Балалық кезден базарлық))))

Асыңыз дәмді болсын! /
Әкем алманы иіскеп: «Бала кезде қарттар алманы неге иіскей береді екен деп ойлаушы ем, балалықтың иісі шығады екен...» дегені есімде. Алманы алып әрі иіскедім, бері иіскедім, әйтеуір кішкене кезімнің иісін сезбедім. Мүмкін сырты парафинмен жалатылған қытайдың «жылтыр» алмасы болғаннан соң болар, әлде менің балалық шағымның иісі басқа ма?
Мысалы, қант пен нан, кәдімгі нанды шекер қантқа батырып-батырып алып, көшеге ойнауға шығатын едік. Бірақ, бұл балалықтың иісі емес, дәміне келеді. Ауылда өскен балаларға иіс, дәм дегеннің талайы еске келетін шығар, «Жоқтық» заманда асфальтті көшелердің балаларында не дәм, не иіс болсын. Ең ең деген дәмді сол нан мен қант, одан кейін айда-жылда бауырсақ, одан қалса «хоум мэйд» «чупа чупстер», ал ең кереметі Алма-Қораз!!! Міне, сол нағыз балалықтың дәмі мен иісі.
Ол не және қалай жасалады деп ойлап отырсаңыздар, онда келесі жолдарға назар аударыңыз:)))
Кәдімгі сұйық май мен қант+тамаққа салатын бояғыш (біз онсыз ақ жасай беретінбіз, анығы мамаларымыз))) бәрін қосып, қоймалжың сұйықтық жасалады. Сол сұйықтыққа бір шетіне таяқша тығылған алма батырылады. Дәмдірек болу үшін бірнеше рет батыру керек. Сосын оны тоңазытқышта қатырып алады.
Қорытындысында мынандай болу керек:


Суретті мына жерден ұрлап алдым: nnm.ru/blogs/Ritamargot/yabloki_v_karameli/чупа чупстер

12 пікір

MSHERIMBEK
Мяяя, керемет! Кішкентай кезім есіме түсіп кетті. Базардан екеуін 5 теңгеге алатын едік қой:)
Jako
Бар, бірақ біреуі 100 тг тұрады.
Aizhan
Қайдаааааааааа? Бізде мүлдем көрмедім… Алар ем ))))
Aizhan
Рахмет))) айтпа, ностальжииии)
Jako
Таразға келсең майнына жәшігін арқалап сатып жүреді, көбінесе Президент атындағы саябақта.
Aizhan
hehe, jolym tusse mindetti turde baryp alarmyn :D
Tarazdan blogcampka keletinder jok pa eken :DDDD
QAZAQ
Өй, осындайды бет-ауыздары қып-қызып болып жеп жүретін еді со кездің балалары. Қазір бар ма дәл осындай пішінде?
Aizhan
Со кездің баласы болған да қызық… қазір кішкене сіңлілеріме қараймын, жоқ дегенді түсінбейді.
Togzhan
Иә, келісемін!
madlen
бар болса да, жемейді менің сіңлілерім. Мүлдем ештеме ұнамайды :(
madlen
Маған балалықты Чук и Гек, Тимур и его команда, Малахитовая шкатулка, Ер Төстік деген шығармалар есіме түсіреді екен… То есть керісінше, баладығымды ойласам, осылар есіме түседі)
Baha_07
Менің балалық шағымда ондай нәрсе болмаған сияқты ма… бірақ расымен біз қара нан мен сары майды, сосын оның үстіне шекер салғанға мәәәәәәәәәәәз боп жүре беретін едік қо… тіптен мектепке барғанда нан алып барып үзіліс кезінде жейтінбіз кл-мен бөлісіп… ай сағындырып жібердіңіз ғой сол бір балғын шақты… рахмет сізге!
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.