Мәзір: "Айтабер!" салаты

Асыңыз дәмді болсын! /
Уа, жамағат! Сәлем бердім иіліп. Асханада дүниеге келген мәзірлерімнің бірін қабыл алғайсыздар! Мен бастадым, сонымен…
1. ТАЗАЛЫҚ! Қолымызды 10-15 минуттай жуамыз жақсылап.
2. «Бисмилләәһир-рахмаанир-рахиим» деп, Аллаһтың атымен бастаймыз.
3. Алдымен мәзірмен таныс болайық.
Құрамы:
— 4 дана пісірілген картоп;
— 3 дана пісірілген жұмыртқа;
— 2 дана қияр;
— ананас;
— краб таяқшалары;
— 1 құты сары жүгері (1 банка кукуруза);
— бір шымшым тұз және майонез.




4. Алдымен, жоғарыда жазылған азық-түліктерді төртбұрыштап тураймыз, барлығының көлемі шамалас болуы керек.











5. Туралғандардың барлығын үлкен ыдысқа салып, жүгеріні қосып, жақсылап араластырамыз.







6. Соңғы қадамда майонез қосып, барлығының басын біріктіреміз. Мінекей, салат та дайын!



Пы.Сы. Бары осы, өте тез, сіңімді, бастысы пайдалы салат. Өздеріңіз де үй жағдайында жақындарыңызға дайындап көріңіздер, ұнайды деп сенемін. Тәрелкелерге әдемілеп салған сурет болмай қалД. Қайдан болсын?! Салатты көрген бойы, сол мезетте жоқ болды, суретке түсіріп те үлгермедім. Айтпақшы, салаттың атын ұмытып тұрмын, жаңадан жасап көргенмін. Сондықтан салаттың атын — «Айтабер!» деп қойсам ешкім ренжімес деп ойлаймын. Міндетті түрде жасап көріңіздер, тағы да әдемі мәзірлермен қуантуға сөз беремін. Астарыңыз дәмді, дастархандарыңыз берекелі болғай! Аман болыңыздар!

26 пікір

MSHERIMBEK
Урааааа! Рахмеееет! Асымыз дәмді болсын:) АКАға әдеттегідей үш камаз рахмет!
Korkem
Қолыңыз дерт көрмесін!!!
Moldir_96
Керемет салат екен, АКА! «Айта бер» салатын міндетті түрде жасап көремін) Рахмет сізге!
Aspan
Тәбетті шақыратындай екен, жарайсың. «Айтабер» деген кафе ашылса, осы посттың сілтемесін беру керек.
vkm
маладес, АКА! Жасаймын)
a63a1
Көзім тойды, өзімді тойдыратын жан барма ?)))
qusbegi
Қилекеңнен шешендік өнер сабақтарын алып жүрсің ба?:))
a63a1
Қилекең бір сөзге бір неше ойды стызғып айтады, миыңды езіп сығып айтады, қысқасы кейде қызық айтады кейде қызып айтады
calendula
Жақсы салат секілді. Ал, қолды 10-15 минут жуамыз деген тура маған айтылған екен. Мен солай ұзақ уақыт әрі көп жуамын қолымды.
ПыСы: крабты жей алмаймын((((((((((((
AKA
Крабтың дәмі аса қатты білінбейді, тек аздаған дәм беруші. :)
AKA
Ойдооойт, Мейіржан «Асыңыз дәмді болсын!» блогының модераторы болыпты, құтты болсын! :)))
as bolsin jaksi
beko
Жарандар? Келсеңіздерші, тауысатын болдым ғой… Бәріңіз келіңіздер…
AKA
Тойып жей беріңіз, тоңазытқышта бар, басқаларына да алып қалғанмын. :))))
beko
Маған ұқсаған екенсің айналайын… )) Дайындай бер онда, ыдыстарыңа салып. Мен Айтабершилерди шақырып келейін Қазнеттің түкпір түкпірінен…
AKA
Сөйтіңіз, мен самаурын қоя берейін. Келген соң ыстық шәй ішіп, қызықты жазбаларды айта берейік. ық-ық :))
QAZAQ
Оливия Оливье Масскоускаяның құрамы секілді екен салатың, бәлду-бәлду.
AKA
Түрі ұқсаса да, дәмі мүлде бөлек…
QAZAQ
Жүгері, ананас, краб таяқшаларының «кесірінен» ғой :-)
Jako
Қызыл, жасыл, сары...Құдай-ау мына салатың светафор ғой қарап тұрсам, дәмі керемет болар.
AKA
Жасап көріңіз немесе сүйікті жарыңызға осы мәзірдің жасалу жолын көрсетіңіз, дайындап берер. Ас болсын! :)
Qarakerey
краб таяқтары деген не? дәмі ашты емес пе?
AKA
Жоқ, ащы емес, салатқа қосқанда өзіндік ерекше дәмі бар.
erke_ky3
Мммм, менің сүйікті салатым :)
ereke_enu
Мынауың оливье ғой)))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.