Ақмола облысының жастары кәсіпкерлік негіздерге үйренді

Қызықты деректер /
2015 жылдың 15 шілдесі «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Ақмола облыстық филиалы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жергілікті филиалымен бірлесе жастарға кәсіпкерлік негіздерді үйрету бойынша оқу ұйымдастырды. Шараға «Жас Отан» ЖҚ белсенділері мен бастауыш бөлімше жетекшілері, «Кеңес Орталығы» консалтинг-орталығына жүгінген жұмыссыз жастар, жас кәсіпкерлер, сонымен қатар аудан орталықтарынан келген жас буын өкілдері қатысты.Қызықты деректер: Ақмола облысының жастары кәсіпкерлік негіздерге үйренді
Көптеген жас азаматтар бизнес жүргізу негіздері, кәсіпкерлерге мемлекет беретін қолдау мүмкіндіктері туралы ақпараттанбағандықтан өз ісін ашуға қауіптене қарайды. Осының мәселені шешу мақсатында семинар-тренинг өткізілген болатын. Ол өзіне кәсіпкерлікке кіріспе, маркетинг негіздері, бизнес-идеяның мықты және әлсіз жақтарына сараптама, нарықтағы қауіп-қатер мен мүмкіндіктері мен негізгі экономикалық көрсеткіштерді қосты.Сондай-ақ, Қор және Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының қызметкерлері жас кәсіпкерлерді қолдайтын әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар түсіндіре кетті.
Қызықты деректер: Ақмола облысының жастары кәсіпкерлік негіздерге үйренді
«Бұл семинар мен үшін өте пайдалы әрі нәтижелі болды. Осындай жоғары білікті заңгерлер мен мамандардан орында кеңестер алу мені қатты ынталандырды» — деді Зеренді ауданының тұрғыны Алия Қаркенова.
«Біз көптен бері «Жас Отан» Жастар қанатымен баянды қызмет атқарамыз.Жұмыссыз жастардың кәсіпкерлікпен айналысуға деген құлшынысы қуантады. Себебі кәсіпкерлік Елбасының негізгі бағыттарының бірі болып табылады» — деп «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қоры» АҚ жергілікті филиалы бойынша кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесшісі Ерболат Едигеев бөлісті.

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.