Тағам аты: «Ер адам дайындайтын, екі кісілік омлет немесе қуырылған жұмыртқа»

Асыңыз дәмді болсын! /
Кешірерсіздер, жоқ жерден менің де аспаздығым ұстап кетті, бір тағамның қалай дайындалатынын айтайын деп отырмын, Бір ерекшелігі бұл тек қана ер адамдарға арналған.

Сонымен, тағам аты: «Ер адам дайындаған, екі кісілік омлет немесе қуырылған жұмыртқа»

Ол былай дайындалады: Ас үйге кіріп, мұздатқышты ашып (мұздатқыш дегеніміз ас үйдің бір бұрышында тұратын ашылатын есігі бар шкаф тәрізді зат, бір ерекшелігі тоқ көзіне қыстырылады, сосын аздап ыңылдап дыбыс шығарады) ішінен жеті жұмыртқаны алып шығамыз (қолыңыздан түсіп кетіп жерге жарылған жұмыртқаларға мән бермеңіз, қалғандарын да жарып алуыңыз мүмкін), сонымен табаға (таба – конус формасындағы жалпақ ыдыс, көбіне тамақ пісіруге қолданылады, рас кейде оны да оқтау секілді суық қару ретінде пайдаланады) 0,09-1,6 мм деңгейін де май құйып, отқа аздап қыздырамыз, сосын жұмыртқаны жарып (ол енді өте үлкен өнер, қабырғаға немесе басыңызға ұрып жүрмеңіз) ыдыстың ернеуіне ұрып қалыңыз (сыртына шашыраған, жерге төгілгендерге қиналмаңыз, әлі артық төрт жұмыртқаңыз бар емес пе) екінші немесе үшінші мәрте қайталағанда жұмыртқаңыз ыдысыңыздың ішіне түсетін болса онда өзіңіздің аспаздық талантыңызға еш шүбә келтірмеңіз (Жігіттер!!! білесіңдер ғой әрбір іске нық сеніммен кірісу керек). Сосын қалауыңызға байланысты 237 ден 347 түйіршікке дейін ас тұзын салу керек (Ас тұзы (натрий хлорид, NaCl) ас үйдің бір жерінде тұратын ақшыл ұнтақ, негізінен ас үйде оған ұқсас заттар көп болады, шатастырып алмаңыз, мысалы: қант, ас содасы т.б.).
Енді ең күрделі жеріне келдік: Оның пісу уақыты, (оны ешқандай ақыл-оймен, қазіргі жетіп отырған ғылыми-техникалық жетістіктермен білу мүмкін емес) оны дәл білу үшін әйел адам немесе ерекше жаратылған (көріпкел, ғарышпен байланысатын, экстрасенс немесе көне мая тайпасының білімін меңгерген) тіршілік иесі болу керек. Ғайыптан тайып уақытын дәл біліп (немесе күйіп кеткеннен кейін) өшірдіңіз делік, енді қалаған адамыңызды шақырып, асыңызды жей берулеріңізге болады.
Сіздің осыншама тырысқаныңызды көріп шақырған адамыңыз сіздің еңбегіңізді бағалайды ғой деп сенемін (әңгіме көңілде ғой) Астарыңыз дәмді болсын!!! (ерінбей-жалықпай аяғына дейін оқып шыққаныңызға рахмет)

Жалғасы бар: келесіде қызанақты (помидор) қалай турау керек екені туралы өте жақсы өте жақсы кеңес беріледі (қапы қалып жүрмеңіздер)

38 пікір

MSHERIMBEK
Оибаааай, оибаааааааай! Ішім-ай:) Біраз болған еді мынадай пост оқымағалы:) Жігіттер үшін жақсы екен. Әрі тағам, әрі асхана анықтамалығы) Жаза түс автор, жаза түс:)))
Abylai
)))))))))) (көркемнің бір смайлигин ұрлап алдым)

вввдаблюдаблюдаблю қатырып жазыпсың ))) бүндай да өнерің бар ма еді ))) расында құпия адам екенсің )))
Jako
Маке тамаша, респект саған!
Togzhan
Күшті жазылған, күлмеске болмайды, рахмет)))
dimash
хехех))) сізден керемет көркем сөз суретшісі шығады екен! нақты өмірдегідей жазғаныңыз күлкілі болды))) шынында солай болады ғой жігіттердің асханада бітіретіні))))) жұмыртқаны міндетті түрді сыртына ағызып тұрып жаратыны)) одан газ плитаның үсті бүлінеді))) бірақ жұмыртқаға тұз салудың қажеті жоқ, онсыз да дәмді ғой, тұз тез қартаюға себеп болады. Қызанақ жайлы постыңызды асыға күтудемін)))
Tyerbol94
Кімнің дәлелін және кімнен естігеніңізді жазып жүрсіз? Бұнымен 1-ші емес, 2-ші рет жазып жатқаныңызды байқадым. Ондай сандырақты көңіліңізге қатты алып тұзды да тағамға қоспау мүмкін емес қой. Әйтеуір ет жемейтін, яғни вегетарианец құсап ет жеуге де болмайды, ол да адамды тез қартайды деп жүрмеңіз…
dimash
аха сосын нан мен су ішуге де болмайды
Abylai
мен дәл қазір жұмыста печенье жеп отырмын, не согрешил ли я?
ardak1996
VVVWWW ағай мынадай өнеріңіз бар екен.Тамаша сөз саптауыңызға айтар сөзім жоқ.Әрбір сөзіңіз ойластырып жазылған…
Moldir_96
кейде оны (табаны) да оқтау секілді суық қару ретінде пайдаланады
қабырғаға немесе басыңызға ұрып жүрмеңіз
ой, бір күліп алдым ғой! Сізге көп-көп рахмет!))
237 ден 347 түйіршікке дейін ас тұзын салу керек
түйіршіктерді санамаған боларсыз?!)))
Baha_07
Қандай дәлдік бұл))) Әр мм-не дейн, тіптен түціршікке дейн есептеу… аспаз болсаңызшы...)))
AKA
348 ас тұзы түйіршігін салсам, ащы болып кете ме сонда?! Сауатты, өте сауатты жазады екенсіз!
Delfina
Бір жұмыртқа болса да, ерінбей оқып шығуға тұрарлықтай екен. Жарайсың!
calendula
Қызанақты қалай турау керктігі жайлы постты күтівотырм)))
PycJIaH
Қызықты кеңес!!! Авторға құрмет!!!
Қызанақты қалай турау керектігі туралы кеңесіңді асыға күтеміз:))
mairosh
тұзынның түйіршіктері аз болып қалған жоқ па ))))))) керемет екен. Мен жұмыртқа пісірудің керемет әдісің білем тапаға жұмытқа қуырылып жатқанда оның астын (жер жыртқан айырдай) сәл тырналап ауа кіргізіп тұрсаң үсті де асты да біп бірдей юоп қуырылад. әрі сарысы мен ағы араласпай +1
calendula
Оны барлығы да біледі!)))
mairosh
Әркім өз ойына жауап берсің бұл жерде
calendula
Әркім өз ойына жауап берсің бұл жерде

дегеннің еш сөйлемге немесе сөзге байланысқанын көріп тұрғаным жоқ. Немесе Қарасақал айтпақшы «Барлық қазақтың атынан сөйлеме» деп шықсаң болар еді бұқақаққақа
dimash
«Барлық қазақтың атынан сөйлеме»
calendula
Бұқақақақақа
VVVWWW
Айырмен дейсіз бе, жер жыртатын? Айыр тауып алып (жер жыртатын) тырмалайын деп ойлап едім, білмеймін айырым үлкен бе, әлде табам кішкентай ма, сыйғыза алмадым табама?
mairosh
Зоооқ түсіңбедіңіз мен мысал ретінде айттым оны «айырмен жер жыртқандай шанышқымен (вилка)жұмыртқаның бетің сәл тырналасаңыз ауа кірсе болды болды
calendula
Айырмен жыр жыртады дегенді естімеппін де, көрмеппін де. Біздің жақта айырды (бесақа дейді біз жақта) малға шөп салған кезде қолданады!
qyrmyzy
жұмыртқа жегім келіп отқаны…
Korkem
муахахааа не кедергі?
qyrmyzy
жалқаулық кедергі
MSHERIMBEK
Құдааай, не дейсің Қырмызы?
qyrmyzy
ештеңе, жеп алдым жұмыртқа
qyrmyzy
жүрмейтін жерде жүреді екенсің
followme_alik
Қызанақ туралы шықты ма?
alikona
ойбу,қызанақ туралы жазба жазам деп талай адамның құлағына іліп кетіпсіз ғо((
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.