Қарменен келген қалқатай

Неге бұлай уақыт деген таршылық?
Беремінғой менде сағат баршылық.
Көргім келед. бір арудың келбетін,
Ал ол болса көрсетеді қарсылық…

Іздейді жүрек ізін суытқан шақтарды,
Өзгелік емес, өзіндік сырын ақтарды.
Көктемге қолы жете алмай кеткен сылқымым,
Аялап өтер аязды, суық ақ қарды.

Кеше қар жауды… көрдің бе?
Мен сені көрдім қар емес маған маңызды.
Сол жауған қарлар ызғарын алып келседе,
Ерітті келіп, сезімнің суын тамызды.
Тағыда сені көргім келеді.

36 пікір

qyrmyzy
бағындырдымғой әйтеуір....
ооо, күштііі
maulen
Тағыда рахмет!
didar
грамматикалык кате жиберип алу озиндик стилин ба, кокеси?
maulen
стиль емес ау, назар аудармағандікі ғой, енді абай болуға тырысамын!
maulen
Пікір қалдыруларыңызды сұрймын!
didar
бунақтарға сәл көбірек назар аударшы. ұйқастырғанмен мәселе бітпейді. ырғақтар толқып кеткен. осы олқылықтардың орнын толтырсаң игі, мезірет білдіруге тұрарлық дарының бар.
maulen
иә, есімде ұстаймын!
naizagai
ммм… жарайд курстасымсын го
naizagai
айтпакшы фото адеми екенн
maulen
Рахмет, курстасым!
qyrmyzy
курстасыңа бұл жер моймир емес екенін айтарсың жақсылап. Журфактың абыройын төкпесін шелектеп, біз қасықтап жинап едік....
Chan
қатал әпше:)әпше? ықық
Kan
Махаббат махаббат
Albina97
өлең күшті әсіресе мына теңеу ұнады «Ерітті келіп, сезімнің суын тамызды»деген
yesbolat83
Мәке, сәтті шығыпты өлеңің.
Көргім келед. бір арудың келбетін,
Ал ол болса көрсетеді қарсылық…
Осы жері неге екені, қатты ұнады. Себебі бір кездері мен де бір арудың келбетін бір көруге…
Керемет жазылған дүние!
maulen
Алғысым шексіз, сонымен қолыңыз жетті ме сол аруға?
yesbolat83
Өкінішке орай десем бе екен, бағыма орай десем бе екен — жоқ. Себебі, қазір, жанұям бар, бақытты отбасымыз!
maulen
Керемет, шаңырағыңыз берік болсын!
Jako
Беремінғой менде сағат баршылық.

Ұйқас үшін алына салған ба, түсінбедім.

Көктемге қолы жете алмай кеткен сылқымым,
Аялап өтер аязды, суық ақ қарды.

Бұл жолдар да түсініксіздеу.
maulen
негизи: беремингой менде уакыт баршылык -дегим келген, олен шумагында *уакыт* созинин кайталануын каламадым! Ал коктемге келетин болсак оленин протипине карама-карсылыкты билдиргим келген
bekzada
керемет. сол қызға міндетті түрде оқып беру керек. )))
maulen
рахмет, Бекзада, ия окып берермин буыйырса!
AKA
Неге бұлай уақыт деген таршылық?
Беремінғой менде сағат баршылық.
Мықты әсер бере қоймады, әсіресе жоғарыдағы мен көрсеткен жолдар әлсіз…
maulen
ия, АКА, рахмет! Менин коздегеним мыкты асер емес, айтар ойымды кабылетим жеткенше жеткизу, алсиз шыкканына окинемин!
AL-ASTER
Көше жолында қаптаған мәшине. Оны айдуға, кез-келгеннің құқығы бар, әркім жүргізуге әуес. Тек, барлығы ортақ ережені былай қойғанда, моральдік қағиданы да ескермейді. Тек, көлігім бар деп рульде отырғаны маңызды.
Көптеген жол оқиғалары болып жатады. Әрине, бұған жолды қадағалау, жүйелі басқару жасайтын орындар да жауапкершілікті орындамай отырғанын айтуға да болады.
Бәрібір, қазіргі уақытта, бұрынғы уақыттағыдай өз ісіне жауаппен қарайтындай сауатты профессионалдар аз екендігі байқалады.

Ақзере Ж. Астана қаласы, №24 мектептің 4 сынып оқушысы, 1999 ж, Айгөлек журналы
Jako
Нұреке, бұл жерде өлең туралы пікірталас болып жатыр еді..., байқаймын жүргізушілерге қатты өкпелеген сияқтысыз. Сонан кейін мына ойды 4-ші сынып оқушысы айтты дегенге сену қалай болар екен?
AL-ASTER
«Халық арасында қаптаған қаптаған өлең. Оны жазуға, кез-келгеннің құқығы бар, әркім жазуға әуес. Тек, барлығы ортақ ережені былай қойғанда, моральдік қағиданы да ескермейді. Тек, еркім бар деп жұртқа жариялағаны маңызды.
Көптеген қателіктер болып жатады. Әрине, бұған әдеби саланы қадағалау, жүйелі басқару жасайтын орындар да жауапкершілікті орындамай отырғанын айтуға да болады.
Бәрібір, қазіргі уақытта, бұрынғы уақыттағыдай өз ісіне жауаппен қарайтындай сауатты профессионалдар аз екендігі байқалады.» десе қалай?

Ақзере Ж. Астана қаласы, №24 мектептің 4 сынып оқушысы, 1999 ж, Айгөлек журналы (Бұл фейк. Автордың патша көңілін ескеріп, назарын басқаға аудару әрекеті)
Jako
Еее, мен білмейтін дүние екен.
eclipse9
Мәкең төселмеген, деседе, төселу үстінде жүрген жас ақын! Буын, ұйқастан қате кетті екен деп қатты сынға алудың қажеті жоқ деп білемін!!! Ең бастысы айтар ойы бар! Ал бұл дегеніміз көпшіліктің қаламына дарымаған қасиет! Ұйқас, буын дегеніміз бұзылған үй іспеттес, қалпына келеді… Мәкеңнін өлеңдері, ойсыз ұйқас, буыны мықты ақындарға қараған көші ілгері! Ұйқас пен буынның мықтылығын қайтейін ой болмаса, осы ретте " бәкіңнің күмісіне қарап, өтпесіне болайын" деген мақал еріксіз ойға оралады! Болмашы буынға бола түңілудің, әсте қажеті жоқ! Тағы бір айтарым, буын мәселесіне қатты келгің келіп бара жатса ШАХАНОВқа бар да, сіздің өлеңдеріңізде буын үлгісі сақталмаған деп… қысқасы ойсыз ақындарға қарағанда Мәкеңнің өлеңдері тәубеге келуге тұрарлық!!!
gulmyra
мен жогарыда берилген пикирлермен келиским келмейди,
«Неге бұлай уақыт деген таршылық?
Беремінғой менде сағат баршылық.» — деген жолдары астарлы маганадаго, ол кызга бирдене беремин деп турган жок, акыннын айткысы келгени омир зу етип оте шыгады, уакыт тапшы болсада сен ушин уакытым бар, аямаймын, омиримди саган арнаймын деген магынада екени ап-анык емеспе, неси тусиниксиз, Астарлы магына коркем адебиеттин туган баласы емеспе, олен тусинбей акынмын деп кеуде керу маскара емеспе…
gulmyra
Маулен, жарайсын, алган бетиннен кайтпа, негизин оте жаксы, создерин тусиникти, астарлы магынанын шеберисин, суреттеу тасилин оте ушкыр, ризамын саган… Жигиттерге коп карсылык билдируши едим, оленинди окып ойымды озгерттим...))))
Jurman
Алға, бауырым! Өнердегі өзіңді емес, өзіңдегі өнерді бағалай біл деген.
Rayana
көш жүре түзелетінін ескерсек, болар баланың белін буған дұрыс менің пікірімше!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.