Тәтті нан(булки) пісіру

Асыңыз дәмді болсын! /
Сәлеметсіздерме! Жаңа жылдарыңыз құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Бүгін інім екеуміз тәтті нан(булки) пісірдік.Сіздермен бөлісе отырайын.
Тәтті нан.

Керекті тағамдар:
1.Ұн- 4,5-5 кесе
2.Қант-3кесе
3.Жұмыртқа-3дана
4.Сүт- 3,2%-дық 1қорап
5.Ашытқы- 1шәй қасық
6.Қант ұнтағы
7.Мак-4-5шәй қасық
Ал, жұмысқа кірісеміз:
1.Алдымен сутті жылытып аламыз, сосын қантты қосып газдың устінде араластырамыз, сосын 2жұмыртқа қосамыз.
2.Сутті газдан аламыз, шамалы улкен ыдысқа құйып алып ұн мен ашытқы және макты қосып илейміз.Иленген қамырды жылы жерге 1,5-2сағатқа қоямыз.
3.Қамыр мынадай болып көтерілуі керек.

4.Сосын қамырды 4бөлікке бөлеміз.Мен 2бөлігін бүгін, қалған екеуін ертең пісеремін.
5.Қамырды жаямыз

6.Оны ұзын-ұзын етіп кесеміз.

7.Оны формасына келтіріп, ораймыз.Міне:
....
8.Табаны майлап аламыз да тәтті нанды тығыз орналастырамыз.

9.Кішкене ыдыс алып, жұмыртқаның сарысын ағынан айырып құямыз да үстіне 1ас қасық қант қосамыз.Сиропты тәтті нанның бетіне жағып қоямыз.

10.200градуста 30минут пісіреміз.Ескерту: алғашқы 15минутта пешті ашуға болмайды.

11.Міне, дайын болды!

12.Пештен алған бойда тәтті нанның бетіне қант ұнтағын сеткамен сеуіп шығамыз.

13.Енді шәймен іше беруге болады)Сау болыңыздар) Келесі дәмді аста көріскенше!

26 пікір

Korkem
Қолың дерт көрмесін! тамаша +1
calendula
Жақсы екен! Інің өзіңе ұқсайды екен)
Zevs
қандай күшті! дәмді көрінеді!
Korkem
Інің сүп-сүйкімді. Кенжелерің әлі дүние есігін ашпады ма? тіл-көзім тасқа)))
ardak1996
ой рахмет) тфа тфа) жоқ әлі асықпайды дуние есігін ашуға, 1-2ай бар-ау шамасы)
pari
ой жарайсың! Керемет жегім келіп кеттіғооооо)))) +1
Togzhan
Ооо, тамаша) Келер жолғы "үздік аспаз" номинациясын өзімше саған еншілеп қойдым ;-)
ardak1996
рахмет)бізге каникул болғаны ушін, кунде бірдеңелер пісіріп жүрмін, болмаса менде жалқаулың біреуімін.Оған әлі ерте)
Korkem
Ардақ, айналдым сол, тәтті наныңды қалай орауды да көрсете кеткенің жөн еді. Түсіне алмайтындар болуы мүмкін, келесі де ескерерсің.
ardak1996
ия бугін уйде інім екеуміз(қазір шаршап ұйықтап жатыр), ол жугермек әрнәрсені ұстай береді ас уйде, сосын тез орап-орап салып жіберіп едім.Ескеремін, міндетті түрде.Рахмет) Неғой Блогкэмпке бармағаныңызды естіідім өкінішті(
Korkem
иә, әрқайсың бір еске салып...(( Ештеңе етпес))) Не ғо, жүгермегі нес))))муахахах
pari
негізі жүгірмек деп айтқысы келген сияқты
Korkem
муахахахах, иә, мен 5 жастағы баламын ғооо))
ardak1996
Рахмет… Көркем апай суреттерді белгілегеніңізге)
ardak1996
ивааай мынау тузетілмейдіғой
ardak1996
Қалай орау керек екенін салдым)))
AKA
МашАллаһ, осындай өнерлі сіңлілердің бары төбемді көкке жеткенше қуантады ғой. Жарайсың, суреттерді дұрыс белгілепсің, авторлық құқықты ескеріп.
ardak1996
Рахмет, рахмет… Ал, суреттерді белгілеген Көркем апайғой)
qyrmyzy
ялта бересіңдер осылай керемет!Жеңгеңе үйретпесең болмайды, ағаң ренжитің болды
ardak1996
Рахмет.Уйретемін) ағам ренжімес
AKA
Дұрыс шықпай қалды менде, ашытқыны аз қосқанымнан не ұнды көп септім-ау :))

Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.