Күтемін құтқарар бір жанды

Қосылмас жандармыз біздеген,
Сабылып бақытын іздеген.
Шын сүйген ғашықтар қаншама?
Көр соқыр үмітін үзбеген.

Біздеген бақытты жандармыз,
Сарғайып күтсе де алдан күз.
Алыстан қол бұлғап барасын,
Бақшама қонбаған арман қыз.

Шынайы жырладым сырымды,
Түсінер жан барма мұнымды.
Мені де біреу кеп құтқарар,
Әдемі қыз көпқой бұрымды.

14 пікір

Kan
әдемі өлең. жарайсың.
maulen
Рахмет, Кан аға!
Ademi
Әдемі жігіт көп қой машиналы
maulen
Салем, қыздарға қатты ұнамасын білемін, Көзсіз махаббаттан гөрі осы дұрыс емес пе?
eerkinuly
өлеңдердың ұйқасы адемі екен ойыңнын ұшы талмасын
qyrmyzy
Мені де біреу кеп құтқарар,
Әдемі қыз көпқой бұрымды.
бұрым жооооқ
maulen
Мені кұтқара жан сен болмағаның ғой онда?
Aidana90
Әдемі!!! Жабысыныз нық екен!!!
maulen
Рахмет, Айдана!
gulmyra
Маулен, соз жок керемет, жарайсын!
gulmyra
Унаттым суйине жырынды, Айткызбай тусиндим сырынды. Маулен-ау суйген жан тек биреу, Кыз коп деп келтирме жынымды!))))))))
semser_soz
Шын сүйген ғашықтар қаншама?
Көр соқыр үмітін үзбеген.
Тамаша Мәулен… Осы соқыр үміт қой жүректерді жарастыратын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.