Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Сағындым Туған жерімді!

Анамның аяулы ажарындай, Әкемнің қатулы қабағындай, Алыстан көзіне жас алатын, Әпкенің мейрімді жанарындай. Сағындым Туған жерімді! Күмбірлеп, домбыра күйіндей, Аққудың сызылған биіндей. Алаңсыз көшеде жүгірген, Бөбектің күнәсіз түріндей. Сағындым Туған жерімді! Таулардан сарқырап бұлағы, Елтіген бойыңды жыр әні. Ғашықтан сыр айтқан жұлдызы, Қуатты күнінің шуағы....

Қараттар үйі. Ана мұңы.

Нала айтып, күнәға бата алмаймын Тар төсекте тыныштық, жата алмаймын. Суарусыз қалғандай жапан дүзде, Кәрі ағаштай қуарып, жатар қайғым. Қарттар үйі… Жаутаңдап суық сөзге күйіп барам, Қартайғанда көбейді-ау, тырнар жарам. Келін түсіп, бір үйім кеңейгенде, Сол үйге, сыймаймын деп, кім ойлаған. Идіріп, алпыс екі тамырымды, Жарығыңды шашып ем, мына әлемге. Өз ұлым...

Сенім

Өтіріктің ауылынан күйредім, Сатқындықтың лайында илендім. Адамдардың айласының ішінен, Жамандық пен жақсылықты үйрендім. Қолда қалам не жазар, деп күледі, Қайта қайта иттер ғана, үреді. Біле білсең бұл Алланың сыйлығы, Ақындардың жырға толы жүрегі. Сырты бүтін, іші түтін былғаныш, Көре алмаған, көр соқырлау қызғаныш. Екі қолды қалта жақтан шығарып, Шамаң келсе,...

Армысың Теріскейім?

Мен неге, сағынышпен бөліспейін? Армысың ата-қоныс, Теріскейім! Жыл айналып, перзенттің тағы келді, Гүліңді бер, туған жер иіскейін. Шаңдатқан, топырағыңа бір аунайын, Сызғаным Саңғыл баба жыр арнайын. Тарихын тасқа қашап алған мекен, Созағым қасиетті, Құрандайым. Таукент таулы қырат қоныс жайлы, Қайнарым қонақтарын тең ұстайды. Көктебем кер маралдай сұлу өлке,...

Ұмыттың ба?..

Өзіңді іздеп ағады жұлдыз жерге Көктемнен де сұрадым, қыс, күзден де Жазды күн жусан иісін жұтып тұрып, Мені есіңе алдың ба гүлді үзгенде. Ақша бұлттар толқытып көңілімді, Кеудемдегі...

өлеңім

Бәрі де басталды, сол баяға мектептен, Ғашық болуым, ұлы сезімге ұластырарын мен біліппем?! Бірақ сол жанды әркез көру, жадыратып жанымды, Шат қуантып, маздай түсуші-ед, лапылдаған жалынды....