Тәуелсіздік толғауы

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Бабаң бар сенің Абылай
Ел басқарған шағында
Нәпсісін кеткен танымай
Әділдік жолын жалғаған
Шіркіннің қайсар жанын-ай

Бабаң бар сенің Қабанбай
Ұрандап жауға шапқанда
Жау шашылған сабандай
Жоңғарлар жатып жылаған
Қазақтың жерін ала алмай
Қалмақтар зарлап, аңыраған
Кесілген басын таба алмай

Бабаң бар батыр Исатай
Бабаң бар сенің Махамбет
Қол бастаған жау жаққа
Өз ұлтын сақтап қалам деп
Қасық қан қалмай күрескен
Тарихым куә оған тек

Бабаң бар сенің Сүйінбай
Көмейден жырын төккенде
Желдірткен асау құйындай
Таласқа түскен барлығын
Көрмеген тіпті, бұйымдай
Тыңдаған халық жылаған
Жанардан жасы тыйылмай

Бабаң бар Ұлы Абайдай
Қазақты сақтап қалам деп
Жырымен төккен жан-айқай
Болашақ жұртқа жол сілтер
Сөздері таңғы арайдай

Бабаң бар сенің Ахмет
Шындыққа жаны жақын ед
Ел болу еді арманы
Көрді ғой талай қасірет
Маса боп жұртын оятты
Әр сөзі өткір, асыл ед
Қазағы үшін тынбады
Тигенше өлім тасы кеп

Бабаң бар Қажымұқандай
Кілемге шығып келгенде
Қарсылас қалған тұра алмай
Бүктірген жеті әлемді
Қарамау керек бұған жай

Бабаң бар сенің Бауыржан
Мінезі, тастан ауыр жан
Майданда ерлік танытқан
Сескенбей сан мың жауынан

Елім деп өлген Қайраттар
Ісінде үлгі айғақ бар
Соларды намыс көтерді
Ақылға салып ойлап көр

Кешегі өткен бабалар
Кешегі өткен даналар
Солардан қалған тұяқсың
Қазақ боп мына жалғанда
Ойсыз боп жүру ұят шын
Өзің кеп сергіп тұрмасаң
Кім келіп сені оятсын?!

Қазақтығыңды ұмытпа
Алаулап биік жан енді
Намысты жандыр жүректе
Дүр сілкіндірші әлемді
Болашақ сенің қолыңда
Болашақ менің қолымда
Шындықты іздеп тап енді
Қазақ боп досым, туылдың
Қазақ боп мәңгі қал енді!

© Садық Шерімбек, 2011 жыл

20 пікір

AyKoN
Атыңнан айналайын Егемендік! Біз өстік, сенде туып, сенен өндік. Арманы бабалардың орындалып. Қаланды кең далама керегем нық.!!!
korwinin_kyzy
БЫРАТ наны сен бе шығарған?
MSHERIMBEK
аптырында Садко Шермбекус деп тұр ғо бғат:)
korwinin_kyzy
қайдам былейын быр жерде капирабаттап алагн боларснын))))))))))))))
korwinin_kyzy
Садкос Шемберес Беделды латыш азаматы)))))
MSHERIMBEK
бғат, хатя б, құттықтасайшы мерекемен)
korwinin_kyzy
ойлап едым деп АйТинын маманы
кым ойлаған мындай олен жазады
қара жаяу емес екен бұл бала
Тамсандырды, танкалдырды баршаны
хехехехеехеххехехееех
Dan4ik
ахахахахахах Өрт Саке )))
didi0393
shybyn kirketpesin))) oooi Karasakal 88kyrly 100syrly adminadamgo))))
didi0393
Otandastar mereke kutty bolsssyyyyyyn!!! Biz siakty,kazak Elimiz sekildi baska memlekettin 21jyl ishsinde osyndai jetistikterge jetken jok!ozimnin kazak bolyp tuylganyma maktan etem))))) Sadyk respekt!!!
Jolai
Құрметті Айтаберлік достарым, Тәуелсіздік мерекесімен сіздерді шын жүрегіммен құттықтаймын! Садық өлең шығарса не болыпты? соғанда таң қалуға болады ма екен? қайта қуанбаймыз ба? осындай керемет күнге деген ыстықта һәм шынайы махаббаттан туындаған жыр ғой бұл! Ұлың бар сенің Садықтай, Тәуелсіздікті жырлайтын!
Jako
Тамаша жазылған толғау екен, айтары жоқ.
Kan
Ұлың бар елім Садықтай
Жыры жұмсақ мамықтай
Оқисың оны жалықпай
Көңілің кеміп қамықпай
Jolai
КАН мырза жақсы келтірді! аға мереке құтты болсын!
korwinin_kyzy
Тәуелсіздік мерекесі еліміздегі Христянский мереке жана жыл статусына әлі жеткен жок, ертен көресін жана жыл жақындағанда бәрі сол туралы жазатын болады, себебі адамдардын бастары айналған
ИМҚО себебі жана жылға 1-2 ай бұрын дайындалады, шыршаны шыр айналады, балдарды алдап сыйлықтарды өздері сатып алып, аяз атанын атынан береді, неткен сумдык((( ӘЛІ ЖАЗАТЫН НӘРСЕ КӨӨӨП, ЖАЗА БЕРСЕМ КЛАВИАТУРА ІСТЕН ШЫҒАМА ДЕП ОЙЛАП ОТЫРМЫН, ҚОЙ ОСЫМЕН ШЕКТЕЛЕЙЫН ҚАЙТА ҚАЙТА КЛАВА АЛАТЫН ЖАҒДАЙ ЖООООҚ, ЖЕНІСТІ КУНДЕРДЕ ЖҰЗДЕСКЕНШЕ
yesbolat83
Сәке, өте тамаша жазылған толғау.
Барлықтарыңа мереке құтты болсын!
pari
Брат, мынауың шедеврғоооо!
Керемет, мынаны жаттап алып айтсам болады ма?
ZevsKO
ауторын көрсетсең қарсы бола қоймайтын шығар…
nurba
домбыра мен шырқатып бір салса жақсы толғау екен ойланып көру керек екен музыкалық сүйемелдеу жағын.
ZevsKO
мяяя! Садко ағай! мықтысыз ғой үндемей жүріп, өткен кеткен келе жатқан мейрамдарыңызбен! мықттыыы көптен бері қызығып оқыған туындым ЫРЫСБЕК
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.