Қазақ елі

Қазақ елі
«Біз қазақ деген мал баққан елміз,
Ешкімге соқтықпай, жай жатқан елміз.
Басымыздан құт-береке қашпасын деп,
Жеріміздің шетін жау баспасын деп,
Найзаға үкі таққан елміз...»
Қаз дауысты Қазыбек

Біз бүгінде жұдырықтай жұмылған босағасы берік, керегесі кең, терезесі жат елдермен тең, шаңырағы биік азат елміз. Осы азаттықтың жолында сан мың баһадүр бабаларымыздың басы кетті, қаны судай ақты. Десе де олар өкінбеді. Өйткені олар «Отан», «Ел» үшін өлді. Азаттықтың жолында жанын қиды. Халқын қасқырдай қанаған жауларына, арыстанша ақырып келді. Біздің қайсар бабаларымыз текке қарап жаттпады. Қара қазан, сары бала қамы үшін атқа қонды. Күллі әлемге «Абылайлап» жар салды. Жауларын қасиетті мекнінде тайраңдатпады. Белсеніп келген жауына, көлденең жатқан көр болды. «Бірлік түбі-тірлік» дегендей қиын қыстау кезде де бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығара білді. Бірлігіміз берік болды. Соның арқасында жолбарыстай жоңғарды, қабыландай қалмақты жер жастандырды. Сондай-ақ қазақтың би-шешендері жаудың бетін жалындаған жырларымен тоқтаты. От болып жалындаған, найзағайдай жарқылдаған, өзен-көлдей сарқыраған, тұлпарша тулаған, дауылдай долданған, қырандай көктен төнетін, қылыштай кесіп түсетін, сәбиі де қарты да мақалдатып сөйлейтін, негр бол мейлі маңғол бол өз баласынан кем көрмейтін қазақ міне осындай ұлтарақтай жер үшін бәйгеге басын тігетін.
Патша әскерімен кесілескен бір шайқаста Исатай қаза тауыпты. Сонда Махамбет еңсесі түскен сарбаздарына: «Біз әлі де қара халықтың бақыты үшін күресеміз. Біз көре алмасақ ол күнді, біздің ұрпағымыз көреді. Біздің кегімізді солар алады, жалаулы найза қолға алып, жау тоқтатын қайтпас ұрпағымыз елімізді әлі гүлдетеді» дегенді. Махамбеттен басқа Исатай, Абылай, Кенесары, Наурызбай, Иса, Досан, Бөгенбай, Төлеп сынды батырлар Мағжан, Ахмет, Әлихан, Міржақып, Қасымдайын арқалы ақындар қазақ елін бізге сеніп, аманаттап кетті. Осындай бізге сенген бабаларымыз барда біз неден қорқамыз?! Алпауыт күштің иесі Америкадан ба, қаруы мықты Ресейден бе, халқы көп Қытайдан ба, жоқ біз ешкімнен де қорықпаймыз. Өйткені елім деп еңіреген ерлеріміздің ерлігінен сусындаған біз бүгінгі ұрпақ елімізді қасық қанымыз қалғанша қорғап, келешек ұрпаққа қазақ елін ұялмай, нық сеніммен табыстаймыз. «Ұлан-ғайыр атырап Ертіс пен Еділдің, Арқа мен Алатаудың арасы қазақтың алтын бесік ата ─ жұрты. Әгәрәки кімде-кім осынау қасиетті жерімізге көз алартып шырқымызды бұзар болса, өз қанына өзін тұншықтырарымызды біліп қойғаны абзал! Төсекте басымыз қосылмаса да төскейде малымыз қосылған. Қай көшімізге де айтарымыз осы! Дос болғанға құшақ ашық туыспыз! Қас қылғанға қиып түсер қылышпыз!»

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.