Ерлер қауымы есте сақтаңыздар!

Қай жерде мейлі, қай елде,
Өмірдің мәні әйелде.
Мықтымын десең өзіңді
Әйелге барып дәлелде

Солар деп түстік көкпарға
Солардан ыстық от барма?!
қарғағын келсе біреуді
Әйелсіз өтсін деп қарға

Болмасын әйел мазалы
Болмасын әйел жазалы
Мықтымын деген еркектің
Әйелден болар ажалы.

Сырыңды соған ашасың,
Мауқыңды соған басасың.
Еркектердің Күндері
Әйелдер мәңгі жасасын!
авторын білмедім, бірақ бір тындағаннан унатып, жазып алдым. сіздермен бөліскім келді

68 пікір

VVVWWW
Поэзия ретінде де, нақыл сөз ретінде де түк те ұнаған жоқ! бірін-біріне қарсы қою сияқты
Korkem
Үйстет енД бұлар. Өзім бір жасап қалдым ық-ық
AyKoN
өзіме унады, сіздерді білмедім
yesbolat83
Жақсы жазылған әйел адамдар үшін. Бірақ, еркек кіндіктілерге ұнамасы анық.
AyKoN
бірақ мойындаудың өзі үлкен ерлік!
yesbolat83
Ерлердің атынан сөйлейін — ҰНАМАЙДЫ!
qyrmyzy
неге?
Korkem
сен сұрама, ол айтпасын))))
Korkem
ereke_enu
Ай, бір, құдайларың беріп қалыпты ғой. Бір күн кірмеп едім)))
pari
намысқой:)))
Korkem
Мынаны әлгі әйелді олай да бір, бұлай да бір даттап болмайтын Ереке ену мен Ақыл қалтаға оқыту керек шығар, иә, иә Қарақұлов та бар екен ғой муахахах. Дүние кезек-мезек деген осы шығар
didi0393
v tochku! Ahahahahhh
ereke_enu
Емаааа, мына қыздар жиналып алып не айтып жатыр, хе хе)) Сендерге сын айтса, даттадың дейсіңдер. Мынадай өлең жазса жағады екен да??
Karakulov
Karakulov dep kimdi,meni aitip otirmisiz? Men kawan aiel atauliga tiysippin?))
didi0393
erkekterdin shamyna tietindei balendei narse korip turgam jok.omirdin mani bizderde)))
Dan4ik
қыздар мына оленді оқып шелек тоист тазик боватыр ғооо ))))))))))))))))))))))))
qyrmyzy
қойшиш, кәне?
AL-ASTER
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Өзіңнен туған жас бала
Сақалы шығып жат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық, шөл көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қатып жүріп, түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темір қазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай
Ерлердің ісі бітер ме?

qyrmyzy
Охх, амигоо, өзіңді бас:)
ereke_enu
Міне, міне, еркектер қандай болу керек!!!
ereke_enu
Әрине, әйелдің отбасыда алатын құрметті орны бар. Бірақ, мына өлең шектен шыққандық. Автор — әйел кісі болса керек, не ярый «подкаблук»))) «Шатыры» құтты болсын, хехе!
ereke_enu
О, еркек атаулы, тізгінді әйелге бере көрмеңдер!!!

Қызды бақытты ету — ол оның көңілін аулап, не десе соған көну емес. Мүмкін, бұл жағдайда қыз бақытты сезінетін шығар. бірақ, Даааа нууу, ондай еркекті.

Қызды бақытты ету — оның тағдырын өз мойныңа алу. Ер жігіт отбасын, елін, жерін ойлауы керек. Бір қатынның соңына ермей, атасы нәлет. Менің әйелімді қанша аясаңдар да, оның әлемде ең бақытты әйел болатынына сенімдімін.
Korkem
Менің әйелімді қанша аясаңдар да, оның әлемде ең бақытты әйел болатынына сенімдімін.
ИншаАллаһ, жібі түзу әйел жолықсын деп тілеңіз.
kema
өлеңнін аптыры атақты стирик Толымбек Әлімбекұлы)))))))
kema
Екеуінің айырмашылығы
Аңыз бен ертек.
Қораз, мәселен, кез келген
Көрші мекиендердің жүрегін өртеп,
Мінез көрсетіп тентек
Қыдырғысы келсе қыдырып,
Ұрынғысы келсе ұрынып,
Бөтен қораға
Бұрылғысы келсе бұрылып,
Шөжелердің артынан жүгіріп,
Бірде тұрып, бірде жығылып,
Кешке өзінің қорасына
Қалың мекиендерінің арасына
Түк болмағандай қоқиланып,
оңын-соңын шоқыланып,
Қайтып келеді.
Еркек сөйтсінші…
Әйел қаһарға мініп,
Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп,
Өткеннің тарихын қозғап,
Жіпке тізгендей айтып береді.
Қырық жыл бұрынғы
Жігіт кезінде ұсынған махаббатын
Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді.
Соны білетін ол байғұс
Үйіне қайтіп келеді?
Алпыс аңызын, қырық өтірігін
Батырлар жырын айтқандай
Аңыратып айтып келеді.
Келеді деймін-ау…
Келтірмейді.
Өлтіруге жақындатады
Бірақ өлтірмейді.
Әйел еркекті
Ешқашан олай жүргізбейді,
Сирағын сындырып,
Ауыздықтап, тізгіндейді.
Жүргенін білсе
Үйге кіргізбейді.
Қайран, Еркек…
Қораздың бұл өмірін
Күнде іздейді,
түнде іздейді.
Delfina
Еркек сөйтсінші…
Әйел қаһарға мініп,
Жалмауыз кемпірдің кейпіне кіріп,
Өткеннің тарихын қозғап,
Жіпке тізгендей айтып береді.
Қырық жыл бұрынғы
Жігіт кезінде ұсынған махаббатын
Жүнін жұлған тауықтай ғып қайтып береді.
дәл айтылған-ау
korwinin_kyzy
өзіңсін стирик)))))))))))))))))
Korkem
авамды қайтааар
kema
tagy bir Tolymbek Alimbektin olen

Еркек үшін әйел мен машина
Ыстық және жақын,
Екеуі де өмір.
Бірақ әйел – қатын,
Ал, машина – темір.
Ұқсайтыны – еркек
Екеуін де аялайды,
Екеуін де бағалайды.
Машинасынан
Ақшасын аямайды.
Өйткені оны айдайды,
Уақтылы күтіп,
Уақтылы майлайды.
Оның бір жақсы жері
Қайта-қайта ақша сұрап,
Алақанын жаймайды.
Ал, әйел алған бетінен таймайды,
жүйкеңе ойнайды.
Берген сайын тоймайды.
Машина күн демейді,
Түн демейді,
Ақша бермесең үндемейді,
Кей кезде сілейіп
Кідіріп, тұрып қалады.
Ондай кезде еркек ашуланып,
Теуіп қалады, ұрып қалады –
Жауап жоқ,
бар айыбы сынып қалады.
Ал әйелді соқпай-ақ қой,
Жәй әшейін түртіп қал.
Жолыққандай күртік қар
Қар бораған бұзық қабағы,
Өткен-кеткенді тізіп, табады,
Сенің қан қысымың
250-ге жеткенде ғана
Тыңыш табады,
«Жедел жәрдем» әкеткен соң
Амалсыз аузын жабады.
ZevsKO
Толымбек Әлімбектің интузиазмы ұнайды. ГУШТ! Кема Ырысбек! Рахмет"
AKA
Қыздар мәз, жігіттер жағы көңіл түсетіндей жағдай емес, меніңше. Білуімше, бұл өлеңнің әлі алды бар, бірақ мұнда жазылмай қалған. Дәл осы жерін ғана жазып қойған әділ емес әрине, себебі алдыңға бөлігінде жігіттерді мақтайтындай ситуациялар айтылады, ұмытпасам…
Сосын, неменеге дауласып, ұрсыса бересіңдер ии?! Қыздар да, жігіттер де барлығын да қарсы жыныстағы адамына ұнау үшін жасайды ғой негізі, шындығына келсек. Сосын, бір-бірімізге атыла бергенше, шамалы болса да жол беріп, уступка дегендей жасайық та, сыйлап. Әсіресе, қыздар жағы :)) Нәзік жыныстылар «Мен, мен, кереметпіз, сұмдықпыз, оның жасағанын біз де жасаймыз, олар бізге үйтсін, сөйтсін, алақандарында ұстасын» деген көкірек ұрарлық ұранды азайтса деген ниет бар, ерлерге де қатысты. Әйел бәрібір екінші орында, қайта екінші орында болып, еріңе қарсы шыға бермесең ғана ол сені алақанында аялайды! Ал, ерлер қауымы әйелінің жақсылығын пайдаланып, есіріп кетпесе болғаны. Ошым, әркім өз орнын білсін деген сөз ғой :))
rauan
Мына жақта Қыздар Vs Жігіттер баттлы боп жатыр ма қалай өзі?
korwinin_kyzy
РЕМЕЙК(REMAKE)
..Еркектерді әйелдерден көп дейді.
шіркін
шіркін
Бола берсін көп, мейлі!
Еркек деген Кырасапшык кой ғой, кырасапшык,
КЫРАСЫПШЫҚТЫҚ бізге көптік етпейді…
AKA
Муахахаха :))
korwinin_kyzy
РЕМЕЙК 2
Еркектер-ай!
Еркектер-ай!
Қандайсың?!
6 квадрат салып алыпсын әрқайсың.
Біреу міреу шақырсада қалмайсын,
Шақырмаса ещқайда сен бармайсын бармайсың.
Мужиктар -ай!
Мужиктар, -ай
қандайсың?!

6 квадрат деген мындай болады
Manas
красапчік)))Мынауыңды Қайрат Түндеков, Кішенбайовтар естімесін:)
mairosh
Мужиктар -ай!
Мужиктар, -ай қандайсың?!
Karakulov
wahhaha))) minani jazip jatkan Korkem be dep kalsam basinda)))) OLtirdin k_kizi
pari
Еркектер мен әйелдердің құқықтары мен дәрежелері бірдей!
yesbolat83
Әрине, құқықтары бір. Бірақ, әйел адамдардікі 1-ақ саты төмен. Төмен дегенім менсінбеушілік емес, қате түсініп қалмаңыз. Әйелдер ерлердің алақанында құлпырып жүрулері үшін жаралған. Еркектер қауымы үшін әйел адамдардың орны ерекше.
Manas
Керемет пікір)
samga
Авторы Жүрсін Ерман
Manas
Керек десең исламда әйелдің дәрежесі еркектен жоғары)-деп айтқан)
yesbolat83
Мәке, қалжыңыңыз болар.
Manas
Негізі солай деп айтқан бір ағамыз)ойлап қарасам шыныменде солай сияқты.
AyKoN
керісінше емес па? ия, ер мен әйел бірін-бірі сыйлай білі керек. мен жоғарымын деген пікір қате! Алланың алдында бәріміз теңбіз. Әр жыныстың өз орны бар. Әйел болмаса еркек, еркек болмаса әйел болмас еді. Сонымен қатар«тақуалықтан кейін, яғни Алланың ризашылығынан кейін куйеуінің ризашылығына бөленгеен әйел жумаққа барады. Ал Алланың ризашылығын алу үшін куйеуііннің ризашылығын алуға тиіссің!»
Manas
Тең деп айтуғо болады.Мынадай бір сөз бар:
Ана ризашылығын алмаған адамға жаннаттың есігі жабық дейді.
azamatt
қазақта әр қашан ер адам отағасы яғни 1- ші болған, ал әйел күйеуінің қас-қабағына қарап соның дегенімен жүрген…
AyKoN
дұрыс айттыныз Аззамат! бірақ ер азаматтарымыз да әйелін сыйлап,қадірлеп, еркелете білген.
azamatt
ия әйелді сыйлаған бірақ бұл жерде Manas- әйелдің дәрежесі еркектен жоғары)-деп айтқан)…
AyKoN
мен Манаска емес сізге жаздым бұл пікірді.
дұрыс айттыныз Аззамат!
дедім емес пе?
azamatt
ия мен тек манастың әйелдің дәрежесі еркектен жоғары дегенін меңзегем сіз сыйластық туралы айтып отрсыз бұл жерде әңгіме еркек пен әйелдің арасындаңы сыйластық емес дәреже туралы...ғо
AyKoN
сыйластық болған жерде, сен мен деген дәрежеге бөлу болмайды. Әркім өз-орнын білетін болады
azamatt
ия. бірақ мен бір-бірін сыйламау керек дедім ба
Karakulov
Aiel me,mymkin ananin wigar?
Karakulov
Menin tysingenimwe mina olen tek azilden kuralgan — aiel men erkekti bir-birine karsilastiru ywin emes, aielder bir jasap, maz bop kalsin degen ideadan tuindagan bolsa kerek. A tak, belgili goi kimnin darejesi kandai jane kim kimdi aialau kerek ekeni — kaitalap aitudin, daleldeudin tykke kajeti jok)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.