Рейтинг
+96.93

Поэзия, менімен егіз бе едің?!

Бұл қауымдастықта қолданушылар өздерінің авторлық өлеңдерімен бөлісе алады.

Іздеп сені

Іздеп сені таңдардан кештерден де Сол баяғы оралдым өскен жерге Біз жолыққан сол жерлер тұр ғой әлі Біз аңсаған сен жоқсың көктемдерде Өзіңді аңсап жалыңдым жаратқанға Сені іздедім ақ шуақ таң атқанда Мен өзіңді іздедім дала көктен Күттім сені түн шашын таратқанда Күттім сені соққанда жүрек ұра Күттім сені жылай да күле тұра Күттім сені көңілім сан құбылып Күттім...

Іздеушіңмін

Мен сені іздеймін, арайланып таң атқанда, Ұйқысыз аунап, көз іліндіре алмай жатқанда. Мен сені іздеймін шаңқай түс, күн аспанда тұрғанда, Қып-қызыл боп көжиектен күн ұясына батқанда....

Письмо

ты знаешь, жаным, пусть банально, не модно вовсе! Ты понимаешь, это не я, это сердце просит, это оно, бессовестное желает счастья, это оно, неугамонное пишет тебе письмо. А душа, как кучка пушистых и несмелых зайцев боится, но все же прыгает на ражон. Ты слышишь, хороший, крик мой, что теряется в сетях паутины, я ищу тебя в чатах, агентах, вконтакте, по свету.Я не хочу в болото ванючей и...

Айтылмаған түйін сөз.....

Саған, саған талай күндер, талай жылдар асыққам, көз жасымды жасырғанмын жансыз аппақ жастықтан, өзге түгіл, соған дағы білдірмегем мұңымды жүрегімді жаралаған, көңілімді тасытқан. Күттім қанша қара түнде жұлдыз санап, жаңылып! Сағыныштың сары мамық орамалын жамылып, мөлдіреген жанарымнан тамшыларды төксем де, көрмеген ем, білмеген ем сағынғаннан қамығып. Үміт деген үлпілдеген кіп-кішкене...

Кешір мені.

Өкінішті, сен менің көрмедің жайдары шағымды. Сен мені білмедің ақ көңіл кезімде. Тыңдаумен өтті бітпейтін зарымды күндерің. Кешірші… Тек бәрі есімде, сол себеп қабағым ашылмай қойғаны. Сол себеп мен сені байқамай жүріппін. Беріліп қиялға, арманға ойдағы. Мен сені абайсыз шошыттым, үркіттім. Кешірші. Тағы да қайғылы әнім бұл. Тек мені жіберме жаныңнан, жалынам.Сағымы өткеннің жадымда...

Соңғы күні көктемнің..

Бақытты болсын десең, көрінбей кетші мүлдем. Бақтарға бара алмай қалдым, екеуміз қыдырып жүрген. Сол кездер керемет пе еді, әлде тек сыйқырға сеніп, тым әлсіз көбелектерді қалдым ба қыранға теліп? Симайтын кеудеме сезім, жас болып ағатын содан, ғажайып шуақты кездің бақ құсын ұшырдым қолдан. Кешір не кешірме еркің өзіңде, бәрібір жатпыз. Бұрышын домалақ жердің мекендеп жүрмін ғой. Бақсыз...

Өткеннен естелік.

Талпынбастан басқаға, Ұрынбастан тастарға, Ұмтылмастан аспанға, Өмір сүрем. Бұлағынан көңілдің, Мөлдір сезім төгілді, Бақытым боп көрінді, көздеген. Ақ гүлдердің пәктігі- Жүректердің ақтығы! Ашылмады жан сырым өзгемен Қарамастан өткенге, Сүрінбестен өткелге, Күтем сені көктемде сөз берем!

Бір қызға...

Көңліме құйып әсем нұр, Әуені күйдің ойнап тұр. Жабырқау дәйім жүруші ем, Жай тапты жаным жайсаң, бір. Не сиқыр бар білмедім, Көрмей ақ сені іздедім. Қандай күйге түстім мен, Сені ойлап, көзді ілмедім. Байқасам бейне баламын, Ыстық қан бойға тарадың. Осынша бақыт силардай, Айтшы сен кімсің,қарағым? Не болды маған білмедім, Айдан бір тарқар...

Әкеге тілек

Тағдырдың мойымастан тепкісіне, Жасаған жақсылығын тек кісіге. Табиғи жастық қалпын өзгертпеген, Тәйірі, оған мынау жетпісің не? Көріпті ол сыннан нелер тыс қап, Кешегі кезде де сол қатал-қыспақ. Жауыздарға соққысын берген талай, Автомат пен қайласын қатар ұстап. Өз жолын әрқашанда анық басқан, Елі үшін еңбек еткен жалықпастан. Білеміз жүрегінде оның берік,...

Сезім

СЕЗІМ Арпалысып ақылмен, төзімменен, Бір сәт те дем алмайды сезім деген. Шыр етіп жерге түскен шілдехана, Келеді дүниені кезуменен. Жанымды тыншытпайды сезім деген, Қалай жүр,...