Агрессия немесе автобустан зығырданы шығып жүрген студенттерге

Қызықты психология /
Сәлем, Айтаберлік жастар! Соңғы күндері автобустың қиын жағдайын ашына жиі жазатын болыпсыздар!Қателеспесем, осымен 2 пост оқыдым-ау деймін.
Қызықты психология: Агрессия
Психологияда оқыған едім бір семестр, сол алған біліммен психолог ретінде сіздерге кеңес берейін деп шештім. Бұл сіздердің айтып отырғандарыңыз психологияда «агрессия» деп аталады. Өздеріңіздің түзеуге шамаларыңыз келмейді, бірақ жындарыңыз ұстайды...Бұл енді сіздердің қолдарыңызда тұрған жоқ дегенім ғой. Ия оны үкімет те біржақты етіп реттей алмайды…
Агрессия адам өмірінің ажырамас бөлігі деп есептесекте болады. Себебі адамның ашулануы, жүйке жүйесінің қалыпты жағдайда болмауы осыған алып келеді. Агрессия адамда мынандай жағдайларда пайда болады. Мысалы, намысқа тиетін сөз естігенде,өсек таратқанда, кек алғанда немесе тағы сол сияқты жағдайларға тап болған сәттерде көрініс табады. Жануарларда агрессияның екі түрін ажыратып қарастыруға болады екен, ол ызалану және өзінің жеміне атылғалы тұрған кезі. Агрессия кей жағдайларда ата бабалардан ген арқылы берілуі мүмкін. Агрессия адамның өзінің күші жетпейтін кездегі психикалық толғаныс. Жануарларда агрессияның басым болуы ол қорғану, тамақ табу,қорқыту мақсатында қолданылса, адамдарда жүйке жүйесінің және ми қоздырғыштарының шамадан тыс қозғанда адамда бейнеленеді.
Қызықты психология: Агрессия
Ер адамдарда әйел адамдарға қарағанда агрессия күйі басымарақ көрініс табады екен. Ер адамдар көп жағдайда оны физикалық тұрғыда шығарса,әйел адамдар өсек тарату,өтірік айтумен бейнеленеді. Қалыпты жағдайда адам күніне 40 рет өтірік айтады екен. Ал балаларда өтірік айту ол ата анасымен қалыпты жағдайды бұзбау үшін айтады, ал әйел адамдар өсек айту арқылы әдемі күй кешеді десекте болады. Бұл әйелдер көп өсек айтады деген сөз емес. Физикалық күш жүмсау арқылы агрессиясын білдіру ер адамдарда басым.
Қызықты психология: Агрессия
Агрессивті мінез-құлық қан құрамындағы серотонин нейротрансмиттерінің аз болуынан. Мидың гипоталамус бөлігінде агрессия орналасқан. Адам бойында адреналиннің көп бөлуіне байланысты жүрек қағысы тездетіледі. Қорқыныш сезімдері адамға дұрыс таңдау жасауға кедергі келтіреді, жүйке жүйесіне салмақ салады, адам суық терге түседі. Агрессия кезінде қазақта мынандай бір тұрақты тіркес сай келеді, ол “төбе шашы тік тұрды”. Адам қорқыныш сезімін бастан кешіргенде жануардың жүні сияқты көтеріліп қауіп қатерді сезеді. Адамдардың бүгінгі күні агрессияға жиі ұшырауы, ол жол көлік кептелісі сияқты қоршаған ортаға да байланысты сияқты.
Қызықты психология: Агрессия
Агрессияға жиі бой алдыру қартаюға әкеледі.Бұл сізге керек пе??? Сондықтан, жол кептелісінде тұрғанда, автобуста қысылып қымтырылсаңызда сабырлық сақтағаныңыз жөн. <Кеңестер
1. Кей психологиялық кітаптарды оқысаңыз автобуста уақытты текке кетірмеу үшін кітап оқыңыз деп қояды. Бұл сірә, Алматының автобустарына арналмаса керек... Әйткенменде жақсы ой ойлап тұрыңыз.
2.Егер кондукторлардың пафосный сөзімен айтсақ,"ұнамаса таксимен бар" демек, сіз автобусқа отырып қаражат үнемдейсіз, осыған да қуану керек қой. Ішіңізден мен қаражат үнемдедім деп айтып қойыңыз! Шыдап тұрып,өзім қалаған жерге жетем деп ойлап тұрыңыз!
3.Агресивті күйге ұшырасаңыз шынымен де тыныштындыратын дәрі қолдану керек. Мысалы, глицин.
4.Ашына да ашыла да, көсіле де көпіре де налаңызды жазғанмен бұл жағдай шамамен 2050 жылға қарай ғана түзелетін шығар. Сондықтан агрессияға ұшырамай, жолда абай жүріңіздер!

33 пікір

Chan
бір кездері муза шешейді іздеп жүріп ютубтан көріп қалдым. сізде осындай хікая болса, прям, сабыр сақтайсыз ба, Жәкөнтай??
Jado
Men psiholog retinde kenes berdim,,,Al negizi sabyr saktap jurseniz betinizge ajim tuspeidi…
zhurttyn_balasy
Кеңесіңіз де агрессия жайлы айтылған мәтіндердегідей ұзағырақ болса қатып кетейіндеп тұр.
қандай жағдай болмасын, сабырлы болу керек.

Jado
Zhaksy mindetti turde kenesterdin tizimin salyp jiberemin)))
yesbolat83
Жақсы жазылған.
Сабыр түбі сары алтын.

Сондай-ақ, осы агрессия деген бәлені жеңудің басқа да қандай жолдары бар екен?
Соңғы өңделген уақыты:
AshTrollToqTrollmenOinamaide
оны жеңбей, игілікке қолдану)
Jado
Rahmet durys aitasyz...Bolmaityn narsee bola konil kui tusirgenwe…
zhurttyn_balasy
pana сіз не дейсіз бұл жазбаға?
didi0393
сабырды сактап сактап акырында лопнули дейма? осындай жагдайларда новопассит немесе персен ишиниз)))
yesbolat83
4-ші суреттегідей дәрежеге жеткендіктен персен ішіп көргем, содан ұйқым қанбайтын маубасқа айналдым. Бірақ, жұмыс деген нәрсе оятқыштан да мықты болады го, амалсыздан тұрғасын, ұйқым шала, бас ауырат. Персенің өтпей қалды.)
didi0393
новопассит варианты баргой))
yesbolat83
Новопассит?
didi0393
аптекадан сураныз))успокоительныйго
zhurttyn_balasy
Іш ауырса,
Тіс ауырса,
Апам дәрі береді.
Барлық бала,
Барлық ана,
Оны жақсы көреді!

didi0393
спанч бобка пайдасы тигенго)))
Jado
ух ты күшті детский өлең ғой)))Айтылып ұмыт болған!
semser_soz
Ой Жадо
Ия оны үкімет те біржақты етіп реттей алмайды…
деп айтпай-ақ қой. Барлығы солардың қолындағы тірлік. Қалай деуші еді, артық рет саусағын қимылдатса болғаны, шешімі оңай табылатын дүние ғой. Осы тақырыпқа қатысты біраз сұхбат алып, аздап артына түсіп, зерттеп көрген соң айтам. Жақында пост жазармын.Бірақ, сенің кеңесіңе рахмет… ЖАЗУ ДА, АЙТУ ДА ОҢАЙ. АЛ, БАСЫҢА ТҮСІП, ЖАҒДАЙДАН ШЫҒУ БАСҚА МӘСЕЛЕ!!!
zhurttyn_balasy
Осы тақырыпқа қатысты біраз сұхбат алып, аздап артына түсіп, зерттеп көрген соң айтам.
semser_soz
Енд бұл сөзімнің несі күлкілі екен??? Сонша қарқылдауыңызға жол болсын!!!
zhurttyn_balasy
Себебін білу үшін тағы біраз сұхбат алып, аздап артына (алдына да болады) түсіп, зерттеңіз бұны да!
Соңғы өңделген уақыты:
semser_soz
Мен себебін түсініп қойғанмын... Пост жазғанымда келіп оқып, танысып көрерсіз... Осы білгенім де жетер. ҒЫЛЫМИ ЖОБА ҚОРҒАЙЫН деп жатқаным жоқ қой алды-артын толық шолып зерттейтін!!!
zhurttyn_balasy
Жаза түсіңіз, оқырманыңмын! Тағы тағы! Мынау сілтеме
Мынау цитата
Мынау код
Ал мынау сурет
Ademi
қайдан біліп алғансың?
geofizik_001
аямай көшіріпсің ау оқулықтардан. Қаттыыыыыыы көмегің тиді впрямь, енди агрессияға ұшырамайтын болдық.
Jado
Меаа қуасың ба? ғылыми дүниенің бәрін оқулықтан алып оқиды ғо… не ғой… Мен ғалым емеспін… так что айтқаныңды дәлелдеп фактімен келітріп берші.Дәл қайдан көшіргенімді докажи… Потом скажешь… Фактісіз сөйлегенің бос сөз…
geofizik_001
ғылыми дүниенің бәрін оқулықтан алып оқиды ғо-деп көшіргеніңді мойындап отырып неменеге қарсы атакаға шығып отырсың? Мен сенімен сөз жарыстырайын деп отырған жоқпын. Сосын, мен де ғалым емеспін, геофизикпін.Енді жетпегені сен көшірген кітапты іздеу еді.
Jado
Алдында сіздің постыңызғакөшірме жазба деп пікір қалдырып едім… Бұл негізі эссе болған… Сабақта СРС та жазған… Бұл ғылыми фильмді көргеннен кейінгі өз пікірім болатын… Жалпы менің де жігітпен салғаласатын қасиетім жоқ! Осымен доғарайықшы! Пікіріңге көптен көп рахмет!
maulen
Бар қазақтың кемшілігі — біреуді мақтаса аспанға шығарып жібереді, ал даттаса жерге кіргізердей даттайды! Жазба жақсы. Ақылға қонымды. Жеңіл әңгіме бос сөз қуғанша. Пікір жазбайақ қойған дұрыс қой.
banzaika1990
1. Кей психологиялық кітаптарды оқысаңыз автобуста уақытты текке кетірмеу үшін кітап оқыңыз деп қояды
— тексерілген әдіс келмейді екен. Бір айдың ішінде көзден айырыла жаздап қойғанбыз. «Агрессияға» қаншалықты көмегі болғанмен «зренияға» зияны да соншалықты екен.
banzaika1990
Қазіргі заманғы "Қоғамдық көліктегі агрессияға" ұшырамаудың жолы М-Агент және ең сүйікті әндеріңіз жиналған ұялы телефоныңыздың плейлисты.
Көп жасағыр құлаққабым аман болсын
Соңғы өңделген уақыты:
Jado
Байқап отырмасаңыз...Құлаққабыңыз ғана қалуы ғажап емес...Ұрылар қолды ғылып кетпесін деймін))))
dimash
Біраз информацияға қарық болдым
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.