Тәуелсіздіктің келуімен, тұруының тірегі болған тұлғалар.

Өз ойым /
Елдің ел болып,ұлттың ұлт болып қалыптасуында белгілі ұлы тұлғалардың септігі тигені, себепші болғаны анық. Ұлт тағдыры тұлғадан тұлғаға аманат болып заман жалғасатыны да белгілі. Қай заманда болмасын елдің тыныс тіршілігі сол елдің жауапты тұлғаларының ақыл, парасаты мен жанының терең түйсігімен өлшеніп пайындалып отырған.
Қазіргі таңда ел болып еңсе тіктеп Қазақстан Республикасы атанып асқақтап ұлт болып біругіміздің негізгі қозғаушы күші кезіндегі және казіргі ұлы тұлғалардың ықпалы екені айқын. Қазақ елі өздігінен ұлт болып қалыптаспады ұлт болып қалыптасуымыз үшін жан беріп жан алысқан асылдардың барлығының атын жазып еңбектерін екжейлеп бір тақырып көлеміне сыйғызып айту мүмкін емес. Асылдарың сіңірген еңбектері осы уақытқа дейін тарих болып жазылып, кітап болып басылып келеді. Бірақ ұлт мақтаны бола білген тұлғаның атқарған еңбегін толық жазып бітіру мүмкін емес. Әр бір келер ұрпақ елдің тірегіне айнала білген белгілі аңыз адамдарын өздерінше дәріптеп шамалары келгенше шарықтатып дәріптемек. Міне осылай ұрпақтан ұрпаққа жетіп асылдардың еңбегімен тұлғасы мәнгілік жазылып қиямат келгенге дейін есімдері айтыла бермек.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.