Сені ойласам...

Сені ойласам, қаламын кібіртіктеп.
Сезім мені қашанғы күмілжітпек?!
Бірін мыжып, лақтырам келген ойдың,
Бірін ашып қоямын, бірін бүктеп.
Маған бәрі мақтайды сені келіп,
Ай да сәлемдеседі сырымды ұқ деп.

Ал саған айтар болсам өзім жайлы:
Пендемін ғой, пенделер не қылмайды?
Жасаған амалдарым Аллаға аян.
Мен жайлы біреулер былай пайымдайды:
Бірі мені қарапайым, салмақты деп мақтайды.
Енді бірі сыртымнан тәкәппар деп даттайды.
Бәріне жақсы көрінем деп, тырысып та жүргем жоқ,
Өз мінезім өзіме, кейбіреуге жақпайды.

Ал, сезімім – табиғаттай тылсымы көп.
Тылсымы көп, күмәннің бүршігі жоқ.
Алпауыт сезімдермен арпалысам,
Шынайы сезімімнің бір сыры деп.

Ғашық еткен Аллаһты ұлықтаймын!
Сезімімді түсін мейлі, сен түсінбе.
Мен әзірге сүйемін, ұмытпаймын!
Кейінгісі уақыттың еншісінде…

1 пікір

kaisar-bek
жақсы жазылған! үнады…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.