Adobe Photoshop графикалық редакторының интерфейсімен танысу (ТЕОРИЯ)

Фотошоп бағдарламасын неден бастап жазарымды бірәз ойланып, ең алдымен программа интерфейсінен бастағанды жөн көрдім.
Келесі бір екі постта да біраз теориялар болуы мүмкін. айып етпеңдер, алдымен теорияны біліп алыңдар деп мұғаліміміз жұбатушы еді.

Ескерту келесі мәтіндердің бәрін ғаламтордан тауып алған рефераттардан құрастырып алдым )))

Ескерту КӨӨӨӨӨП АНЫҚТАМА МӘТІН

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен біргеImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.
Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген.



Міне басты беті осы. Енді әр бөлігіне жеке жеке тоқталып кетейін:



0.

Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

1.

Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны.
Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады.

Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады:
Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу;

Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау;

Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;

Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;

Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;

Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;

Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;

Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру;
Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу.

2.

Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан.

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.


2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.


3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.

4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
Заплатка (Patch), Shift+J.


5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.

6. Өшіруге арналған құралдар:
Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.


7. Дәлдікті басқару құралдары
Жуу (Blur), Shift+R;
Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
Саусақ (Smudge), Shift+R.


8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
Перо (Pen), Shift+P;
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
Нүктені түрлендіру (Convert Point).


9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;


10. Комментарий құруға арналған құралдар
Комментарий (Notes), Shift+N;
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.


11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.

12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар

13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.

14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.

15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.

16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар
Фрагмент (Slice), Shift+K;
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.


17. Сурет салуда қолданылатын құралдар
Кисть (Brush), Shift+B;
Карандаш (Pencil), Shift+B.


18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;

19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.


20. Жарықтылықты басқару құралдары
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
Губка (Sponge), Shift+O.


21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.


22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.


23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар
Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
Өлшеуіш (Measure), Shift+I.


24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

3.

Қасиеттер панельі
Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

4.

Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады.





5.

Бұл да басқаруға арналған палитралар, жинақтастырылып қойылған

БООООООЛДЫ )) қиын емесқой ә )) осыны қорытып алыңдар, шошымаң, бір екі посттан кейін практиқа басталады )))

20 пікір

followme_alik
Пайдалы мәлімет. Жарайсың, практикада ДжекҚарияңның көздерін қалай жарқыл-жұрқыл жыпылақтатқаныңды айтарсың деген ойдамын.жарайсың)
Abylai
рахмет )) ок есімде болсын. сыпайыболыпотырмын)))
followme_alik
бәсе, байқап қалдым. әйтеуір ә ң ғ і қ ұ ү ғ ы -лардан құтылдық-ау)
Turekhan
Ол сурет қайда?
KILYZAMAN
Бөлісер білімің құнарлана бергей бауырым… Талмас қанат, мұқалмас талап саған!
Abylai
рахмет аға, айтқандай сіздің суреттердің салмағы қалай анықталады деген сұрағыңызға бөлек пост жазғалы жатыр едім, дәл қай кеңейтілімдегі кескін жәйінда білгіңіз келеді?
KILYZAMAN
Сол айтылған кескіндемелердің қайсысы қайсысынан ауырырақ болады екен дегендей ой туындап еді…
Abylai
құп болады )) келсі жазбада сол тақырыпта жазып кетермін
Segizseri
Еңбегің жансын дейміз рахмет көп көп. жаза түс соңына дейін біздікі сол дайын асқа тік қасық болып тұр әзірге.
KILYZAMAN
дайын асқа тік қасық болып тұр әзірге.
-Олай айтпағаның дұрыс болар ;-) Сіңер құлақ(сана) табудың өзі қыйындап бара жатқан мына заманда. Сен қызықсаң, мен қызықсам — Ол қанаттана түспейме? :-)
Korkem
беіңнен бір сүйдім да +1))))))
Arhun
Жарайсың, Әбіл інішек, жарайсың! адасқан бір қазақ осы сайтқа осы мақалаң үшін міндетті түрде келіп кетер
zilola
сендерге 8-ші сабақта қосыламын онда ))
123456789
Хе мен осы сайтқа келген сайын жаңа блогтардан ылғи абылайды көрем и ерінбей оқим, пайдалы мақала екен менде де осы фотошоп бар сол туралы жазылатын болса мақалаларыңды үзбеи оқып тұрармын. +1 менен (жалпы өзім түсінбеген нәрселеріме + қойып кете берем әитеур көп біледі екен деп хе)
Turekhan
Маған да үйреніп алу керек ед фотошопты)) +1 менен де.
Amanjan
Салеметсізбе! қай жерден жақсы фотошп жүктей аламын, кілті болса екен, айтпесе бір айға ғана жарамды көбісі, сосын интерфейсін ағылшыншадан орысшаға ауыстыруға боладыма?
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.