Толғаныс

***
Арқалап алып сағынышымды ғасырлық,
Ақ арманымды сәруар сезіммен асыл ғып.
Болашақ саған жете аламын ба жырыммен
Жете алмаймын ба көшіңе жолдан қосылдық.

Жә, ол да емес, балаңның тіпті арманы
Жанымда жырың, жадымда әнің қалмады.
Ауызыма қарап, алдымнан күткен жандарға
Дұрыс сөз айтып, жөн сілтей алсам болғаны.

Бүгінгі жырдың бағасын берер біз емес,
Тағдырда мына болып жатады мың егес.
Ұрпаққа айтар ақылың егер болмаса
Ұрандап жазған романдарың түк емес.

Бір бірімізді жерлеп жатамыз сөзбенен,
Жөндеп жатамыз жанашыр болсақ тезбенен.
Қырық үйіңнен қызыңа тию болмаса
Не қайыр, аға, сөйлегеніңмен мінбеден?

Жанарымыздан жүргеніменен жас тайып,
Тағамыз осы бір бірімізге босқа айып.
Қияметке дейін көш бұзбай жету үшін де
Түзелу ісін шаңырағымыздан бастайық.

10 пікір

mairosh
Бағашар өзің жазбын ба?
Bagashar
әрине өзімдікі.мен тек өзім жазғандарды саламын мұнда
mairosh
Онда керемт жаздың. Айттым ғо ақынсың деп. Жарадың тағы)))))
Bagashar
рахмет! сен айтсаң жетеді ғо
mairosh
Қалай екі постқа пікір жазып үлгеріп отсын))))) ужс қо
Bagashar
сондаймыз енд
Bagashar
сен де жазып отырсың ғо
mairosh
со үлгере алмай жатрм ғой. бірін болсаң бірі келіп тұр. оғанда жазғн кеп кетет))))
Umit-Umit
Тамаша өркенің өссін!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.