Сіз мұны білесіз бе?

Қызықты деректер /
1. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.
2. Әтеш алдымен мойнын созбай ша­қы­ра алмайды екен.
3. Егер тіліңіздің түсі күлгін болса, ол «таза» деген сөз, ағарып тұрса, бак­терия қабаты түзілгендігінің белгісі.
4. Қыздарға құлаққағыс — пияз ту­рау барысында көз ашымас үшін сағыз шай­наған жөн екен.
5. Ең алғаш «SOS» дабылы әйгілі «Ти­та­ник» кемесінде қолданылыпты.
6. Жағымды затты көргенде адам­ның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғая­ды екен.
7. Бал асқазанда неге тез қоры­тыла­ды? Өйткені оны аралар қорытып үл­герген.
8. Адам түшкірген сайын мидағы жа­су­шалардың бөлігі азая түседі.
9. Әйгілі Харлей Девидсон мото­циклі 1903 жылы құрастырылып, оның кар­бюраторы томат банкісінен жа­салыныпты.
10. Адамның сол жақ өкпесі оң жақ­тағымен салыстырғанда кішірек келеді. Соның арқасында жүрекке орын тиеді екен.
11. Атышулы «Титаник» кемесін құ­рас­тыруға 7 миллион АҚШ доллары кет­кен екен. Ал ол туралы фильмді тү­сіру­ге 200 миллион АҚШ доллары жұм­са­лыпты.
12. Адамның тырнағы мен шашы өл­ген­нен кейін де өседі екен.
13. Тек екі жануар ғана мойын бұр­май-ақ артындағыны көре алады, олар — қоян мен тотықұс.
14. Ой еңбегімен көп шұғыл­дана­тын адамдардың шашында мырыш пен жездің құрамы көбірек болады екен.
15. Футболшы бір ойында шамамен 11 шақырым жүгіреді.
16. Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.
17. Қазіргі кезде өзіміз қолданып жүр­ген қаламсап 1945 жылдан бастап сау­даға түсіпті. Сол кезде оның құны — 12 АҚШ долларына тең келіпті.
18. Жақсы қаламсаппен 50 мың сөз­ге дейін жазуға болады екен.
19. Америкалық Джон Уинтроп 1630 жылдың 25 маусымында, түскі астың ке­зінде тұңғыш рет шанышқыны пай­да­ланыпты.
20. Ең алғашқы граммофон плас­тин­касына Лайош Кошутаның дауысы жа­зылыпты. Бұл оқиға 1890 жылы тір­келген.
21. Напалеонның шәй кеселерінің бі­рі атақты италиялық содыр Калиос­т­ро­ның бас сүйегінен жасалыныпты.
22. «Роллс-Ройс» көлігінің бампе­рін­дегі мү­сін­шенің құны 5000 АҚШ дол­ларына тең екен.
23. Британияның империялық тә­жін­­де тура 1783 жақұт бар екен, ал оның ішіндегі ең әйгілісі — «Африка Жұл­дызының» салмағы 309 каратты құ­рай­ды.
24. Джон Кеннедидің тербеліп тұра­тын креслосы аукцион арқылы 442 мың АҚШ долларына сатылыпты.
25. Ежелгі Қытайда балалары ата-ана­сының туған күніне табыт сыйлаған екен. Бұл ең күшті сыйлық саналып­ты.
26. Ал Персияда жас жұбайлар­дың тойына міндетті түрде шахмат сыйлау дәстүрі болған екен.
27. Қытайдың кейбір жазу машин­ка­ларында 5700 белгі бар. Оның кла­виа­турасының ені бір метрге жуық­тай­ды, сол себепті ең шебер деген қаріп теру­шінің өзі минутына ары кетсе, 11 сөз ғана жаза алады екен.
28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жина­са, биіктігі 100 метрге жуықтай­ды.
29. Бір текшеметр ағаштан жарты мил­лион тіс шұқығыш жасауға бола­ды.
30. Хамелеонның тілі денесінен екі есеге ұзын.
31. Қолтырауындар судың түбіне те­реңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.
32.Коала аюы тәулігіне 18-22 сағат ұйықтайды және тамаша жүзе біледі екен.
33. Бактериялардың бір пайызы ға­на ауру әкеледі.
34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
25. Елікті аңшыларға қарағанда, кө­лік жүргізушілері көп өлтіреді екен.
26. Африка пілі әлі күнге дейін қол­ға үйретілмей келеді. Тек Үндістандағы піл­дер ғана адамның ырқына бағын­ған.
27. Егеуқұйрық бес қабатты үйдің тө­бесінен құласа да аман қалады екен.
28. Түйеге қарағанда, керік шөлге шы­дамды келеді.
29. Кірпінің жүрегі сағатына 300 рет соғады.
30. Көртышқан бір түннің ішінде 100 метрлік жерді қаза алады.
31. Акула — бір мезгілде екі көзін бір­дей жұма алатын жалғыз балық. Ол сон­дай-ақ судың 100 миллион бө­лі­гін­де­гі қанның иісін сезе біледі екен.
32. Ит онға жуық, мысық жүзден ас­там дыбыс түрін шығара алады.
33. Дельфиндер бір көзін ашып ұйық­тайды.
34. Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
35. Пошта қызметі тегін көрсетілетін әлемдегі жалғыз мемлекет — Андорра.
36. Саусақтың ізі сияқты тілдің ізі де қайталанбайтын бірегей болады екен.
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер ар­қасымен, күнәһарлар — ішімен, пат­шалар — оң жағымен, данышпандар — сол жағымен жатқан.
38. Бір жылда 31 557 600 секунд бар екен.
39. 100 жасқа дейін жеткен әр бес адам­ның төртеуі әйелдер.
40. Әр секунд сайын жердің бетінде 200-ден астам найзағай жарқыл­дай­ды.
41. Бір ғана Мәскеуде 100 мыңнан ас­там Ивановтар әулеті бар.
42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы де­малады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, пор­тугалдардың еңбек демалысы 36 күн­ге созылады.
43. Гонконг тұрғындарының 64 пайы­зы дінге еш қызықпайды екен. Ал Че­хия халқының 55 пайызы, оңтүс­тік­ко­реялықтардың 46 пайызы атеистер кө­рі­неді. Дінге құлай берілу жөнінен Ба­тыс Африка тұрғындарына тең келер еш­кім жоқ. Олардың 99 пайызы дінге се­неді екен.
44. БҰҰ келтірген деректерге сен­сек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
45. Әлем бойынша, күніне 4,5 мил­лиард тонна бензин жағылады.
46. Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
48. Грекияда дүйсенбі күні аң аулауға тыйым салынған.
49. Португалияда күн райы қолайсыз бол­са, жұмысқа шықпай-ақ қоюға рұқ­сат.
50. Швецияда ит асыраушылар өз се­рігінің бойының ұзын-қысқалығына қарай салық төлейді.
51. Вашингтонның мэрі — АҚШ пре­зиденті.
52. 1603 жылы Жапонияда импе­ра­тор бұйрығымен жүзу міндетті оқу пәні бо­лып белгіленді.
53. Науру — ресми астанасы жоқ әлем­­дегі жалғыз мемлекет.
54. Ресей мемлекетінің ең бірінші ас­та­насы — Ладога.
55. 1979 жылдың 18 ақпанында Аф­ри­кадағы Сахара шөлінде қар жауып­ты.
56. Куба — Кариб аралдары елдерінің ішіндегі темір жолы бар жалғыз ел.
57. Егер Жер өз осінен кері айналған бол­са, онда жылдың тәулігі екі есеге азаяр еді.
58. Сағатына 60 мильдік жылдам­дық­пен жүретін автокөлікке бізге ең жа­қын орналасқан планеталардың бі­рі­не жету үшін 48 миллион жыл қажет екен.
59. Соңғы 500 жылда ғарыштық зат­тардың қалдықтары себебінен Жердің сал­мағы миллиард тоннаға ауырлаған.

55 пікір

dimash
8. Адам түшкірген сайын мидағы жа­су­шалардың бөлігі азая түседі.
Онда менің миымда жасуша қалмады… :)
dimash
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер ар­қасымен, күнәһарлар — ішімен, пат­шалар — оң жағымен, данышпандар — сол жағымен жатқан.
Түнімен аунап шығамын, мен қайсына жатады екенмін
Manas
қатырдыңыз))
qyrmyzy
сөйтіп қой олар көп ұйқтамайды адам сияқты
AKA
"Әулие болғаным ба?!" деп таң қалудамын
AKA
Ойнап айтам и, бір орында қатып жата алмайды ғой адам
Ak123
мен данышпан екенмін ал!
Ak123
))))не болды? қуануға болмай ма)))
dimash
44. БҰҰ келтірген деректерге сен­сек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
Сонда бір күнде 83.3 секунд болганы ма?..
Manas
60.Тоғызқұмалақта 162 құмалақ болады.
Manas
тимей қалды)))құмалақтардың киесі-ау дим))
Sabions
31. Қолтырауындар судың түбіне те­реңірек бойлау үшін тас жұтып алады екен.
а судың бетіне шығу үшін тасты құсып тастай ма?
MSHERIMBEK
муахахаа:) өртейсің сен бала:)
Safi
Уахахах, басқа жағынан шығатын шығар))
Sabions
нән тас жұтса дейм дә… сіз айтқан, мен ойлаған жерден шығатын болса… ай тастың тез шығуы екі талай...қолтырауын күшенем деп су жұтып қойып, тұншығып өлсе…
Manas
Егеуқұйрық бес қабатты үйдің төбесінен құласа да аман қалады екен.
Істеп қарау керек)))
ma-di-na
Егеуқұйрықты бес қабатты үйдің төбесінен құлатасыз ба?????
qyrmyzy
Масызықшадисызықшанасызықша, қош келдіңіз! Төрлетіңіз! Жазба жазбас бұрын ережемен таныссаңыз жақсы болар еді… Жазарыңыз көбейсін!
AKA
Масызықшадисызықшанасызықша
Соңында сызықша жоқ екен :)
qyrmyzy
ана сызықшаны сыйладым оған
ma-di-na
ық ық деп күліп тұрған смайлик қою керек еді мына жерге))) Қырмызы ханым негізі смайликтерді қай жерден алсам болады????????
qyrmyzy
Акыбірекіүш берген сайтқа кіріп, смайликті таңдап, үстінен бір шертіп жібересің. Үш кодын береді, сол жерден тек нтмлколын копи жасап, мынаяқа кеп паст жасайсын(.
Ak123
Ақжелең деңізші))))
qyrmyzy
сегіз жүз пәленбай қолданушы бар мұнда, олардың бәрінің аттарын жаттай берсем нем қалады? Миым балаларыма керек әлі! Ник есть ник!
MSHERIMBEK
солай етуге әбден болады екен сымайл сүйгіш қауым үшін:)
qyrmyzy
ық ық, ПРИЗ, ПРИЗ керек. Сілтеме не надо!
Manas
Мұнайдың бір ғана тамшысы 25 литр суды ішуге жарамсыз етеді.
ой, біз күнде ішемізғо))
MSHERIMBEK
Барлығы Қазақстандық емес шығар оның?:)
mairosh
1. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.

Философиялық көз қараспен қарағанда кешегі конференцияда болған жағдайдан кейін мына сөзіңді өтірікке шығарамын))
4. Қыздарға құлаққағыс — пияз ту­рау барысында көз ашымас үшін сағыз шай­наған жөн екен.
таза өтірік
alikona
таза өтірік
жуылган боп турго
Jako
<code>28. 1 долларлық купюрадан тұратын 1 миллион доллардың салмағы шамамен 1 тоннаға тең. Ал оны бір-бірінің үстіне жина­са, биіктігі 100 метрге жуықтай­ды.</code>

Бола берсін, ойбой, одан қорықпас едім, болса…
Jako
59. Соңғы 500 жылда ғарыштық зат­тардың қалдықтары себебінен Жердің сал­мағы миллиард тоннаға ауырлаған. 


Бұл жақсы шығар, мен падалы қазбаларды алып-алып жерден түк қоймаспыз деп қорқып жүр едім.
domakov91
44. БҰҰ келтірген деректерге сен­сек, жер бетінде күн сайын 250 сәби өмір есігін ашады. Яғни әр секунд сайын үш баладан дүниеге келеді.
Өтірік енді бұл қалғандары күмән кеотіреді
alikona
37. Ертедегі қытай ойшылдарының пікірінше, ұйықтаған кезде әулиелер арқасымен, күнәһарлар — ішімен, патшалар — оң жағымен, данышпандар — сол жағымен жатқан.
блмеим, ишиммен жатам айтеуир…
ardak1996
6. Жағымды затты көргенде адамның қарашығы 45 пайызға дейін ұлғаяды екен.
осы ұнайды маған)
ardak1996
13. Тек екі жануар ғана мойын бұрмай-ақ артындағыны көре алады, олар — қоян
менде мойнымды бұрмай оң және сол жағымды жақсы көремін)))
ardak1996
италиялық содыр Калиостро ол адам ба?
ardak1996
34. Ал ақ киттің жүрегінің үлкендігі жеңіл көлікпен бірдей.
Барлықтарыңа осындай кееең жүрек тілеймін)
zhurttyn_balasy
47. Грекия әнұранының 158 нұсқасы бар, осы елдің бірде-бір тұрғыны оның барлығын бірдей білмейді.
Бәлкім 158 шумағы (куплет) шығар?
Karakulov
42. Ақысы төленетін ең ұзақ еңбек демалысы Финляндияда тіркелген. Осы елдің еңбеккерлері 9 апта бойы де­малады. Одан соңғы орында немістер (8 апта), австриялықтар, испандар, пор­тугалдардың еңбек демалысы 36 күн­ге созылады.
стоп, стоп… мына жері қате ғой. Біздің мектепте 68 күн беріледі ғой. Ең азы менікі болып шықты биыл, жұмыс өтілім жарты жыл болғандақтан — 32 күн.
didi0393
1. Адам күніне орта есеппен 13 рет кү­летін көрінеді.
менің қасымда жүрсең 93 рет күлетін боласың!)))
zhurttyn_balasy
Қыдықтайсың ба?
didi0393
о да бар! менің миссиям күлу сиякты)))
Zhassiko
Ал ұзын кенгуру бір секіргенде он метрді артқа тастайтын көрінеді.
АЛ Ольга әпше 15 метрді артқа тастайды..))
Қытайдағы 90 миллион адамның тегі Ли екен.
йооо туысқандарын іздеу үшін поисктің де қажеті жоқ шығар, Ли есімді іздеушілер дауно үмітін үзген болар..))
Соңғы деректерге сүйенсек, Жапонияның 99 пайызы жапондықтар, қалған 1 пайызы басқа ұлт өкілдері екен.
kz_aidar
51. Вашингтонның мэрі — АҚШ пре­зиденті.
Америкалықтардың басы істейді… Бір қалаға екі басшы не керек деген қағиданы ұстанған болса керек…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.