Сүйіп қалдым

Өз ойым /
Емен-терек еркiмен қауышады,
Қайың менен қара ағаш танысады.
Алатаудан басталған ақ бұлақтар,
Алматыға жеткенше жарысады ©

Алматы туралы жыр-әндер маған ұнайтын, жәй ғана ұнайтын. Алматыны көрмеген адам ОЛ жайлы жырды жүрегімен тыңдап, сезіне де алмайды екен. Онда барып көргелі оған арналған қаншама әндер көкірегіме жайылып сала берді. Алматы — әсем қала. Көшелері ертегі әлеміне ұқсады, адамдары да жайдары. Сүйіп қалдым…

Суреттер сөйлесін

«28 панфиловшылар» саябағында:

Өз ойым: Сүйіп қалдым
мына алып ескерткіш маған кішкентай ғана болып көрінетін, көрген адамға әсері бар.

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Мәңгі алау жанында:

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Сағындым аққу үнді
Сағындым ақ гүлімді
Алматым, сайладың сен
Шабытты шаттығымды ©

Медеу мұз айдыны жанында:

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Республика сарайы:

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Ғашықпын жауыныңа
Талпынған тау ұлына
Сағынып жетем саған
Бас мені бауырыңа! ©

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Қарсы алдымда жалаңаштап кіндігін,
Сол Алматы маған қарап тұр бүгін.
Алатаудың жас тоқалы секілді,
Жанарына жасырған бір сұмдығын. ©

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Суықпын, сіңіп кетті ғайыпқа үнім,
Сергелдең сезіміме лайық мұңым.
Алатау, махаббаттан мән сұрама,
Сүйгенім үшін ғана… айыптымын. ©

Алматыдағы метро:

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Ішкі көрініс:

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Мен келемін.
Жанымда саялы бақ.
Жүрісім де, жүрек те саябырлап.
Соғады.
Бірақ, нәзік ақын жаны
Қара түннің төсінен қаяу ұрлап. ©

Айконамен (Құлмұханбетова Айжан Нұрланқызы):

Өз ойым: Сүйіп қалдым

Айконтай Алматының өзіндей мейірімді. Жүрегінің кеңдігіне ризамын. Ал оның әжесі, ата-анасы, әулеті… сөз таппаймын айтуға, ғажап жандар! Жәніім, Айкона сені туған анаңнан айналайын, тәрбиелеп жеткізген әкеңнен айналайын. Бейнебір Алматы үшін үлкен жауапкершілікті көтеріп жүргендей-ақ, қасымнан бір елі шақпады-ау, шықпады. Кеттім деп, қайта айналып қасымнан табылған Айжанға шексіз ризалығымды білдіргім келеді. Сендей досты сыйлаған Алматыға рахмет!

Түнгі Алматы, көркің-ай, керімдей,
Жүрегіме жабыстың желімдей.
Мәңгі ғашық Алматы, жаным саған
Өмірімнің айнымас серігіндей!!! ©
Суреттер Айжанға тиесілі. Суретке түсуді аса қалай бермеймін, Айжанның арқасы мұның бәрі. Тілмен жеткізе алмайтынымды білгендей-ақ суретке түсіруде аянып қалмады. Тағыда алғысымды білдіремін!

Жанымды қайтсем екен шерге малған,
Мерт болды-ау мұңға айналып мендегі арман.
Аласұрып іздеймін әлі күнге,
Алматы, Жүрегімді сенде қалған. ©

Тағыда барам саған, Алматы.

25 пікір

Korkem
Солай… Алматыны бірінші рет көрдім)))
beko
біреусіз((
Korkem
Ендігіде сол «біреумен» барамын, ИНШ))
beko
Иәәә, Aikona болмағандаа, менің уайымым басылмас па еді…
Соңғы өңделген уақыты:
korwinin_kyzy
Бір жылдары Алматыға алғаш бардым
Көре сала ауызымды ашып қалдым
бір апа келіп айтты балам ауызынды жап деді
сол ақ сәтте ауызымды жауа салдым
***
Шетелде жүрдім деп ойлап қалдым
Адамдары ерекше мен тандандым
Барахолка сұмдық қой действительны сумдык
Донганстанда журмин деп ойлап калдым
Korkem
Барахолканы көрмедім)))
korwinin_kyzy
Сізде қатырдыныз Алматыға барып турып Барахолканы кормей ят ят сілішкім ят енді басқа айтар сөз жоқ
Астанага барып турып байтеректі комрей кеалган секілдіма
келесіді олай істеменіз джарайма?
Келесіде дұрыстап дайындалып кел жарайма, осы жолы жетінкіремей тур бірақ сондада 5 қоям, бірақ ялянга карагнда адемде арзан сиякты, енді ойлап қара бензин багасы жогарлап кетті сол себепті Қазақстан немістерден ұтылып қалт, не керек бізге Қытайский пласмасса ыдыстар:???
mairosh
Сонда сіз үшін Алматыға барып Барахолкаға бармағаны Алматы қаласынның жартысын араламағаны деген сөз бе?:)
korwinin_kyzy
Сіз мені түсінбей қалған секілдісіз.
жартысын араламағаны
бұндай сөз менің ауызымнан шықпады.
Барахолканы көру парыз деген жокпын, дұрсы тусініз игі!!!
Бещпармақтан кейін кола ішкін келіп тұрган сияқтыго просты!!!
Korkem
ии не айтвацыңиии? Байтерек пен барахолканы салыстырып сені Садық ұрды ма? сосын қытайский пластмассалар мен бензиннің мұнда не қатысы бар?
MSHERIMBEK
Ииии, қашан үлгердіңииии :) Жақсы репо :)
mairosh
Суреттерде өзің де кереметсің:) ии жаныыыы)))
AKA
Вааай би, мамадес! :) Айттым ғой, Шымкентті «сатып кетесің» деп :)))))))))))
Korkem
ілмектің оқың)) жазкеттім ғҰәә, сата алмаймын қымбаттымды мен)
AKA
Жоооқ, сене алалалалалаламаймын :)))))))) П.С. «Пікіріңізге жауап жазды» деген келмеятр((
yesbolat83
Алматы менің алғашқы махаббатым деген тамаша сөзді кім ойлап тапты екен. Сол адамға мың алғыс! Қандай қасиеті бар екені қайдам әйтеуім Алматыны көрген адам оған жігіттің сұлуды көргеніндей шын ғашық боп қалары сөзсіз. Мен де солардың қатарындамын. Осы бір әсем қалада менің қимас студенттік кезеңдерім өтті. Көркем, саған көөөп рахмет, сол шақтарыма қайтадан оралғандай сезімдемін. 28 панфиловшыла саябағы, Медеу, Республика сарайы, бәрі-бәрі қызықты кездерімді еске түсірді. Бірақ, ол кезде метроның құрылысы әлдеқайда тұрып қалған салынбай, бұйырса көрермін оныда.
erke_ky3
Уууу, күшті реп. Суреттер ваааще күчті :)
zhomart
Қашан, қашан? Бәсе көрінбейді...)
qyrmyzy
қорс-қорс жіләдім ©, қалай қиып кеткем Алматымды. Кучт қыдырыс болыпты, ұнағанына қуаныштымын. Айкона, рахмет үлкен. Ертерек келгеніңде, қолымнан шәй ішеді екенсің ше :)
Adaika
ияяяя… Өте тамаша екен! Алматыға бір барған адам тағы да барғысы келіп тұрады екен. Мен бір-ақ рет барғам. Ол кезде метро жоқ еді… Көркем, мына әдемі суреттерді көріп, қазір тайып тұрғым кеп кетті Алматыға. Алайда, ара қашық, уақыт аз… (((
87753914791
ЭХХХ біздің алып шаhар әдеміғой ШІРКІН!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.