Құймақтан жасалынған тәтті торт / Көркемге арналады

Асыңыз дәмді болсын! /
Кеше агентте Көркеммен әңгімелесіп отырып жақсы бір мәзір ұсынуын сұрадым, бір сілтеме берді.
Осы сілтемеде көрсетілген құймақтан жасалынған тәтті торты даярладым. Жасалу жолы сілтемеде көрсетілгендіктен оны қайта жазып жатпауды жөн көрдім. Клюкваның орнына қарақат тоспасын пайдаландым. Өте дәмді торт екен, жасап көруге кеңес беремін. Ал Көркемге алғысымды айтамын.

Cуреттер сөйлесін:
1. Құймақ дайындау




2. Ыдысқа салу үлгісі








3. Қарақат тосабы:




4. Ірімшік






5. Осы жерде нығыздап салу керк, менікі бостау болып қалды


6. Кесілген түрі


7. Дайын болған түрі


Астарыңыз дәмді болсын!

Пы/сы: Бүгін жұма. Тұтқан оразаларыңыз бен тілектеріңіз қабыл болсын. Амин!

16 пікір

MSHERIMBEK
Жатқан өнер екенсіз ғо:)
Zhanat
қолдан келері қыздарды сыйлау ғой біздікі)))
Korkem
ой рахмет! )))
Zhanat
майысқан түрден сол)))
qyrmyzy
болашақ Әйеліңіз неткен бақытты еді… Баяндамасаңыз, суретерді қабылдай алмай жатырмын.
Zhanat
Инш Алла бақытты етуге барымды саламын ғой))) сілтемені оқып шықсаң сонда толықтай баяндалған
Ais_97
Керемет жарайсыз Жанат аға, Көркем бір қуанып қалатыны сөзсіз!
Zhanat
оқасы жоқ. Бір қуанып емес екі қуанып, қуаныштан секіріп, жерге жатып аунаған шығар шашың шаңға үйкеп)))
followme_alik
Қолыңыз дерт көрмесін :)
mairosh
Не дейін басқалардың пікіріне қосылам брат(сызылып тұрған смайлик). Керемет шықты. ааа қашан қарындасына арнап шығарасыз?
Zhanat
қарындасы ағасына мәзір бергенде))
Zhanat
))))) әпкелердің алтын қолдарына жету қайда
pari
«Жігітке жеті өнерде аз» демекші, мынауыңыз тұнып тұрған өнерғо.Жігітке анадай қылып тамақ дайындау деген ерлік шығар.Жарайсыз, ағасы!
Zhassiko
Бәрінен де мына сурет ұнады,
қалай жасалынғанын да көрсетЖівермедіңіз ба, уу керемет, қолыңыз дерт көрмесін..)) Көркем риза бол..))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.