Арман азасы

Поэзия, менімен егіз бе едің?!: Арман азасыПоэзия, менімен егіз бе едің?!: Арман азасы
Атар таңға аза, мұң сайлап алдан,
Ұлыларды ұлы еткен қайран, арман!
Пенделердiң үңiлiп жанарына,
Адам iздеп келемiн айналамнан!

Таққа мiнiп талайдан таныс қайғы,
Талаyраған төзiмдi тағы ұштайды.
Адам ұлын аңсаған жүрегiмдi — Адам ұлы аяусыз жаныштайды!

Ойлы жанға өмiрдiң сыйы бөтен,
Сүйгенiмдi мәңгiлiк күйiк етем.
Ақыл табу — мұң емес, ақша табу,
АДАМ табу — қиыннын қиыны екен…

26 пікір

zhano_almuhambet
Сенi iздеп журмiн… Немесе сен осы кайда журсiн, менi осынша сагындырып???
Korkem
Осындайда Көршінің қызының жоқтығы жаман білінеді ((
yesbolat83
Шынымды айтсам, мен ол қызды сағындым.
zhano_almuhambet
Көршінің қызы кім? Түсінбедім?
Korkem
«Көршінің қызы» деген никпен жүретін, алтынға айырбастамас қолданушымыз бар еді, жоғалтып алдық(((
zhurttyn_balasy
мен де сағындым оны :/
Jako
Мен де сағындым, көп ұрсатын едім өкпелеп Сирияға кетіп қалды ма деп жүрмін)))
zhurttyn_balasy
Мен де солай ойлап қойып едім )))))) Тіпті әлгі видеодан да іздедім )))
MSHERIMBEK
уахахахахах, аға өртедіңіз :)
zhano_almuhambet
Бұл постқа не қатысы бар «көрші қыздың»?
Korkem
Көршінің қызы ақын еді, әкесі де оның жақсы адам…
Қазір арамызда болса егер, өлеңіңе сын айтатын еді)))
zhano_almuhambet
Менің ол қызбен танысқым келіп кетті)))
Korkem
Ол "қыз" деген атқа лайық болатын…
zhano_almuhambet
Болатын? Қазір де солай шығар…
Korkem
Үміттімін…
zhurttyn_balasy
:))))) әлгі бір әнек бар еді ғо, Жібек дейтін қыз пастаянны «кім бұл» беген сұраққа қыз Жібекпін деп жауап беретін болыпты, бір күні бешірден үйіне келіп есік қағад, мамасы «кім бұл» десе, Жібекпін дейді муахахаха
Соңғы өңделген уақыты:
Jako
Өлтіресіңдер-ау…
Korkem
жаман ойлап қалад ғҰәә, қойшишы
Kan
шында да Көршінің қызы жоқ болып кетті. Аман болсын өзі қайда жүрседе.
Ал өлеңге келер болсақ.
Біріншіден: Қазақша әріптермен жазу керек еді.
Екіншіден:Үлкен ұлы ақындарда барша адам баласына топырақ шашпаған. Адам баласын сорлы етіп көрсету ерсі деп есептеймін.
Үшіншіден: Өлеңнің мағнасын былай қойып ақындыққа келсек шеберлік байқалады жаман ақын емессіз.Әйтседе бір әділ адам аз деп немесе адамдық әлсіреп бара жатыр деуге болады ал адам таппай жүрміндеу сұмдық жұрттың бәрін олай адамсынбау дұрыс емес.
zhano_almuhambet
Рахмет, пікіріңізге! Мен үшін маңызды. Иә, өзімнің компьютеріме жете алмай қалдым сол түні. Қонақта болдым, тілін орната алмай басым қатып кетті. (Онша түсіне бермейм техниканың тілін.) Сосын ақыры таңға дейін ұйқтай алмаған соң салып қойған едім. Кешірім өтінем. Жұртқа қатысы жоқ титтей де! Өзіме қатысты. Адамсынбау деген ойымда да болмаған. Жалпы өмірде екі нәрсені таңдаудан қателеспеу керек деп жатады ғо, сол таңдаудың оңай еместігі жайлы… Рахмет тағы да назарыңызға
maulen
Ия, адам тану мен адам табу қиынның қиыны ғой. «Сиыр аласы сыртында, адам аласы ішінде» — деп бекер айтпаса керек…
zhano_almuhambet
Дәл солай, Маулен! Рахмет пікіріңіз үшін!
Kan
пікірді жақсы қабылдағаның үшін Рахмет!
zhano_almuhambet
Оқасы доооқ))) Сізге рахмет оқығаныңыз үшін
zhano_almuhambet
Ең бастысын айтпаппын ғой. Бұл менің өлеңім емес. Белгісіз автор дегенді қойдым екен деп ойлаппын. Қайта оқып отырсам жоқ. Менің өлеңім емес. Мен шығармадым. Бірақ менің ойымды дәл жеткізген өлең сол үшін меніңкі секілді))) Бұл өлеңді студент күнімде бір жерден оқып күнделігіме жазып алған едім. Авторы көрсетілмеген. Бір оқығаннан санамда жатталып қалды. Группаластармен бас қосқанда өлең оқышы десе осыдан бастайтынмын. Қыздар әлі табылмады ма сол деп күлуші еді)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.