Оразалы ағама
Сенің үнің басқа еді ғой, басқа мұң,
Жанарыңмен жаудың бәрін жасқадың.
«Дүниеге келе салып әу баста
Тасқа қашалған дастаным.»
Толғауың тарау, мақамың мұңлы асылым,
Тамшысы ма едің тағдырдың ыстық жасының.
Сені ғана тербететін әлдилеп
Келе жатыр сенің сұлу ғасырың.
Сені жоқтап жатыр қала, дала да,
Сені іздеп жатыр бала, ана да.
Аракідік намазымның соңында
Саған дұға жасап қоям, жан аға.
Жанарыңмен жаудың бәрін жасқадың.
«Дүниеге келе салып әу баста
Тасқа қашалған дастаным.»
Толғауың тарау, мақамың мұңлы асылым,
Тамшысы ма едің тағдырдың ыстық жасының.
Сені ғана тербететін әлдилеп
Келе жатыр сенің сұлу ғасырың.
Сені жоқтап жатыр қала, дала да,
Сені іздеп жатыр бала, ана да.
Аракідік намазымның соңында
Саған дұға жасап қоям, жан аға.
8 пікір