Қыстың қамын жаз ойла

Асыңыз дәмді болсын! /
Қызанақ томатты согы

Қызанақ — жаз мезгілінде жиі пайдаланылатын, кез келгеннің дастарханынан орын алатын көкөністің бірі.

Біздің отбасының палау тағамымен қосып ішетін таптырмас та, сүйікті сусыны. Қыс басталғаннан көктем аяғына дейінгі кез келген мейрамда, әсіресе туылған күндердегі негізгі ас палау болса, онымен міндетті түрде ашылатын осы томат согы. Ерекше дәм мен табиғилыққа, дәруменге бай осы бір оңай жаппамен бөлісе отырайын.

Әдеттегідей қызанақ өз бақшамыздан терілді. Аптасына бір рет 9-10 шелек (сыйымдылығы 10 л) қызанақ теріледі. Терілген қызанақтар:



Қызанақтарды екі қайтара жуып, өзегінет тазалаймыз:


Дәл осы қалпында 3 немесе 4.ке бөлеміз:


Дайын болған қызанақтарды арнайы соковыжималкадан немесе асханалық комбайннан өткізіп, шырынын аламыз:




Дайын болған шырынды алдымен қайнағанша қатты, қайнаған соң баяу отта бүлкілдетіп, шамамен 4-5 сағаттай қайнатамыз. Құрамына ешнарсе қосылмайды (қаласаңыз тұз қосуға болады, бірақ тұз — сорыңызды қайнатуы мүмкін).


Шырын дайын боламын дегенше банкілерді тазалап жуып, кептіріп қойыңыз. Дайын болғаннан кейін Банкілерді залалсыздандырамыз, яғни булаймыз. Ол микробтарды өлтірумен қатар ыстық шырын құйғанда сынбауы үшін керек:

Осы аралықта қалпақтарды ыстық суға салып қоямыз:

Буланған банкаға дайын шырындарды құямыз:


Банка бетіндегі көбіктерді қасықпен алып тастау керек (банка ішінде ауа қалмағаны керек):

Енді қалпағын жапқан күйі 5 минутқа қоя тұрған жөн:


Одан кейін майлықпен ұстап айналдыра қозғаймыз, ішіндегі ауа шығуы үшін:

Банка жабу:

Жауып болғаннан соң, мінсіз екенін тексеру үшін қалпақ астына қараймыз (қалпақ түбінде резеңкесі шығып тұруы керек):

Жабылған банкілерді салқын жерге бір күн бойына төңкеріп қоямыз:


Ескерту: Төңкерілген банкілерді бірден салқын жерге қоймау керек, бірте-бірте салқындатқан жөн.

Қызанақ және оның шырыны денсаулыққа пайдалы көрінеді. Қызанақтың құрамында ликопин деп аталатын пигмент болады. Ол қызанаққа қызыл түсті рең береді. Ал қызаназты жеген адамның ағзасының жақсы жұмыс істеуі үшін бірнеше түрплі пайдалы әсер береді және антоксидант қызметін атқарады. Көптеген ауруларға ем дейді гугл шырақ.

Сондай-ақ, ликопин басқа пигменттер сияқты қайнатқанда немесе пісіргенде жоғалып кетпей, керісінше, арта түсетін көрінеді. Ағзаға өте пайдалы екен, рубин күніңіз қараң ғой, у іш)

Пы/сы: Өрік, алхоры, алма тосаптарын түсіріп салуға жаз айының басында қол тиген жоқ, есесіне менен басқалар бөлісті. Әне-міне дегенше болмай-ақ қыс келеді қылышын сүйреп. Қысқа пайдалы-ау деген "қамдарыңызбен" бөлісе отырайық, достар. Алдағы күнде де денсаулыққа пайдалы-ау деген қызанақтың неше түрлі жаппасымен бөлісетін боламын.

61 пікір

Менде істеп көрмесем жақсы екен көп-көп рахмет саған Көркем
Korkem
дем арасында оқып тастадың ба?
qyrmyzy
Негізі алғашқы пікірді басқа кісі жазуы тиіс еді…
pari
мүмкін қыз шығар жазып отқан
qyrmyzy
20ның бірі ме?
qyrmyzy
20ның бірі ме?
pari
еш өтпи қалды Қыреке
kozy
үйленсем өкінбейді екем, сол күні неге трз болғам — деппа
Korkem
прям көлеңкем болдың ғҰәәә
qyrmyzy
жас өміріңді аядым, әйтпесе…
йа оқып тастадым
Ais_97
Жарайсың Көркемии!
pari
ӨӨӨООО Көркем апа жарайсыз, қолыңыздан бәрі келеді екен. Менің анамда жабатын. Неғо қызанақтар тым уақ емес пе? Анам жауып қоятын кейде жапқан банкалар атылып кететін. Неліктен банканың ауызы атылып кетеді?
banzaika1990
Меніңше ішінде ауа қалып қойса атылып кетеді, сол үшін ғой төңкеріп қоятыны. Және қызанақ дұрыс тазаланбаса бұзылып кетеді
AKA
Қызанақтан тосап та әзірлейді екен. Осыдан 1-2 жыл бұрын апам жіберген, жей алмадым өзім. Салат, приправа ретінде ғана қолданғасын ба, әйтеуір біртүрлі көрінді. Сосын қызанақ согын да іше алмаймын, дүкенде сататын ше, пайдалы екенін білемін. Есесіне тұз сеуіп жақсы жеймін.
qyrmyzy
томатный сокқа тұз қосып жібер. Негізі, өтеее пайдалы
AKA
Тәтті дәмі бар ма сондай, дүкендегіні аааааааз ғана ішемін, үйдегілер жақсы ішеД.
Korkem
АКА-ау дүкендегімен салыстырғанда арасы жер мен көктей болғандықтан жазып ем))) Жалпы, осының дәмінен татарыңа күмәнің болмасын сенің
qyrmyzy
Біз мынадайдың ішіне болгар бұрышын, қызыл/көк қызанақ, огурцы қосжівереміз. Кучт болады. Чеснок, бұрыш, лавровый лист… мммм, дәмді болады. Кешке палау жасаймын-ау...
AKA
Уот, бізде де солай, араластырғанда приправа болады ащы. Күшті ол, аппетит ашады.
qyrmyzy
асханалық комбайн © дей ме мамаға әперу керек екен. Соковыжималка түк нетпид. Қарбыздың согын ғана жасай алады. Ет тартатын немен жасаймыз өліп-талып
AKA
Біз де ет тартқышпен, комбайнның қымбат болса да, тәуірін алмасаң, ертең түкке жарамай қалады арзандары.
zhomart
Палауды сағындым
Korkem
аха, онысыда бар. Бірақ бірінші кезекте бізде осылай жабылады)))
didi0393
біз үйде помидордан аджика" по казахский " жасаймыз! бірақ кыска дейін калмайд, сразу жок боп кетед))))))))))))
AKA
didi0393
сізде тоже «ащыны» ұнатамысыз?
AKA
Найт мөлшерімен!
Ademi
анда-санда сағынысып көріспесек ащымен, былай пияз да жемейді екем…
didi0393
жоға бізде аджиканы ащы деп айтады. қытайский сиякты ащы емес біздің жасағанымыз, ащылығы бер жағығо кытайдкнен))))))
Ademi
аузымның суы құрып кетті ғой. Былай-былай келісіп нетсек қайтеді??
didi0393
дауай дауай)
kozy
қайдам, шымкент жақта ондай емес))) сақтайды ғой, қыстыкін қысқа қалдырады
Zhanat
біз жақта мұны кобоа деп атайды))) баклашкаларға кұйып орыстың апалары сатып отырады үйлердің бұрышында
banzaika1990
кобра)))))))) керемет дәмді. ауылда жасайтынбыз
mairosh
Көркем еріңбейсін ау))) тууу суреткеде түсіріп жасапта үлгересіз иә)))) әйййй саған әңгіме жоқ қой))
qyrmyzy
поштамды оқи сала жүгіріп келдім, не болды? Анаяқа барайық
Korkem
жалғыз өзім еменс мамам екеуміз істедік ғҰәәә)))
AL-ASTER
Ерте кезден өстіп дайындап тастау туралы идея келсе басыма, әрине бірінші орында «вино!» келеді екен.
Қысқа дейін қаншомааа уақыт бар, мен болсам ашып жеп тастар едім. "Қысқа дейін қанша уақыт бар әлі" деп

Тілек тілегенде, Көркем мен Аканың қолын берсін дер едім :)
qyrmyzy

ес че, уино нетіватсаң айтарсың…
келінге обал-ау, сені қысқа дейін жеп бітірмесін деп подвал бар ма, диван бар ма… бәрінің астын банкілеумен өткізеді екен бүкіл жаз бен күзін
banzaika1990
жабылған банкілер біраз уақыт тұрмаса бірден жей салған дәмсіз ғой. компот та солай
Zhanat
ана 10банканың біреуі 26 сағат поезда шыдай ма?)))
Korkem
шыдайды, шыдайды. Ондан бөлек біреуін Шымкенттік Айтаберлер үшін ата педім, қосып жазуға ұялдым)))
Zhanat
ертең онда Шымкентке пропискаға отыруға барамын)))
qyrmyzy
Қыста Шымкенттен Алматыға көтеріп келгем
Zhanat
менде алып қайтам Шымкентен Шығысқа
qyrmyzy
сөйтіңіз, қалауын тапса, қар да жанар©
banzaika1990
Тамашааааааа. Бақшаларыңызда қоңыр, сары қызанақтар бар ма????
ardak1996
Осы жазда біз тек икра, варенье жаптық. Аджика жабуға қолымыз тимеп еді… Ах, өкініп отырмын
ardak1996
Біздің уйдің аджикалары қоя болады) Осы жазда тек икра, аджикадан 5-6 банкы жаптық, қысқа дейін жетсе) Рахмет. МАмама көрсетемін, мына түрін)
zilola
кеше икра жаптық, бірақ оны мамам жасаған соң суретке түсіріп осында салуға ұялдым ))
ardak1996
мен мам дайындап жатырса суретке тусіруге қорқам, ұрса беред тамаққа түсіресін осы фотоаппаратыңды деп))
zilola
сәбізі мен пиязын аршып, турап, огородтан болгар бұрышын жинап әкеліп, жуып-тазалап, турап бергенім болмаса дым бітіргенім жоқ. Сондықтан да өзім жасағандай сұрақтарға жауап беруге бетім бармай отыр ))
Тек тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады.