Жанат Әскербекпен кездесу өтпек

Поэзия, менімен егіз бе едің?! /
Қадірменді оқытушылар мен студенттер!
Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен желтоқсан айының 3 жұлдызында сағат 15:00 де С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №5 ғимаратының акт залында өтетін Филология ғылымдарының докторы, дарынды ақын, ғалым Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі –Аймұхамбетова Жанат Әскербекқызының шығармашылығына арналған «ҚАҢТАРДАҒЫ ҚЫЗЫЛ ГҮЛ» атты әдеби-сазды кештің қонағы болуға шақырамыз. Кеш қонақтары – Жанат Әскербекқызы және ақын Қалқаман Сарин. Сонымен қатар, 3-4 желтоқсан күндері кеш қонақтары төмендегі бағдарламаға сай кездесулер өткізеді.
03.12. 2014 ж.
1. Ғалым Жанат Әскербекқызы 5В011700 –«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттеріне «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша дәріс оқиды (сағ. 10:00-12:00, 308 ауд. №9 оқу ғимараты).
2. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің доценті, Қазақ тіл білімі кафедрасының меңгерушісі Қ.Сарекенова 6М011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» магистранттарына дәріс оқиды (сағ. 10:00-12:00, 309 ауд. №9 оқу ғимараты).
3. 5В050400-«Журналистика» мамандығының студенттері ақын Қалқаман Саринмен кездесу өткізеді (сағ. 10:00-12:00, 107 ауд. №9 оқу ғимараты).
04.12.2014 ж.
1. Сағ. 10:00-12:00 Дарынды балаларға арналған Жамбыл мектеп-гимназиясында ақын Жанат Әскербекқызы мектеп оқушыларымен кездесу өткізеді.
2. Сағ. 14:00-16:00 Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледж студенттерімен ақын-ғалым Жанат Әскербеккызы кездесу өткізеді.

Келемін деушілерге есігіміз ашық!

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.