«Ішейік»

Асыңыз дәмді болсын! /
Манасқа жасаған тамағымды салсам, өзіңе арнаймын дегенмін. Және осы көжені айтқанымда Кемел пост жаз деген болатын. Сіздерге арналады)
Ашыған (қара) көже дайындап жіберейік. Жазға таптырмас сусын.
Керек:
— Қарақұмық немесе сұлы, арпа (тары мен бұршақ емес тек)
— Ашытқыға айран

200-300 гр дәнді 4 л қайнап жатқан суға саламыз да жарты шай қасық тұз қосамыз.

5 минут қайнағаннан кейін суығанша қоямыз.

Сосын үстіне жарты литрдейащы айран құямыз. Ашытқы ретінде сүт саңыраулығын да пайдалануға болады.

Оны дәкеге орап көжеге салады.

Оп-оңай. Дәмді, пайдалы сусын үстелдеріңізде!

24 пікір

beko
Ох, керемет. Нағыз уақытында қойылған пост екен. Ай жарықтық, ашытқы керемет қой.
Ай, дайындау басыма түссе міндетті түрде осы постты іздейтін боламын.
Abylai
Оооо Сайколоджист жәрәйсің,ішсек ішейік.
banzaika1990
күнде литрлап салқындатылған неше түрлі сусындар ішкенше осыны жасап қойып шетінен сіміріп жүрсек әрі тиімді, әрі пайдалы болар еді ғой. Әй құнттамайтынымыз-ай осындайды
m170785
мына жаздың қытымыр ыстығында мұздатып ішсе керемет
MSHERIMBEK
неткен өнер десеңші;)
qyrmyzy
кімнің бағы екен а?
AL-ASTER
"Ішейік???". Постқа бекер дәметіп келіппін.
AKA
Күшті, мама ашытпа жасайды үйде, шөлің қанып ішесің, рахат! :))
torpedaip
мынаны таң азанда дайындап ішіп кетсек болады екен
makpal
Мен өткен среда күні сағат шамамен күндізгі 4 жарымдарда Саяның қолынан, я осы посттың иесі өзіміздің Саяның қолынан дәл осы ашыған көжені ішіп едім. Мамасының жасаған дәмді палауын суреттегі көжемен итеріп отырып соғып алдым.Мяя тілімді жұтам деп отқанымда Сая ұстап қалды. Айтпақшы, күні кеше пирожки істеватырм кел деп ед. Енді соның жасалуын салсаң қатып кетеді, досым!!!(жұртқа жайып салдың деп ұрыспашыыыыыыыыы, жанееееееееееееем)
followme_alik
Іштіөткізбеймекен?!)
Көрелік… рмт, Сая_)
Jako
Кола, фанта, спрайттарыңның бәрі жолда қалады,қайран ашымывқ…
Manas

Қайран, лимонад)))))))
qyrmyzy
Тақырып өрт! Анда ішейік, келіңдер:)
Chimaq
Damin tatqym kep ketti...))
Mamam kurishten jasap beretin bizge...)))
ereke_enu
"Ішейік" деп жаман естіледі екен)
Ayala
"Ішейік" деп жаман естіледі екен
күлдім
Ayala
мя жасап көру керек екен, мен күріштен пісіріп устіне шұбат құйып жасаймын… сенікі ерекше екен…
banzaika1990
сіздер жақта шұбат мол ғойдим иа
Ayala
яяя шукір бар ғой…
banzaika1990
күшті ғооой, біз жақта табу қиын
Ayala
сіз қай жақтан боласыз?өкінішті
alikona
біздің жақта бұны «көже» деп атаймыз,өзіме қатты ұнайды)
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.