Ғашықтық та,махаббат та емес бұл

Кітаптарда жазылушы еді бұл жайлы,
Адамға қанат бітіретін сезім деп.
Бірге келді маған мұң-қайғы,
Оның«Айтатын соңғы сөзім» деп.

Соңғы сөзді, шындығында, ол айтпады,
Үнсіздігі қашықтықтан сезілді.
Бір кеткеннен мол кетті, ол қайтпады,
Жас жүрегім шарасыздықтан езілді.

Шағын қала, достарымыз бар ортақ,
Бір қызығы, тағдыр бізді қоспады.
Төрт мезгілде өттім мен оны жоқтап.
Көшелер де ол адамсыз бостады.

Ал негізі, кездестік біз екі рет,
Біріншіде алғашқы рет көрістік.
Екіншіде ойламадық соңғы деп,
Аз уақытта көп сырлармен бөлістік.

Ғашықтық та, махаббат та емес бұл,
Уақытша, тек қызық көрдік, білемін.
Бірақ, сол кез әлі есімнен кетпей тұр,
Бәлкім, тағы кездесерміз, сенемін…

2 пікір

zhangul
Калима, өмірде махаббатқа көп өртену пайда әкелмейді. ОЛ көркем шығармада тартымды бояуға толы болғанымен, өмірде жеңілтектік деп қабылданады. Мен сенің поэзияға деген пәк көңіліңді ұғамын. Дегенмен, әр сөздің астарын жақсылап таразылап барып жаз. Өлеңде жай ұйқас болуы аздық етеді. Филология факультетіне түссең өзің-ақ түсінесің.
kamilaabayeva
Камила.Иә,әпке түсіндім айтқаныңызды санама түйемін, рахмет! Бірақ,әркімнің өзінің стильі,өзгешелігі болу қажет қой?.Өзіңіз байқаған шығарсыз, бұл аса еңбек пен ойланып, толғанып жазылған өлең емес.Бұл өлең түсінуге жеңіл,қарапайым әрі баяндап тұр)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.