Аңшы грилі.

Асыңыз дәмді болсын! /
Мен сіздерге аңшылардың құс атуға барғанда, оңай дайындайтын өзім « Аңшы грилі»-деп ат қойған тағам түрімен таныстырғым келеді. Өкінішке орай суреттерін сала алмаймын, қолымда дайын сурет болмай тұр. Биыл күзде құсқа шықсам міндетті түрде суреттерін түсіремін. Сонымен бұл дайындалуы өте оңай, дәмі жеген адамның аузынан кетпейтін тағам, енді ол жақта тіс басытқы. Алғаш құстардың ішінен бір ірі қазды таңдап аламыз да, бауыздап қанын тазалап сорғытып ағызамыз. Жүнін жұлмаймыз, кәдігімгі грил құсатып арт жағынан тілеміз дағы,ішқұрылысынан тазартып алып, жуамыз да ішіне кесек туралған картоп, бір-екі бас ортасынан бөлінген пияз, басқа да приправаларымызды саламыз. Айтпақшы бұлардан бұрын құсты іш жағыгнан тұзбен сылап тұздаймыз. Сонан соң тілген жерімізді шыбықпен шаншып тігеміз дағы көл табанындағы балшықпенен 1 см – дей қалыңдықта сыбаймыз. Жерден күрек бойы ошақ қазамыз жағы ішіне шоқ түсіріп сыланған құсты саламыз да үстіне отын тастап маздатып жаға береміз. Бұл жерде құсымыздың тұрі домалақ лай кесек сияқты болып қалады,қанша жақсаң да күйіп кетпейді, әлде біз күйюге жібермейміз – ау деймін. Лай қышқа айналып сарғыш тартқанда шоқтан шығарып салқындатамыз. Қол күймейтін болғанда сыртын сындырып алып тастаймыз, тауықтың қауырсындары кесекпен бірге аршылып таза еті қалады. Ар жағы дело техники.
P.S. Бұл жерде гигена жағын шыли қозғамаймыз, себебі біз аңда жүрміз. Келесіде аңшылықтағы кауап туралы жазармын.

33 пікір

m170785
тамаша аға. Күтеміз. таңдай қақтырарлық екен ағасы. аузымыздан суымыз ағып, оқып, бір дәмін көргім келіп кетті ))
Zhanat
суреттегі көкталды жасап көрдіңізбе аға? Құрдың етімен жасалынама? біз жақта күзде құр ату басталады, сонда жасап көретін
Jako
Жанат.көкталды өзім жасаудың сәті түспеді, бірақ бір «Охота»-деген анда-сан.да жиналатын кафеміз бар, сол жерде балықтан жасағанының дәмін татып тұрамыз. Мына мен жазған рецепт құрға тамаша болады, ең бастысы лай болса болды.
Zhanat
жасап көріңіз дегім келеді, өзің қолмен жасаған дәмді шығады
Jako
Міндетті түрде жасап көремін де, қалай болғанын жазамын.
Zhanat
мына жерде менім жасаған нұсқам
Korkem
Ох, естімеген елде көп, арман шығар мынау біз секілділерге
Zhanat
армандар орындалады, осыны ұмытпа
Jako
Көркем істелуі ең оңай тағамдар түріне жатады.Жанат ауылына шақырса, сен барсаң несі арман.
Zhanat
Аға сіз ертіп келесіз ғой деймін, мен шақырудай ақ шақырамын, апамның шашуынан қорқама білмеймін)))
Jako
Шақыруың келіспей жүрген болар)))
Yasin
Алла жазса күзге қарай Жакеңе қонаққа барып аңшылыққа шығып келсем бе деп жүрмін
Jako
Ясин, Алла ниетке жеткізсін!..
ereke_enu
Сурерттер болғанда зор болушы еді
Jako
Аңға шыққанда Айтаберді де ұмытып кетеміз ғой, болмаса телефонға түсіріп алуға да болар еді.
Azamat
Аңшылықты жақсы көремін, бірақ әлі күнге дейін жол түсіп охотаға шықпаппын! Эх табиғатта жеген тағамның дәмі ерекшеғой)
Jako
Ол енді ерекше ғой, күйенің өзі тәтті болып кететін кездер де болады.
Kan
Тәтті болар сірә
kema
massagan, Aga tamasha))) Azdap sirnege uksai ma?! Akemiz aityp otyrushy edi, kezinde tau eshkishin atyp ap kalai sirne jasaitynyn))) Azdap sogan uksattym ba?! TAMASHA))) Sizben omirimde bolmaganda bir ret anga shyguga jazsynshy))) armandap kettim
Jako
Ұқсауы заңдылық Кеме, адам сыртта жүргенде қолда барымен, фантазиясына сүйеніп әр-нәрсені жасай береді.Мысалы балықшылар да осылай балықты пісіреді екен, бірақ мен пісіріп көріп едім жандырып алдым)) Ал сен айтқан сірнені бізде басқаша дайындайды-ау деймін.
qyrmyzy
Сол, күздегі бір демалыста бару керек сияқты ма…
m170785
бір жиналып бару керек сияқты
qyrmyzy
Керемет! Күзде сіздің жақта жиналмасақ болмайын деп тұр-ау:)
Jako
Менде қарсылық жоқ қой қашанда.
m170785
айтаберліктермен бір жасап бір жиналып бару керек ағасы, көріп, үйреніп, мауқымызды басар
ardak1996
Жігіттерге жақсы болды-ау. Негізі қаладан сыртқа шыққанда жігіттердің тамақ әзірлегенін жақсы көремін.
Жако ағай сізден өтінішім бар еді: «Тасаттық» туралы пост жазасыз ба? толық ақпарат білгім келеді.
Jako
Уақыттың ыңғайын келтіремін де, міндеттітүрде жазакмын, Ардақ.
Zhanat
Жако ағай осы пост шыққанан бері менім ойымнан кетпей жүр бұл мәзір,құрға шығуға әлі ерте. кешелі бері ойлап, сізден бір сұрағым бар, осы мәзірге үй тауығын пайдаланып көрсе қалай болады?
Jako
Неге болмасын Жанат, болады, бірақ даладағыдай болар ма екен?
Zhanat
үй тауығын далаға апарып жасаймыз ғой, перегонда жүргенде
Zhanat
Аға мына мәзірінің үщін ПЧ-38 жігіттерінің атынан үлкен рахмет. Керемет жақсы тамақ болады екен, біз жасадық
Jako
ПЧ-ның жігіттері де жол бойына көп шығады ғой, ұнаса болды.
Zhanat
ең жақсы жағы суы тартылып калдыма күйіп кетпеді ме деп алағдатпайтын тамақ екен, отты үйіп жағасыңда алаңдамай жұмысыңды жасай береді екенсің
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.