Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатысты қызықты деректер

Қызықты деректер /
Голливудтағы «Даңқ Аллеясында» АҚШ-тың әлемге мәш-һүр атақты тұлғаларының есімдері жазылған жұлдыз белгілері жерге, яғни тротуарға орналастырылғаны белгілі. Тек бір адамның жұлдызы ғана жерге емес, Аллея қабырғасына ілінген. Ол кімдікі дейсіз ғой?
Қызықты деректер: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатысты қызықты деректер
Бұл әйгілі боксшы Мұхаммед Әлидің жұлдызы. Белгінің тротуарға емес, қабырғаға орналастырылуын боксшының өзі сұраған екен. Өйткені, ол пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) есімі табан астында тапталмасын деп, жоғарыға қоюды қалаған.
Қызықты деректер: Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) қатысты қызықты деректер
Бос орын кімдікі?
Мәдина қаласындағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінің ішінде бөлек Жасыл үй орналасқан. Онда пайғам-барымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) және оның жанында алғаш-қы екі халиф Әбу Бәкір мен Омар жерленген. Пайғам-барымыздың (с.ғ.с.) екінші жанында бос қабір орны тұр.
Көптеген мұсылмандар мен Құран тәпсіршілері бұл орын-ның Исаға (ғ.с.) арналған-дығын айтады. Хадистерден білетініміздей, ол Тажалды өлтіру үшін екінші мәрте Жерге келіп, кейін 40 жыл патшалық құратыны белгілі.
Кең таралған есім
2008 жылы Мұхаммед есімі Лондонда туған нәрестелерге ең көп қойылған ат болған. Жалпы тек Англияда ғана емес, бүгінде Еуропаның басқа да елдерінде Мұхаммед есімі өте көп таралған. Мәселен, деректерге сүйен-сек, Бельгияда дүниеге ке-летін сәбилердің жартысы мұсылмандар, соның көбі Мұхаммед есімін алатын көрінеді.
Қазақ халқы да Мұхаммед есіміне кенде емес. Атақты-лар арасынан Махамбет, Дінмұхаммед Қонаев, Мұхаммед-Қанапия (Шоқан), Мұхаметжан Тынышпаев, Мұхаммедқали (Мұқағали) Мақатаев, Нұрмұхаммед (Балуан Шолақ), т.б. айта берсе болады. Асыл дініміздің қайта өркендеуімен қазір де қазақ сәбилеріне Дінмұхаммед, Нұрмұхаммед, Мұхаммедәли және Мұхаммед есімдері жиі қойыла бастады.

Your text to link...

3 пікір

yesbolat83
Машаллаһ, боксшы Мұхаммед Әлидің өз жұлдызды белгсін қабырғаға орналастыруын өтінген амалына разы болып отырмын. Оған Аллаһ разы болғай!
ASU
я, бұл біздің Пайғамбарымз (с.ғ.с)-ға көрсетілген үлкен құрмет деп есептедім
akil_kalta01
Қызықты деректер екен. Жалғасын күтеміз…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.