Адамзаттың ең ұлы ғылыми қателіктері! (жаңалыққа көзқарастар)

Қызықты деректер /


«Мұнай іздеу үшін жерді бұрғылаймын дейсің бе, ақылыңнан адастың ба?» (1859 жылғы Эдвин Дрекке қайтарылған жауап)

«Барлық білімді адамдар білетіндей, сым темір арқылы дауысты екінші жаққа жеткізу мүмкін емес, мүмкін болғанда да мұның адамзат үшін еш пайдасы жоқ болар еді» (Бостон Пост газеті, 1865 жыл)

«Телефон» атты құрылғының кемшіліктері өте көп болғандықтан оны байланыс құралы ретінде елестету мүмкін емес. Және адамзатқа ешқандай пайда әкелмесі белгілі. (Western Union, 1876)

Ауадан ауыр ұшатын машиналар болуы мүмкін емес! (Кельвин, 1895)

«Мынау музыкалық жәшіктің ешқандай құндылығы жоқ. Әдейі біреуге қаратылмай айтқан айтқанды кім тыңдар дейсің?» (Дэфид Сарновқа радионы көптеп шығару жөніндегі ұсынысына, 1920)

Мына салдырлақпен тек мысықтарды қорқытуға болады ғой, ал оның соғысуға не пайдасы бар? (алғашқы танк жайлы генерал Китченер, 1915)

Әлемдік нарықта 5 компьютерге сұраныс таба алатынымызға мен сенімдімін (Томас Ватсон — IBM компаниясының директоры, 1943)

Актерлерің сөйлеген дауыстары кімге керек? (киноға дауыс қолдану жөніндегі идеяға Warner Brothers-тің айтқаны, 1927)

ENIAC (алғашқы компьютерлердің бірі) 180000 электронды лампадан құралған, және салмағы 30 тонна, ал болашақтың компьютерлері 1,5 тонна ғана болады. (Popular Mechanics, 1949)

Болашақтағы ксерокс аппаратына деген әлемдік сұраныс 5000 данадан асуы мүмкін емес (IBM компаниясы, 1959)

Үйге компьютер алу қажеттілігі қай адамның басына түсір дейсің. (Кен Олсон — Digital Equipment компаниясының президенті, 1977)

640 Кб әр адам үшін де жеткілікті. (Билл Гейтс қатқыл диск жөнінде, 1981)

Біз ешқашан 32 биттік операциялық жүйе жасай алмаймыз. (Билл Гейтс 1980)

Microsoft компаниясы үшін 100 миллион доллар төлеу өте қымбат баға. (IBM, 1982)

OS/2 операциялық жүйесі ең белгілі, мәңгілік жүйе болып қала бермек (Билл Гейтс OS/2 жүйесіне берілген анықтамалықта, 1987)

1996 жылдан бастап интернет қолдаунышылары өседі дегенге мен сенбеймін, менің ойымша 1996 жылдың аяғында интернетке қызығушылық мүлдем жойылады. (Роберт Меткалф Ethernet байланысын ойлап табушы, 1995)
Дереккөз: әр жерден теріліп алынды
Айтпақшы сурет ENIAC-тың суреті

30 пікір

Zhanat
көре алмайтындардың көзқарасы ғой
MSHERIMBEK
mundai qatelikter kop bolgan goi:) oqyp alyp birturli qyzyq kuide bolasyn:) al shynyna kelgender, qateleskender tura jol tabady:)
dimash
иа «ештене жасамайтын адам ғана қателеспейді» ғой.
Кезінде, жерді үш үлкен балық көтеріп тұр деп ойлашы да еді.
Мысалы мен қазір адамдар жоқ болып кетіп, басқа бір жерден жарқ етіп шығуы мүмкін емес деп ойлаймын. Сол мүмкін емес күйінде қалатын да сияқты ғой бірақ))
«Кім білсен, тауып та қалар» деп ойлайын десем де, жо-жоқ, мүмкін емессс
zhomart
мен қазір адамдар жоқ болып кетіп, басқа бір жерден жарқ етіп шығуы мүмкін емес деп ойлаймын.
Мүмкін, бәріде мүмкін. Осыған ұқсас сөздер Құранда да кездессе керек, бір газеттен оқығаным бар тұғын. Қай сүре екені есіме түспей тұрғаны.
ereke_enu
Apple компаниясы қаржылай дағдарысқа ұшырап, Майкрософт оны арзан бағаға сатып алады)))
balgalym
оған дейін адамдар марсқа ұшып келіп, айға колония салатын шығар )))
ereke_enu
сіздің бұл ойыңыз 21 ғасырдың ең ұлы ғылыми қателігі болды))
miras
«gta 5» деген ойынды көтеретін компьютердің шығуы екі талай!(2012 жылғы Мирастың жазған пікірі)
User
менің компым ұстайды
miras
қап, бекер айтқан екенмін
VVVWWW
Кешірерсіздер, Билл Гейтстің 640 Кб жөнінде айтқаны қатқыл диск жөнінде емес екен (640 Кб жедел жады (оперативная память ОЗУ (DDR)әркімге жеткілікі деп айтқан екен. Сонда да күлкілі емес пе, ия
beko
мүмкін соны тұралағаныңыз жөн болар?
zhomart
Петров болса керек, электр шамын ойлап табу үшін он мың рет қателескен екен.
VVVWWW
Ой, ол Эдиссон болатын, оны білем.
Ademi
ештеңе істемеген адам қателеспейді ©
miras
ештеңе істемегені сол қателік
User
Адамзаттың тағы бір қателігі: Хиджабты әлі күнге дейін киюі.Деееп біреулер жыны келіп пікірлеуге дейін апарасың бұқақақақа
kema
jalkaulykka rahmet))) Sol jalkaulygymyz bolmasa osy jetistikter bolmas edi)))
miras
қателіктен қорқудың өзі қателік!
Bota_ABK
rizamin kim jazsada adamdi bir kuldirdinder)))
szx
Қателіктер туралы қатесіз жазу қиын ба?
NAZz
Қызық екен…
Ayan93
Қанша адам бар болса сонша ойда болады, бірі дұрыс бірі қате не дегенмен уақыт барлығын орнына қойды ғой, ондай қателіктер адамзат тарихында адам өмірінде әлі көп болар.
ulzhankzz
))қазір де қателесіп жатқан шығармыз кім білсін?!..
mairosh
Мүмкін емес нәрсенің бәрі мүмкін болып жатыр ғой қазіргі заманда… :)
maulen
АҚШ-тың еркін мәдениеті де қателікпен кірігіп келеді ғой бізге! Бірақ, бұл қателіктің озық үлгісі…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.