менде бәрі бар, бірақ бірдене сонда да жетіспейді....

Сұрақ-Жауап сайты /
Мен, мектеп бітіріп, армандаған оқу орныма түстім… мұнда көптеген жаңа достар тауып, студенттік кездердің қалай өткенін аңғармай да қалыппыз. расымен де, студенттік кездер — естен кетпес қызықты шақтардың бірі. міне, енді ЖООны ойдағыдай аяқтап, Магистратураға да жеттім… қазір...өмірім бірқалыпты өтіп жатыр… сабаққа барасың, үйге келесің, достарыңмен кездесіп уақытыңды көңілді өткізіп, сырласасың… керектің бәрі бар сияқты… бірақ сонда да бірдене жетіспейді! ол не нәрсе болуы мүмкін! ойларыңмен бөліссеңдер!

14 пікір

arslanbaev001
менің интернет желісіндегі алғашқы жазбам…
followme_alik
Қош келдің ортамызға :) Сәттілік
semser_soz
Қош келдің!!! Менің ойымша сіз өзіңіз айтқан бірқалыпты өмірден жалыққан сияқтысыз… «БІР КЕМ ДҮНИЕ» дейді ғоооой… Әркім де осындай күйге түседі. Күнделікті өмірінізге озгерістер енгізуіңіз керек сияқты...
yesbolat83
Саған енді семья құру керееек…
ereke_enu
Жұмыс жағын қарастырмадың ба?
followme_alik
Осы тәрізді сұрақтар туындамайтындай жағдай қалыптастыр :)… Глобальді, бірақ қолжетімді мақсатың жоқ сынды)… бір бағыт ;)
zhangul
Жалпы, ол жаман сезім емес. Адамды жетектеп отыратын да сол жетіспеуді сезіну деп ойлаймын. Отбасын құрғанда да бір сағым жетек тұрады. Анаған қол жеткізсем, сосын мынаған мойын бұрсам деп жоспарлап отырғаның…
Jako
Адам баласына өмір бақи бір нәрсе жетпей тұрады, бірақ бұл дүниеден ешнәрсе алып кетпейді.Бірақ кейде сол бір кем дүние адамды алға қарай итермелейтін стимуль ма деп те ойлаймын.
estetika91
Айбек менің курстасым деп мақтанып қояйын ба?) Алғашқы жазбаң маған ұнады! Парақшаң әдемі жазбаларға толы болсын)
Постқа сай айтарым, адамға әйтеуір бір нәрсе жетпей тұру қалыпты жағдай… Бәрінде солай ол. Мұның себебін, алға ұмтылуымен, өмірге деген құлшыныспен түсіндіруге болатын сияқты…
Сонымен, сәттілік тілеймін) Қадамың құтты болсын, Айбекжан!!!
Delfina
Үйлен! Өмірің күрт өзгереді, қалай КҮШТІ өзгретінін админнен сұра))
jam
Студенттік өзір қызық болып өтті, магистратурада бірдеңе жетіспейді дейсіз…
Мүмкін, оқуға көңіл бөлетін кез келген шығар? Сабағыңызды дұрыстап оқыңыз, ғылыми тақырыбыңызды зерттеңіз. «Шырылдауық шегіртке, ыршып жүріп ән салған» деген сияқты уақытты бос өткізбеуге тырысып көріңіз. Әйтпесе, кейін "қолымды кеш сермедім" деп өкініп қаласыз. Сабақты бітіріп, жұмысқа бас қойғанда біліміңізді арттыруға уақыт аз болады. Сондықтан, қазір барынша біліміңізді жетілдіріп алуға тырысып көрсеңіз болады.
сен шанырак курсаи оданда. сосын улын болат оншакты кызын болат моншакты. сосын ненин жетискенин ненин жетиспегенин блмиде каласын миын ашыып
berik_kaznai
негизи ангимене карасам билимди ер азамат сияктысын. талабын ешкашан да жогалмасын. саган енди өзине адал жар тапканын дурыс ко дейм ары карай өмирдин кызыгын бирге корсендер одан аскан кандай бакыт бар бауырым…
ulan
assalamugalaikum...JUREKTER ALLANY OILAUMEN TYNYWTALAD… SIZGE IMAN JETISPEITIN BOLAR…
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.