8 жасар ақын - Жамбыл Дүйсенов

«Мен – қазақпын, мың өліп, мың тірілген»,
Мақтанамын анам туған тіліммен.
Дүниеге жар саламын айқайлап,
Сәби жүрек, пәк періште үніммен.

Мен – қазақпын, ұлылардың көзімін,
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.

Мен – қазақпын, мен – ұлтымның ұлымын,
Мұқағали, Мұхтарлардың жырымын.
Басқа жанға бас имейтін Тәңірден,
Мен азатпын, бір Алланың құлымын.

Мен – қазақпын, жатты бауыр көремін,
Қолда барды қонағыма беремін.
Пенделікті пейіліме жеңдіріп,
Ертеңіме еш алаңсыз сенемін.

Мен – қазақпын, алдаспандай өткірмін,
Елім десем, келмес қарап тек тұрғым.
Өкінемін өгейсітіп өз тілін,
Өзге тілде шүлдірлесе көп құрбым.

Мен – қазақпын, шындық менің ұраным,
Шындықты мен алашым деп ұғамын.
Тілім, жерім, елім дейтін еңіреп,
Ертең мен де ата жолын қуамын.

Қазақпын мен, пір тұтамын тілімді,
Қара нар боп көтеремін жүгіңді.
«Қазағым» деп қарс айырылған жүрегі,
Бала Жамбыл – мен боламын бүгінгі!

32 пікір

Korkem
тамаша жазылған! +1
marghan_84
Ия, өте керемет! Дарынды бала. Интернеттен іздеп едім өлеңдерін жоқтың қасы, жинағы қашан шығар екен?????
AiEcPi
Нағыз қазақтың ұлы, Жамбыл Жабаев атамыздың жолын қуған бала шығар бұл!!!
mairosh
Керемет екен )))) ұнады +1
Jako
Тума талант.
Jako
Мен – қазақпын, ұлылардың көзімін,
Абай, Мұхтар, Баукеңдердің сөзімін.
Жеткіземін жауқазындай жырыммен,
Жұбан, Мағжан, Сәкендердің сезімін.

Сегіз жасар баланың ой-түйсігінен жоғарырақ сияқты.
KILYZAMAN
Осы балапанға таң қаламын… Тіл-көзден аман болғай. Феноменның өзі.
Jako
Көгілдір экраннан 1-2 рет тыңдадым, өлең оқығанда өзін ересек адамдарша ұстайды.
KILYZAMAN
Пендеміз ғой — кейде ана сөздерді біреу жазып бергендей болып тұрады. Оқу жағы мейлі ғой мастер класс өткен шығар. Қалай болғандада, тіл-көзден аман болғай балапан
Jako
Дұрыс айтасың Секе, ойымның үстінен түстің.Балаға ақжол тілейік.
Ais_97
керемет жазылған!
PycJIaH
Бұл жас ақынға Алла Тағаланың нұры жаусын! Ең бірінші Жамбылды теледидардан көргенімде қатты таң қалғанмын. Осы кезде өзін ақын санап жүрген ағаларымыздың өлеңдеріне қарағанда мына жас ақынның жазған өлеңдері керемет және мағыналы десем артық айтқаным болмас. Қазақ елінің қалаулысы, ардақтысы, мақтанышы бол жас ақын Жамбыл інім!!!
Turekhan
Кім сонда ақын санап жүрген? Мен ақын санап жүргендер — нағыз қажымұқандар әйтеуір. 8 жасар баланікінен жоғары).
PycJIaH
Төрехан өзіңнің не жазғаныңа өзің түсіндің бе? Жазатын болсаң сөздерді ұйқастырып жазсай сөзін жеткізе алмай тұрған орыстарға ұқсамай
Turekhan
Менің жазғанымды сен сиқтылар түсінбейтіні анық.
PycJIaH
Сенің қазақшаға шорқақ екенің көрініп тұр «Мен ақын санап жүргендер — нағыз қажымұқандар әйтеуір.» осы сөзіңді дұрыстап оқы Мен деген сөзің мына жерде керек емес сияқты менің айтқым келгенім сол, сөзді бұзып тұр бір сөз!
Turekhan
Мен санап жүрген
Сен санап жүрген
Ол санап жүрген деген сияқты. Оның бұзып тұрған дәнеңесі де жоқ.
Turekhan
Өй маладес!)))
Moldir_96
Жамбыл, жарайсың!) Өлеңдері керемет! Алла тіл көзден сақтасын! Биіктен көріне берсін! Алла жар болсын!
calendula
Бұл бала жұлдыз ауруына шалдығып жүргендей көрінді. Өзінің жеке кешін өткізді ғой. Көптеген телеарналар сұхбатқа шақырды. Сонда өзін-өзі ұстауы тіптен жыныма тиді, анасының тыныш отыр деген белгілерімен ғана орнында отырды ғой, әйтеуір. Әйтпесе, жүргізушіның мақтау сөздері сайын «Мен деген!» деп қойып, орнынан ұшып кетуге шақ қалды.
marghan_84
Өнерлі адамдарды түсіну өте қиын, қазақтар айтады ғой «арқасы қозады» деп ))
Канша дегенмен ол али бала гой, ондай ондай болады гой, онын касында улкен кисилеримиз ондай мактау создерге арен отырады. Бирак, бала бола тура ерте есейген жаман сиякти, бала- бала кезинде балалыгын жасау керек, ойынга канып ойнау керек дейди ,-психолог мамандар. Сондыктанда Жамбыл инимизге кешириммен караган жон гой деймин, Календула синлим!!!
calendula
хехе синли, менің анкетамда 1997 деп жазылып тұр ғой. Сондықтан сіңлі деп ойлап қалған боларсың. Бірақ, мен 97 жылғы емеспін, яғни сенен кішкентай емеспін. Менің шын жасымды білмейсіңдеер десем де болады. 1997 деп жаза беремін ғой.
Жаксы, онда мен сизден киши бола кояйын, Календула апа--ууу!!! Менде осындай жастамын деп айтпай ак кояйын, бирак мен Алла сыйга берген уш кыз тарбиелеп отырган анамын! Осыган карап сыйласа беруимизге болады.
calendula
Не деп кеттің? түсінсем бұйырмасын)))
Turekhan
Мен қатарлы қыздар шығар десем, не боп кетті өзі?))))
calendula
Ардақтың сен қатарлы екені факт. Ал мен айта алмаймын. обшым, қария кісілерден басқалардың барлығына қатарласпын))
Turekhan
Мен қатарлы ана емес шығар енді.
calendula
Ана емес ол, өзінің сіңлілерін айтып отыр ғой. Бірақ, ана дегені үлкен қате, ол сіңлілерін 9 ай көтеріп, бағып қағып, аналық міндетін сіңлілеріне орындамайды ғой, әлі кішкентай да ғой. Тек, маған айтар жауап таппағандықтан сіңлілерін айтқаны болар.
Turekhan
Меніңше де тым ондай болу біртүрлі сияқты…
calendula
Ия да, біртүрлі көрінеді ғо.
akil_kalta01
Жарайсың Жамбыл!!! Артымызда сендей Отансүйгіш, өз тілін мақтан тұтатын інілерімның бар екеніні біліп бойыма қүш-қуат біткендей болды!!! Өнерің — өрге жүзсін, тіл-көзден Аллаһым сақтасын!!!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.