Ал, латиницаға ауыссақ, тарихымызды ұмытамыз деген сөз, кешіріңіздер таза сауатсыздықтың салдары.
Неге дейсіз ғой, латиницаға ауыстық екен деп, біз тарихты ұмыта салмаймыз болмаса біз аспаннан салбырап кириллицамен туылған жоқпыз.
Ең есте сақтайтын мәселе: қандай алфавит қолданыста болса да, ешқашан мәдени мұра өлмейді, ешқашан тарих өшпейді. Отыр ғой, қытай, жапон тағы басқа мемлекеттер иерофлифпен, бірақ әдебиеті, мәдениеті, тарихы ұмытылған жоқ, батыс елдері латиницада, бірақ ештеңесі әліпбиге бола ұмытылған жоқ. айта берсе, көп енді. Сіздер айтыңыздар, қай мемлекет, алфавитін өзгерткен себепті тарихын ұмытып, елде түгел түсініспеушілік болған екен??? Қазақстанға да сондай жағдай келген, бірақ тарихы кириллицаға бола ұмытылған жоқ, әлде қазақтың тарихы кириллица енгізілгелі ғана басталып па ед? Міне. Әліпби өзгергенмен, тарих ұмытылмайды. Бірақ, ұтылатын бір тұс бар — ол әліпбидің тиімсіздігінің салдары.
Кеңестік үкімет құлаған соң да бірқатар елдер латын әліпбиіне көшкен. Олар тарихын ұмытқан жоқ. Бірақ, халық арасында латын әліпбиіне қатысты қиыншылықтар бар екенін де мойындау керек, тек ол шешімі бар мәселе. Меңгеру жағы болса, адамға ерік берілуі керек, үйренгісі келсе үйренеді, қаламаса кириллицамен жүреді. Латын әліпбиін қабылдаған соң, 10-20 жыл аралығында уақыт кетеді. Сол уақыт аралығында екеуі де қолданыста болады.
Мен орыс ұлтына қандай да бір кері көзқараспен қарамаймын. Бірақ, қазақ тіліне қатысты кемшіліктер мен жасалуы тиіс тиімді варианттарды өз пікірім ретінде білдіруге тиіспін.
Қазір барық саланы техника және оны іске асырушы программирование саласы жаулап алды. Біздің тараптан сол ағымға ілесу мәселесі туындап тұр.
Айталық, Сіз ойлайсыз неге девайстар (плейстейшн, магнитола, аудио/видео құрылғылары т.б.) қазақ тілін қолдамайды? Бұның бір себебі — қазақ тілі кириллицада. Проблемасы көп әріп. Және дамушы елдердің стандарты бұны қолдамайды, сондықтан осы кедергі қазақ тіліндегі девайстардың таралуына кері әсерін тигізуде. Кириллица үшін, алпауыт LG, Samsung, Aplle, Microsoft, Google сияқты компаниялар қолдауды нашар жасайды. Ал, сол компаниялардың тарапынан кириллицаны қолдауға шыққан мамандар — орыс тіліне қызмет етеді. Қазақ тілі осының көлеңкесінде қалып жатыр. Шеңберден шыға алмай, орыс тіліне жіпсіз байланып тұр. Бұл тіл бізге бауырлас емес, ол славян тілі.
Біз, барлық технологияның қазақ тіліндегі интерфейсінің қазақшалануына үлкен кедергі тудырып қойдық. Қазіргі уақытқа дейінгі қазақша бағдарламалардың сапасы онша емес екенін былай қойғанда, оларды кім жасады деп ойласаңыз, 75 процентін волонтерлар аударған. Бұл жақсы нәтиже емес. Себебі, волонтер — жүйсіз жұмыс, оған ешкімді міндеттей алмайсыз. Нәтижесінде, сапаға да мін тағу да артықшылық
Алдағы уақытта, Алла қаласа технология визуалды программалаудан аттап, адамның қолмен жазған жазуын танып, электронды нұсқаға аудару, адамның сөзін тану, санаулы миллисекунда дауыстап екінші тілге аударып беру эволюциясы басталады. Виртуалды иллюзияны реалисттік объектілерге айналдыратын технология мен методтар іске асады және адам санасының командасын орындайтын техникалар өсірге келеді. Интерфейске әлі жетпеген қазақ тілі, бұл жаңа технологиялардың шаңына да ілесе алмай қалады.
Қазақтар, ойланайық. Латиница тақияға тар келмейді. Оны бүкіл әлем болып қолдайды, соның ішінде қазақ тілі де осы қаріпті қолдауы керек. Осы жетістік арқылы, қазақ мамандары өз мүмкіндіктерін шыңдауына жол ашылады.
Керісінше, біз заман талабына сай, дамудың толқынына ілесуіміз керек, оған қарсы емес!
15 жыл уақыт ол заңдылық. Одан да көп уақыт кетеді. Бірақ, түбінде латиница қажет.
Той көркі бакал
Сөз көркі Мақал
Көл көркі байкал
«Крыса» сайқал
Боғауызға қақал
Атадан бата ал!
Дүкеннен айфон ал!
Мал базарда көп мал!
Дастарханда «Бал»
Аттың желкесінде «жал»
ДЕЕЕП ҚУАЙЫҚ БІРГЕ биле, сахна кең!
ҚУАМЫЫЗ АЙДАААААААААА!
Сенің әкең бастық
АХХАХААХ
Жастық
Мен жастыққа жатамын
(лОл)
аха шешерміз басыңа мұз кигізіп кетермін.