СҮЙІНШІ, АҒАЙЫН!

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Үлкен қуанышымды сіздермен бөліскім келіп отыр! Кеше ғана Мәдениет министрлігінің «Жас толқын» бағдарламасымен «КӨҢІЛ КӨЗІНДЕГІ ҚАРАШЫҚ» атты тұңғыш өлеңдер жинағым жарық көрді! Жинаққа махаббат лирикасы мен әртүрлі тақырыптағы өлеңдер еніп отыр! Тұңғыш жинақ болғаннан кейін аз-маз толымсыз тұстары байқалса түсіністікпен қарайсыздар деген үміттемін! Алла амандығын берсе алдағы уақыттарда да терең мағыналы жырларымның оқырманы боларсыздар деген сенімім мол! Жинақты сатып аламын, оқимын деушілеріңіз Алматы қаласының кітап дүкендерінен таба аласыздар!

10 пікір

Korkem
Қуанышыңызға ортақпын! Сүйіншіге осы сайтқа елде, жерде жоқ джынд өлең арнаңызшы)))
urimtal
Құтты болсын! Шығармашылық табыстар тілеймін!
yesbolat83
Құтты болсын! Шығармаларыңды осында жариялап тұр.
mairosh
Құтты болсын!:)
nazerke1996
Құтты болсын!!!
Астанадан жыр жинағыңызды қалай таба аламыз?
zhasulan-serik
Рахмет, Назерке! Астанада өзімнен ала аласыз!
arailym97
Жас ақындарға жол беру керек! Керемет!!!
Aibat
«Ақынды ақын таяқтаса ол қайғы, Ақынды ақын оятпаса болмайды»- деген еді Мұқағали Мақатаев. Алла қаламыңызды қарымды, шабытыңызды арынды қылсын!
followme_alik
Творчествалық табыс саған :)) _басылымның таралым, жарнама жағдайын бағдарлама өзіне алды ма?
zhasulan-serik
Рахмет баршаңызға! Алла разы болсын!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.