Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері

Сұрақ-Жауап сайты /
АйтаБер.kz сайтының қолданушылары! Бұл өлеңдер Сұрақ-Жауап сайтының қолданушыларынан. Онсызда бұлар СЖ Көрмесінде жарияланған болатын, енді сіздердің назарларыңызға ұсынамын.
( surak-zhauap.jimdo.com/ )

ӨЛЕҢДЕР ЖИНАҒЫ
СҰРАҚ-ЖАУАП! (Жұбатхан)
Береді бәріне де керек сабақ,
Артық емес айтылса да қанша мадақ.
Атақ-даңқы артып бүкіл елімізде
Белестерді бағындырсын Сұрақ-Жауап!

Қаншама сарп етілген ынта-талап?!
Үшінші орынды алды ел бағалап.
Гүлденсін, өркендесін, дами берсін
Жасай берсін, жасай берсін, Сұрақ-Жауап!

Сайтты ашқан админге таң қаламын.
(Қанша жанның алған екен сауабын?)
СЖ үшін мың сан еңбек сіңірді,
Көтерді ол шыңға Сұрақ — Жауабын!

Бас иемін сайтымыздың ДАҢҚЫНА!
Бас иемін Сұрақ-Жауап ХАЛҚЫНА!
Осыменен өлеңімді бітірдім
ТАБЫС тілеп СҰРАҚ-ЖАУАП САЙТЫНА!!!

Аяшы, ӨМІР! (Ақмарал)
Аяшы өмір…
Жан жүрегім өрт болды.
Жанарыма мұң артылған,
Көздеріме жас толды.
Үміт іздеп таң атқанда арманнан,
Қайран жүрек, шаршады ғой жалғаннан.
Аяшы өмір…
Сендік шындық елес қой,
Кеткен күнім оралмайды келмес қой.
Сынақтарың тым ауырлап кеткендей,
Адамдарға бағынбайтын белес қой.
Аяшы өмір…
Надандықтың саясында қалдырмай,
Сараңдардан ғибратты алдырмай.
Теңіз болып арнасында тағдырдың,
Жалғандықтан ақ кемені салдырмай.
АЯДЫМ-АЙ, АЯДЫМ… (Ақмарал)
Жол бойымен келе жатып кезіктім…
Бұл дүниенің көп жерлeрін кезіппін.
Деп отырған бір бай айтты біреуге,
Мен адамды қалауымша езіппін.
Деді-дағы байлығымен мақтанды,
Өткінші бір қиялымен шаттанды.
Бақыт-деген байлықтан тұрады деп,
Осы ұранды айтатынды жақтады.
Бай сөйледі:<<Менен мықты ешкім жоқ,
Болмаса да адалдығым, көңілім тоқ>>
Өкінішті мына жалған дүниеде,
Бұлай дейтін расыменде адам көп…
Тыңдап мұны ойланып тұңғиықтан,
Бұл өмірдің адамға сабағын-ай.
Адамдықты ту етіп жүре алмаған,
Пенделерді аядым, аядым-ай…
Дүниенің талай жерін көргенменен,
Көре алмаған өмірдің шын белесін.
Байлық қуып ұмытқан ғой расында…
Өтіп кетер бір-ақ күндік елесін…
Атқан таң да сабақ беріп адамға,
Жол көрсетер жаңа нұрлы қадамға.
Өткен күн де, келер күн де ойлантып,
Батқан күн де ой тастатар санаға.
Өтіп жатқан уақытқа есеп бермей
Ойланбайтын пенделер көп талай-ай,
Амал таппай мұндай іске шарасыз,
Іштей қатты аядым, аядым-ай.
БАҚЫТСЫЗ ЖАН (Айнұр)
Шаршадым мен бәрінен де жалықтым,
Көп ұзамай мәңгі ұйқыға кетемін.
Бақытты мен қолдан жасап алыппын
Шын мәнінде бақытсыз жан екенмін.
Тірі жан жоқ келгенменен хал сурап,
Жүрегімде жара жатыр қансырап.
Не мақсат жоқ жетелейтін арманға
Әрең жүрмін өз өзімді қамшылап,
Білмеймін, жындануға шақ қалдым ба,
Деп ойлаймын бақытсыз шақтарымда.
Қиындыққа қит етсе, шыдай алмай
Дайын тұрам о дүниеге аттануға.
ЖҰБАТХАННЫҢ «СҰРАҚ-ЖАУАП!» ӨЛЕҢІНЕ ПІКІР (Ақмарал)
Ақынға керек емес артық мақтау…
Өлеңнің әрбір сөзін айтып жақтау…
Қымбат оған тек қана адамдардың
Жүрегіне сол өлеңді мәңгі сақтау…
ҮЗІНДІЛЕР (Ақмарал)
Мұң менің жаныма еніп алған…
Күлкінің құшағынан кетіп қалғам…
Кім мені құтқарар бұл азаптан…
Өз жанымды күйдірер отқа салғам…
Өмірді қашан түсінер пенде…
Ей өлең келіп жүректі емде…
Қиын болса да өмірге келу
Кету дегенің,өкініш, демде…
Өзімді өзім өзгертем қалай?
Өлеңді бірақ өзгерттім талай…
Көрсетпей жүрек дегенін қанша
Шаршадым бүгін өткенді жамай…
ЖҰБАТХАННЫҢ ЖАУАБЫ (Жұбатхан)
Атқан таң да қуаныштан басталмайды,
Кейде арман-тілегің ақталмайды.
Кетеді шыдамды боп, төзе білсең
Жүректегі бар сызат, бастан қайғы.
Ажал деген барлығының шешімі емес,
Қайғы деген жан өлтірер кеселі емес.
Өлімді емес, ашық түсті өмірді ойла
Болашақпен өмір сүр, өткен елес.
Арманың да бақытыңнан жаралады,
Шын сүйгенің жан шипасы бола алады.
Қайғырып, еңсең қанша түскенімен
Тоқтамайды өмірдің аламаны.
Акоси қыз тек мұңнан жаралған ба?
Мен байғұс емін оның таба алғам ба?
Достарың бар көмектесер, жан достарың
Жол таба алмай тұңғиыққа қамалғанда.
ӨМІР (Айнұр)
Өмір деген теңіз ғой шалқыған,
Сол теңізде жүзе біл сен малқыған,
Өмір өзен біле біл сен, оны да
Армаңына жете білсең талпынған,
Өмірімнің сәні еді ғой сол кездер,
Қайта оралмас, сол бір кездер сол сәттер
Арманымның мәні еді ғой сол кездер,
Сол арманға жетер ме екем талпынған?..
Нұғман Әбілхайыровтың өлеңдері
ЖҮРЕКТЕ ЕСІМІҢ
Кештерде таң ұзақ сырласып,
Өткіздік талай күн әдемі.
Осындай күндерді ұмытып,
Таңдайсың қалай жат әлемді.
Көзімше жанымды жаралап,
Өзгеге создың қол әдейі.
Сол күні ауырған жүректің,
Табылмай келеді әлі емі.
Көнемін қайтемін таласып,
Тағдырдың сол болса бергені.
Ермеймін соңынан кектеніп,
Мен сендей емеспін белгілі.
Сеземін қатеңді түсініп,
Келерсің кешір деп бір күні.
Жүректе есімің шырқаулы,
Өшірме келмей тек бұл үнді.
ДҮНИЕҚОҢЫЗ БОЛМАҢДАР
Дүниеқоңыз болмаңдар,
Ақша жақтап.
Адал жолмен жүріңдер,
Иман сақтап.
Сыйластықпен өтіңдер,
Ғұмыр қысқа.
Пайда көздеп кетпеңдер,
Текке босқа.
Өмір ағын қалмаңдар
Құлап, жылап.
Сауап жина, ойлаңдар
Фәни сынақ.
МАХАББАТ
Ей Нұғман!
Болмайды махаббаттың бәрі жалған
Махаббат біреуге бақ, біреуге арман
Сүймегенге тек оны кінәлайсың,
Өзгергенсің сен соны байқамайсың.
Ей тағдыр!
Ғашықтарды айырмай бірге қалдыр,
Сезімдерін тұтатып лаулап жадыр.
Махаббаттың көлінде шалқи жүзсін,
Аққу болып бөлінбей бірге жүрсін.
Ей махаббат!
Орнатасың жүрекке кейде апат,
Жылатасың қара тікен қадап.
Қайғың мен қуанышың қатар жүрген,
Алланың сыйысың сен бізге берген.

Мынау енді картинкалар, көре кетіңіздер, + басарсыздар мүмкін)
Сұрақ-Жауап сайты: Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері
Сұрақ-Жауап сайты: Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері
Сұрақ-Жауап сайты: Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері
Сұрақ-Жауап сайты: Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері
Сұрақ-Жауап сайты: Сұрақ-Жауап сайты қолданушыларының өлеңдері

0 пікір

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.