Мен сізді ұнатамын!


Мен сізді ұнатамын,
Сізді ойлаумен атады бұл ала таңым.
Жалғыз арман жанымды жайлап алып,
Сенделемін үмітпен бүр атамын.
Түк еместей әлемдік айыптаулар,
Не ұмтылған асқарым жыр, атағым.
Мүмкін ессіз осы бір сезіміммен
Біреулерді өксітіп жылатырмын.
Не өзімді даңқтың тұғырынан
Мүмкін тіпті біржола құлатармын.
Жанса бағым,
Бәріне де дайынмын — қарсы аламын.
Қарсы аламын үзіліп қалса да әнім…
Біреулердің күңкілін, жазғыруын,
Мысқылы мен өсегін — баршаларын
Соның бәрі тұрмайды жалғыз ғана,
Сәтімізге қауышар, аңсағаным!
Бірге жұтар ләззатты таңсамалын,
Жырлап өтем,
Белді будым алдағы сынға бекем.
Арпалысам, асудан — мұңнан өтем
Сізге жетер жолымда кешем бәрін
Мені тоқтата алмайды тұлға бөтен.
Арпалыссыз, армансыз, мүңсыз күндер
Жайбарақат тірліктің құндағы екен.
Соның бәрін, бәрін де сезімімнің
СЕЗІМІМНІҢ ЖОЛЫНДА ҚҰРБАН ЕТЕМ!

8 пікір

zhano_almuhambet
Ол маған расында ұнайды… Әлі де ұнатамын.
Kan
Ұнатудан үласқан махаббат десеңізші. жақсы жазыпсыз маған ұнады. яғни менде сіздің өлеңізді ұнатамын.
zhano_almuhambet
Өлең меніңкі емес… Пардон. Менің сүйікті өлеңім. Фариза апамыздың өлеңін қалай танымадыңыз?
ereke_enu
Мені ұнататын бір қыз бар ма екен? Ай, жоқ-ау))
Соңғы өңделген уақыты:
zhano_almuhambet
Неге олай дейсіз? Дедіңіз? Мүмкін бар шығар. Бар болғанда да біреу емес шығар… Көп шығар? Мысалы, мен ұнатам. Сізді! Иә расында ұнатам. Жақсы, жоқ жақсы емес тым жақсы, өте жақсы ойлары бар, жазбалары бар адамды қалай ұнатпауға болады. Жазбаларыңызда жақсы дүние көп. Яғни сол дүниелер жақсы жүректен туып жатқанына сенімдімін. Ол өзіңіз ұнатып көрдіңіз бе?
zhano_almuhambet
Фариза апамыздың өлеңіне не жетсін? Ол кісі туралы енді тек өткен шақта айтлатыны өкінішті. Иманы серік болсын
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.