Көп ұлтты мемлекеттің қоғамдық қарым-қатнасы тәуелсіздіктің қағидаларына сай болуы тиіс.

Өз ойым /
Тәуелсіз көп ұлтты Қазақстан Республикасының негізгі бағыты елдің ынтымағы мен бірлігінде. Тәуелсіз елдің орнатқан қағидалары да сол бейбітшілік пен тыныштықтың аймағындағы құрған заңды ережелер. Осы ереженің сақталуы жаппай, ақ-қара деп бөлмей баршадан бірдей талап етіледі. Тәуелсіз еліміздің тыныштығын бұзған кез-келген азамат қылмыскер атанады мейлі ол қазақ болсын, басқа ұлт өкілі болсын айырмасы жоқ. Біздің тәуелсіз ел ешкімді ұлтына қарап алаламайды. Бірақ бұл өзінің ұлттық болмысынан бас тарту деген сөз емес. Керсінше ұлттың тұтастығымен амандығын сақтаудағы басты іс-әрекеті. Әрі қазақ ұлтының мығым және қуатты болу үшін жасалатын мемлекеттік қызметтің негізгі түрі. Кейбір қазақ азамттары мемлекеттің осындай жалпыға ортақ заңдамаларына соқыр ақылмен жағымсыз пікірлерін айтып жатады. Немесе кейбір өзге ұлттағы Қазақстан азамттары да «Біз бәрібір бөтенбіз қазақ қазақты жақтайды» деген ыңғайсыз пікірлермен сананы улайтыныда белгілі. Негізі бұның бәрі қате пікірлер. Мемлекет олай қазаққа бұрып, орысты сырып қызмет ете алмайды. Себебі олай етер болса өз тыныштығын өзі бұзған болып есептеледі. Ал тыныштығы қашқан мемлекет еш уақытта еңсесін тіктеп ұлт болып қалыптаса алмайды. Сондықтанда кез-келген Қазақстан азаматы заңға қорықпай жүгініп, мемлекеттке сенім артқаны жөн. Мемлекет халқына қалай сенім артса, халқыда солай мемлекетіне сенім артқаны құба-құп. Сонда ғана ағашы жемісті, баласы келісті болмақ.
Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті қашаннан бейбітшілік мекені. Ата-бабамыз өз жеріне тағдыр айдап келген барша өзге ұлт адамдарын сыртқа тепкен емес. Керсінше Құдай дарытқан бауырмалдық қасиеттерінің нәтижесінде кең құшақ ашып туыс болып сіңісіп кеткен. Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған. Барлығы басқа салған қиын тағдырдың қасіретін бірге арқалай білген. Соның арқасында бүгінгі тәуелсіз күнге жеттік. Сол бір кездегі осы қарапайым қалықтың қоғам арасындағы татулығының жемісі, бүгінгі күні бақытты күн кешудеміз. Біз осындай ата жолын ескере отырып бүгінгі таңда қандайда бір саяси қақтығыстарға еліктеген қарапайым халықтың арасында өздігінен ұлт аралық қатығыстар болады дегенге сенбейміз. Тек қандайда бір саяси жоспарлары бар белсенділер өздерінің көздеген мақсаттарына жету үшін халықты бір-біріне айдап салып, елдің берекесін алу арқылы жеке пайдаларын жаратып немес саяси іс-әрекеттерін жүзеге асырып жатады. Бұндай қыңыр ойлы кесапаттардың арбауына түспеуіміз керек. Егер елінің тыныштығын ойлаған әр азамат қандай жағдайда болмасын елдің берекесін алатындай әрекетке бармағаны жөн. Әйтседе бөтен ойлы бұзақылардың айласынан құтылуда оңай емес. Тек баршамыз бір нәрсені ұмытпауымыз керек біздің көп ұлтылығымыз тәуелсіздігімізге еш қандай кедергі келтірмейді керсінше біз өзіміздің ұлттар татулығының әсем көрінісімен барша әлемге үлгі екенімізді естен шығармайық. Бұл біздің тәуелсіздікті сақтап қалу жолындағы басты бағытымыз болуы тиіс.

7 пікір

Jako
Еш бір ұлт аралық қақтығыс болмаған.
Бұған келісу қиын енді.
Kan
Исатайдың Кенесарының орыс патшасына қарсы ұйымдастырған ұлт азаттық көтерілісі ол бөлек әңгіме. ал осы қазақ жеріне қоныс ауып келген өзге ұлттардың еш көтерілісін тарихтан оқымаппын. 1986 жылғы қазақ жастарының орыстарды өлтіруі оны ұлт азаттық қақтығыс деп ойламаймын. Ол саяси қақтығыс. Бірақ тарихта жазылмаған қақтығыстар бар ма?
Jako
айтыла бермейтіні болмаса женткілікті ғой, Кан мырза. Ана бір жылдары Маңқыстауда болған кавказ ұлттарымен болған, Шымкентте болған түрік ұлтының өкілдерімен болған, Жамбыл облысы, Жуалы ауданынында шешен халқы өкілдерімен болған қақтығыстан шешендер жаппай үдере көшіп жанын сақтаған жағдайлар айта берсең көп қой.
Kan
Менің қорқатынымда сол ғой аға. Мемлекет халыққа жаппай таралмасын деп ондай қақтығыстарды айтпайды. Бірақ бұның түбі жақсылыққа апармасы анық. Мен осындай сұмдықтың алдын алу мақсатында мақалар жазып жүрмін. Көлге тамшы тамызғандай іс қой әйтеуір.
Jako
Жақсы ниет, жарым ырыс деген, оның жөн екен. Бірақ менің ойымша Қазақстандағы тыныштық әкімғаралардың емес, қазақ халқының дархан көңілділігінің жемісі болар деп ойлаймын.
Kan
әрине менде сол еліміздің дархандығын дәріптегім келеді.
yesbolat83
Мына сөз ұнап қалды:
ағашы жемісті, баласы келісті
Бұрын-соңды естімеппін.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.