Ақпанның ызғары (Шымкент, Абай паркінде туындады. 6-шы ақпан.)
Абай паркінде, айрылысып кеткен сүйіктіммен бірге отырған скамейкада туындаған өлең шумақтары.
Қардың ұшқындары,
Шыршадан ұшқындады.
Ішімнің бәрі алай-дүлей,
Ақпанның ызғары тұтқындады.
Жүремін Абай паркінде,
Жаутаңдап әр күнде.
Біз отыратын орындық,
Тиіп жатыр әркімге.
Мен де келіп отырдым,
Сезімнің сезіп соқырын.
Бірақ, әттең, сен жоқсың,
Көзімді жасқа толтырдым.
Ақпанның қатты ызғары,
Жаным қалтырап сыздады.
Махаббатымыздың куәсі,
Сол шыршалар тұр әлі.
Сол шыршалар тұр әлі,
Өзіңді сағынып жүр әлі.
Келгеніме күнде куә боп,
Үнсіз мұңайып тұрады.
9 пікір
Бұл оқиға таныс, пікірлер де сонда айтылған еді.
Дұрыс шешімді өзіңіз де білесіз ғо, менде солай ойлаймын. Яғни әкеңіз туралы, жалпы үлкендер туралы…
Бұл күндерден тек естелік қана қалар Әдекеее.))