Болашаққа тастар ой-өткенге сыр

Бақыт қой өмір көргенім,
Басымнан шаттық өткенің.
Балалық кездің жалыны
Бір сәтте ғайып боп кеттің.
Боз бала, балғын сәттерім,
Білмеймін, қайтып берер кім?
Басыма қайтып бұл дәурен
Белгілі, енді, келмесің.
Басқаша болмас қу өмір,
Балалық шақта оралмас,
Бақытқа қайта бұл көңіл
Бұрынғыдай тола алмас…
Бір ғана өмір бізде бар,
Берілген басқа талай сын.
Басты жолдан адаспа
Бағынар сонда талай шың.
Бағытты дұрыс анықта,
Біреудің ерме сөзіне.
Бір орын тап та өмірден
Бастысы сен өзіңе.
Болашаққа жетелер
Бір ғана үміт емес қой,
… Бар жігер менен еңбегің,
Басыңа бақыт әкелер.
Басыңа берген береке,
Бір тек сыйы Алланың.
Бағалап өтсең сен соны
Болмас қараңғы жалғаның.
Басты бақыт бастағы-
Бескүндік ғұмыр сүргенім.
Бәрінен де ең қымбат-
Боз бала, балғын күндерім.
Болашаққа тастар ой-
Бұл өткенге деген сыр.
Бұл күні біз жаспыз ғой,
Бірақ ертең біз дағы
Боламыз ғой дастан-жыр.

3 пікір

Kan
Өлең оншалықты керемте жазылған деп айта алмаймын. Тым ақыл көй болу үшінде көп өмір сүру керек емспе. Жастарға жасына сай өлең жазғаны жөн
AKA
Автордың жасын қайдан білдіңіз?!
aliya95
Меніңше жақсы жазылған. Абай атамыздың:
Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап,
Әуре етеді ішіне қулық сақтап.
Өзіңе сен, өзіңді алып шығар
Еңбегің мен ақылың екі жақтап -деген өлеңімен мағыналас екен.
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.